Конституция Атазаң дегеніміз не - Тарих - Слайдтар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Слайдтар » Тарих

Конституция Атазаң дегеніміз не
[ Скачать с сервера (67.9Kb) ] 15.12.2014, 09:37

           Конституция

Конституционализм

Конституциялық кеңес

Конституциялық сот

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Конституция құрылымы

  Заң

Конституция дегеніміз не?

 Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып  табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ.

 Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

  Арменияның, Әзірбайжанның, Литваның, Тәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.

1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған

 Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.

 

ФАЙЛДЫҢ ІШІНДЕ ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ КЕСТЕМЕН ЖАҚСЫЛАП КӨРСЕТІЛІНГЕН

Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды.

Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады.

Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, КолумбияныңКонституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: не, дегеніміз, конституция, Атазаң
Просмотров: 1097 | Загрузок: 203 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar