XVI - XVIII ғасырлардағы Қазақ халқының рухани мәдениеті Слайд - Тарих - Слайдтар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Слайдтар » Тарих

XVI - XVIII ғасырлардағы Қазақ халқының рухани мәдениеті Слайд
[ Скачать с сервера (584.5Kb) ] 31.10.2014, 23:29

Қазақ халқының XVIII ғасырдағы мәдениеті өткен дәуірдің мәдениетімен, оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланыста болды. Сонымен қатар бұл кезде онда жаңа құбылыстар да бой көрсетті. Халықтық мәдениет пен феодал - байлар мәдениеті арасындағы қайшылық айқынырақ білінді, рас, ол әлеуметтік-экономикалық жағынан неғұрлым дамыған мемлекеттер мәдениетіндегідей онша айқын көрінетін нысандар ала қойған жоқ еді. XVIII ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқайсысының шығармашылығы, олар өмір сүрген уақыт белгісіз дерлік еді. Сыпыра жырау, Шалкиіз жырау және басқалар шежірелерде, аңыз-әңгімелер мен эпостарда ғана аталады, бірақ олардың өмірі мен шығармашылығы жайлы нақты деректерді біз білмейміз. Тек XVІII ғасырдың орта кезіңен, қазақ жерінің едәуір бөлігі Ресейге қосылған кезден бастап орыстың ғалымдары мен казақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар, импровизатор-әншілер, жыршылар туралы деректер жинап, олар шығарған өлендер мен жырлардың текстерін жинауды қолға алған. Ақындар мен жыршылардың кейбіреулері шығармаларын өздері жазып алып отырған. Соның арқасында олардың өлеңдерінің түпнұсқа текстері сақталып қалған.

Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: XVI, ғасырлардағы, халқының, слайд, Қазақ, Мәдениеті, рухани, XVIII
Просмотров: 1990 | Загрузок: 356 | Рейтинг: 1.3/3
Всего комментариев: 0
avatar