Оқу құралдары - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Оқу құралдары
[ Скачать с сервера (33.3Kb) ] 04.07.2015, 17:17
Маженова Сара Булаевна.
Орыс сыныбындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: тақырыпқа байланысты тірек - сөздерді естеріне түсіру; білімін тереңдету.
Дамытушылық: сөздерді және сөйлемдерді дұрыс оқып, мағынасын ұғына білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқу құралдарына ұқыпты қарауға,таза ұстау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң Алтын күн!
Қайырлы таң көк аспан
Қайырлы таң қонақтар!
1.1. Ой шақыру.
сұрақтар:
1. Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
2. Бүгін неше сабақ болады?
3. Бірінші сабақ қандай?
4. Төртінші сабақ қандай?
5. Сыныпта неше оқушы бар?
1.2. Үй тапсырмасын тексеру.
II. Жаңа сабақ.
2.1. Топтық жұмыс.
Сыныпты үш топқа бөліп, тапсырмалар беру.
1-топ оқу құралдарының аттарын;
2-топ пәндердің атауын;
3-топ сыныпта бар заттардың атын атайды.
2.2. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Үшінші деңгей.
а) Сөмкелеріндегі оқу құралдарының аттарын атату, жазғызу.
Дәптер, қалам, қарындаш, сызғыштар, оқулық, қаламсауыт, күнделік.
ә) Аталған сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру.
Қазақ тілі дәптері, менің қаламым, түрлі түсті қарындаштар, ұзын сызғыш, математика оқулығы, әдемі қаламсауыт, оқушының күнделігі.
б) Кітаптағы жаттығуларды (1,5-жаттығу) оқып танысқаннан кейін өтілген жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.
Тірек сөздер: нешінші сыныпта, оқу жылы, 1 қыркүйек - Білім күні. Екінші деңгей.
а) Оқулықтағы 2-жаттығуға берілген жұмбақтар шешіледі.
Ортасында «шегесі»,
Жіп-жіңішке денесі.
(Қарындаш)
Із қалдырып үнемі
Тұмсығымен жүреді.
(Қалам)
Қабат-қабат ақ тақыр
Қатар-қатар жол жатыр.
(Дәптер)
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.

ә) Жұмбақ жауаптарын қатыстырып, сөйлемдер құрастырту.
Мысалы: 1. Дәптер партада жатыр. 2. Бала қарындашпен сурет салды. 3. Әлия Қанатқа қалам берді.
б) Диалогты оқытып, өзара жалғастырту.
Ойын .
-Мына сөздерді білесіздер ме?
ә д п е р т
а л а м қ
к ү н д е л і к
і т а п к

Бірінші деңгей.
а) «Мозаика» оқыта үйрету ойынын ұйымдастыру.
1-жаттығу . Оқушы берілген сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемдерді қалпына келтіреді. Осылайша барлық сөйлем дұрыс құрастырылып, тақтаға жазылады. Ендігі кезекте оқушылар сол сөйлемдерді мағынасына қарай нөмірлеп, мәтін құрастырады.
ә) Құрастырылған мәтінді толық оқытып, мазмұнын айтқызу.
Айша мектепке келді. Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Бірінші сабақ - қазақ тілі болды. Оқушылар жаттығуды оқыды. Айша өлең оқыды.
III. Сабақты қорытындылау.
3.1. Бекіту.
5-жаттығу. Орны ауысқан сөйлемдерді ретімен қойып, мәтін құрастыру.
IV. Үйге тапсырма беру.
4-жаттығуда берілген диалогты оқып, сөйлесуге жаттығу.

Сабақтың тақырыбы: Біздің мектеп.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен дұрыс жазылуын меңгерту.
Дамытушылық: сөздік қорын байыту; ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру; лексикалық тақырып бойынша сөйлеу дағдысын калыптастыру.
Тәрбиелік: білім ордасын құрметтеуге тәрбиелеу, білім алуға құлшынысын арттыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң Алтын күн!
Қайырлы таң көк аспан
Қайырлы таң қонақтар!

1.1. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.
Сөздікте берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып, өзара ауызекі қарым-қатынас орнату.
Жіберілген қателерді оқушылардың өздеріне (мұғалім көмегімен) түзеттіру.
1.2. Ой шақыру.
(Мұғалім оқушылар білетін сөздер мен сөз тіркестерін пайдала-нып, сұрақтар қояды).
1. Балалар, сендер қайда оқысыңдар?
2. Мектепте балалар не істейді?
3. Білім не үшін керек?
II. Жана сабақ.
2.1. Сөздік жұмысы.
барлық - во всех
білім ордасы - очаг знаний
биыл - в этом году
Қош келдіңіздер! - Добро пожаловать!
Жаңа сөздерді меңгертуге арналған жұмыс түрлері:
• Жаңа сөздерді сөздік дәптерге көшіріп жазғызу.
• Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
Сөз - сөз тіркесі - сөйлем.
Үлгі: Барлық адамдар, үлкен білім ордасы, биік ғимарат.
1. Биыл мен музыка мектебіне барамын.
2. Мектепке қош келдіңіздер!
3. Барлық адамдар білім ордасына барады.
2.2. Мәтінмен жұмыс. (1-жаттығу). Мәтінді түсініп оқу.
Мәтін мазмұны бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті.
Біз өнерлі баламыз.
Шырқатып ән саламыз.
Би билейміз бұралып.
Доспыз, тату боламыз.
2.3. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Үшінші деңгей.
а) Сурет бойынша жұмыс.
Суретте нелер және кімдер бейнеленген?
ә) 4-жаттығуды орындату. Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциясына мән беру. Екінші деңгей.
а) 2-жаттығуды орындату.
ә) Суретпен жұмыс: сурет бойынша бірнеше сөйлемдер құрастыру. Бірінші деңгей.
а) Мәтін бойынша қосымша сұрақтар құрастыру.
Үлгі:
1. Не басталды?
2. Оқушылар қайда келді?
3. Сен нешінші сыныпта оқысың?
4. Оқу саған ұнай ма?
5. Мынау қандай мектеп?
ә) Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.
Мынау - мектеп. Ол үлкен, әдемі. Мектептің ауласы кең. Мектеп¬ке балалар келе жатыр. Мектеп артында биік ғимараттар бар.
б) Өз мектебі туралы әңгімелету.
Үлгі: Мен ... мектепте оқимын. Мектеп ... қабатты. Мектептің ауласы кең. Мектепте балалар сабақ оқиды. Біздің мектеп эдемі және үлкен. Мектеп артында үлкен ғимараттар бар.
III. Сабақты қорытындылау.
3.1. Сабақты бекіту.
Оқулықтағы 3-жаттығуды орындау. (Мақалдың лексикалық мағынасын ашу арқылы мұғалім сабақтың тәрбиелік мақсатын да орындай алады).
3.2. Үйге тапсырма беру. 4-жаттығуды орындау.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар мен әріптер.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: дыбыстар мен әріптерді ажырата білуді үйрету. Дамытушылық: теориялық білімін іс-тәжірибе жүзінде пайдалануға баулу
Тәрбиелік: оқушыларға тілдік, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң Алтын күн!
Қайырлы таң көк аспан
Қайырлы таң қонақтар!

1.1. Үй тапсырмасын тексеру.
II. Жаңа сабақ.
2.1. Сөздік жұмысы.
дауысты дыбыс - гласный звук
дауыссыз дыбыс - согласный звук
дыбыс - звук
буква - әріп
2.2. Оқу, аудару.
2.3. Мына сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрастырту. Қырық екі әріп, отыз жеті дыбыс, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс. Дыбыстар мен әріптердің айырмашылығы.
Оқушылардың 3-сыныпта өткен «Қазақ әліпбиі» тақырыбы еске түсіріледі. Әріпті көріп, жазатындығы, дыбысты естіп, айтатындығы еске түсіріледі.
Қазақ тілінде 42 әріп, 37 дыбыс бар. ь, ъ - таңба, әріп екендігі, Юю (й+у) мен Яя (й+а) қосарлы дыбыс екендігі баяндалып, дыбыстар да¬уысты және дауыссыз болып бөлінетіндігі айтылады.
Әріптер Дыбыстар
Аа, Әә, Бб, Вв, Гг, Ғғ, Дд, Ее, Ёё, Жж, Зз, Ии, Йй, Кк, Қк, Лл, Мм, Нн, ң, Оо, Өө, Пп, Рр, Сс, Тт, Уу, Ұү, Үү, Фф, Хх, һ, Цц, Чч, Шш, Щщ, ь, Ыы, Іі, ъ, Ээ, Юю, Яя. Аа, Әә, Бб, Вв, Гг, Ғғ, Дд, Ее, Жж, Зз, Ии, Йй, Кк, Ққ, Лл, Мм, Нн, ң, Оо, Өө, Пп, Рр, Сс, Тт, Уу, Ұү, Үү, Фф, Хх, һ, Цц, Чч, Шш, Щщ, Ыы, Іі, Ээ
2.4. Деңгейлік тапсырмалар.
Үшінші деңгей.
а) 1-жаттығу. Сөздерді әліпби ретімен жазу.
Ана, әже, балық, вагон, ғалым, демалыс, доп, жол, қызық, қырық, парта, ұя, ұн, хат, ыдыс, іні, шана.
ә) Әр сөзде қанша әріп, қанша дыбыс бар екенін жазу.
Білім, подъезд, рол, ою, сая.

Сергіту сәті.
Біз өнерлі баламыз.
Шырқатып ән саламыз.
Би билейміз бұралып.
Доспыз, тату боламыз.

Екінші деңгей.
а) Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастыру.
Әріп, жазамыз, дыбыс, естиміз, қазақ тілінде, 42 әріп, 37 дыбыс.
ә) «Кім коп және тез» оқыта үйрету ойынын ойнау. Бұл үшін мұғалімге бірнеше әріп жеке-жеке жазылған парақшалар керек. Мұғалім әріпті көрсетіп «Балалар, мынау не?» деп сұрайды. Оқушылар «әріп» деп тез жауап беруі керек.
«Балалар, ал «п, ы, а, о» десек, ол не болғаны?» деп сұрайды. Оқушылар мұның дыбыстар екенін айтуы керек. (Бұл ойын оқушылардың әріп, дыбыс деген сөздердің лексикалық мағынасын меңгеруіне көмектеседі).
Бірінші деңгей.
Қазақ әліпбиі туралы не білесің?
2-жаттығу. Диалогты оқу, аудару.
III. Сабақты қорытындылау. 2-жаттығу. Диалогты оқу, аудару.
4-жаттығу. Мақалды оқып, мағынасын ашу.
3.1. Үйге тапсырма беру.
3-жаттығуды орындау.

Сабақтың тақырыбы: Мектеп өмірі.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: мектеп өмірі туралы алған ұғымды кеңейту.
Дамытушылық: сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: тәртіпті, ұқыпты, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң Алтын күн!
Қайырлы таң көк аспан
Қайырлы таң қонақтар!

1.2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
Өткен сабақтарда меңгерген лексикалық тақырыптарды қамти отырып, оқушыларды («мұғалім - оқушы», «оқушы - оқушы») өзара әңгімеге тарту.
1.3. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру; оқушы жауабындағы кемшіліктер мен қателіктерді анықтау; қатесін түзету (өздеріне түзеттіру).
II. Жана сабақ.
2.1. Сурет бойынша жұмыс.
Кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді атату.
Оқушылар, сыныптастар, ұл, қыз, сынып, тақта, бор, парта, дәптер, оқулық, қалам, орындық, гүл, бояу.
Не істеп жатыр? деген сұраққа жауап беретін сөздерді айту.
Тұр, отыр, жазып отыр, оқып отыр, қарап отыр, жазып жатыр, сурет салып отыр, жүгіріп жүр, ойнап жатыр, ән салып тұр.
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді айту.
Үлкен, кең, жарық, таза, эдемі, ақылды, көңілді, қызық, қара, ақ, жақсы.
сөйлем құрастыру.
Мынау - біздің сынып. Сынып үлкен, жарың, таза. Сыныпта әдемі гүл бар. Екі қатар парта тұр. Қазір үзіліс кезі. Дима тақтаға жазып жатыр. Коля ән салып тұр. Кәмила сурет салып отыр. Әли Кәмилаға қарап отыр. Әнел қызық кітап оқып отыр. Асан есеп шығарып жа¬тыр. Әмір доп ойнап жүр. Біздің сынып тату.
2.2. Деңгейлік тапсырмалар.
Үшінші деңгей.
а) 2-жаттығуды оқыту, аударту. Бұйрық райлы етістіктердің II жақтағы жіктелу үлгісін түсіндіріп, басқа да өздері білетін етістіктермен осы үлгі бойынша қысқа сөйлемдер жасату. Мысалы: Мынау - ойыншық. Сен ойна. Бұл - сурет дәптері. Сен сурет сал. (т.с.с.)
ә) 3-жаттығумен жұмыс жүргізу. Оқушылар белсенді сөздікке енгізген сөздерін еске түсіреді. Жаттығуды орындауда тақта және дәптермен жұмыс түрлері орындалуы тиіс.
Екінші деңгей.
а) 4-жаттығуды орындау тәсілі: Оқушылар берілген сөйлемдерді көшіріп жазып болған соң оларды мұқият оқып шығады. Қарамен жазылған сөйлемдерге сұрақ қояды. Сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады. Ол сұраулы сөйлемдерді біріне-бірі қойып, жауап алады.
5-жаттығуды орындау тәсілі: Оқушы мұғалім қойған сұрақтарды дұрыс түсініп, оларға дұрыс жауап бере алуын қадағалауы керек.
Бірінші деңгей.
ә) 5-жаттығудағы сөйлемдерді пайдалана отырып, оқушы өз мектебі және оқу құралдары туралы әңгімелеп бере алуы тиіс.
Үлгі: Менің мектебім үлкен. Мектепте оқушылар көп. Сынып бөлмелері кең. Сынып бөлмесінде тақта, парталар бар.
III. Сабақты қорытындылау.
3.1. Сабақты бекіту.
- Мектебің қандай?
- Мектеп¬те қандай сыныптар бар?
-Мектепте мұғалім саған не береді?
-Жақсы оқушы қандай болуы керек? ( сауал қойып, оқушыларды ұқыпты, тәртіпті, білімпаз болуға шақырады.)
3.2. Үйге тапсырма беру.
Өз сыныбың туралы әңгімеле.
Мәтінді оқып, мазмұнын айт.

Сабақтың тақырыбы: «Береке-төрт түлікте».
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың төрт түлік жайлы ұғымдарын бекіту.
2. Төрт түлік малдың пайдасымен таныстыру.
3. Адамның еңбегін құрметтеуге,салт – дәстүрді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:тапсырмалар,суреттер,сандықша,асықтар.
Сабақтың әдісі:Сайыс сабақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқушылар шатттық шеңберін құрап, бір-біріне жақсы тілек тілейді.
Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау.
Кіріспе сөз.
Қазақ халқы-ежелден малшаруашылығымен айналасқан халық.
Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін,
Тіршілік-табиғатың,қадір-қасиетін әбден зерттеп білген.Оның өнімдерін пайдаланған.Мал өсіруге қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес.
1.-бөлім:«Таныстыру».
1.-топ:«Қошақан» 2.-топ:«Ботақан»
Ұран: «Қошақанбыз момақан, Ұран:«Ботақанбыз маң басқан,
Жарысқа бүгін жол ашқан» Жүлдеге бүгін таласқан».
2.-бөлім: Жануарлар туралы мәлімет беру.
Бұл саыйсқа әр топтан үш-үштен қатысушылар.

Түйе: түйе-төрт түліктің төресі.Түйе-таптырмас көлік.Оның еті-тамақ,шұбаты-сусын, жүні-киім.Түйе шөлге өте төзімді.Ол қос өркешті және сыңар өркешті
болады. Сыңар өркешті -«нар» деп атайды.Түйе екі жылда бір боталайды.

Жылқы: жылқы малы-ірі,өте әдемі жануар,алыс жолдарға жүргенде күшті,жүйрік көлік.Мұндай шыдамдылыққа оның дене құрылысы икемді.
Жылқы –кеуделі ,аяқтары бұлшық етті,күшті жануар.

Сиыр:«Сиыр қорада болғанда тамақ дастарқанда»деп бекер айтпаған.Бұл малдың сүтінен құрт ,ірімшік ,май,қаймақ,айран тағы басқа сүт тағамдарын жасайды.

Қой:Қойдың жүні қалың.Кейде бұйра болады.Қойдың жүнінен неше түрлі мата тоқылып,терісінен жылы киім тігіледі.
3-бөлім: «Мәнерлеп оқу».
Әр топтан 4 оқушы қатысады.
«Қошақан » тобы «Ботақан»тобы
тақырыбы: тақырыбы: 1 «Қошақан» 1 «Түйе»
2 «Сиыр» 2 «Ботақан»
3 «Жылқы» 3 «Құлыншақ»
Музыкалық сәлем.
( Әділқазылар өткен 3 сайыстың қорытындысын жасайды)
4-бөлім: «Мақал-мәтелдер сайысы».
1-топ:
1.Сиырдың сүті тілінде.
2.Сиыр танадан өседі,
Адам баладан өседі.
3.Тай мінген балаға жарасар.
4.Малды баға біл,
Бабын таба біл.
5.Даланың көркі-мал,
Өзеннің көркі-тал.
2-топ:
1.Ат-адамның қанаты.
2.Мал-бақсаң,сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
3.Мал өсірсең,қой өсір
Өнемі оның көл көсір.
4.Сиыр жайған ток болады,
Уайымы жоқ болады.

Сергіту сәті.«Қара жорға»
5-бөлім:«Ойлан,тап».(Жұмбақтар шешу)
6-бөлім:«Білгенге маржан».
(Сұрақтарға жауап береді.)
Әділқазылар қорытынды жасайды.
«Ортеке» әні.
Марапаттау.
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: олжас | Теги: әріптер.4.Мектеп, мектеп.3.Дыбыстар, түлікте»., өмірі., Мен, 1.Оқу, 5.«Береке-төрт, 2.Біздің, ҚҰРАЛДАРЫ
Просмотров: 415 | Загрузок: 76 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar