Қабдеш Жұмаділов "Қаздар қайтып барады" (2-сағат) - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Қабдеш Жұмаділов "Қаздар қайтып барады" (2-сағат)
[ Скачать с сервера (52.1Kb) ] 26.01.2015, 13:16
Сынып: 8 Күні Пәні:қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов
«Қаздар қайтып барады»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Қабдеш Жұмаділов өмірі мен шығармашылығынанөткенді қайталау, әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашқызу, шетелдегі қазақтар, дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, 1921-1922 жылдардағы ашаршылық туралы мәлімет беру.
2. Дамытушылық. Бас кейіпкердің ішкі жан дүниесін түсіндіру арқылы өзіндік пікір айтуға, сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жүйелі, нақты жеткізе білуге дағдыландыру, тапсырмаларды орындау арқылы жылдам ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік. туған жерін қадірін түсінуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың көрнекілігі:презентация, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап,талдау, жинақтау.
Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тіл білімі, тарих, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:[color=blue]
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ә) кезекшімен сұхбат
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1) Қабдеш Жұмаділовтың өмірі және «Қаздар қайтып барады» әңгімесін оқып бітіру, бас кейіпкерге мінездеме беру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Ж.Аймауытұлының «Қартқожа» романынан үзінді (туған жер туралы)оқылады
- Жазушының өмірі мен шығармашылық қызметі туралы алған ақпаратты еске түсіру:
Үлестірмелі қағаздар:
1) Қ.Жұмаділов қашан және қай жерде дүниеге келген?
2) Қ.Жұмаділов қай оқу орнында білім алды?
3) Қ.Жұмаділов қай жерде қызмет істеген?
4) Қ.Жұмаділовтың қандай шығармаларын білесіз?
- «Қаздар қайтып барады» әңгімесі бойынша тірек сөздер көмегімен жоспар құру;
- Қабдеш Жұмаділов өмірі мен «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнына байланысты құрылған сөзжұмбақ шешу
- Әңгімеге байланысты тест тапсырмалары мен детальдық талдауды орындау;
- Әңгіменің бас кейіпкері Байтас қартқа мінездеме беру (Үй тапсырмасын тексеру);
- 1921-1922 жылдардағы ашаршылық туралы мәлімет көрсету;
1921-22 жылдардағы аштық жайлы
«Аштарға көмек комиссиясының жұмыс қорытындысы» атты құжатта келтірілген деректе:
«Қазақ автономиялы республикасының бес губерниясында
1 миллион 559 мың адам аштан өлген» дейді
- Шығармадан үзінді келтіріледі. Бұл кімнің сөзі? Қарияның соңғы тілегі қандай еді?
- Шетелдегі қазақтар, дүниежүзі құрылтай туралы мәлімет:

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы - дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы


- Шығармада кездесетін көркемдегіш кұралдарға талдау;

IV. Бекіту.
Ой-пікір білдіру: «Сен туған жерге деген махаббатыңды қалай жеткізер едің?»

V. Үй тапсырмасы.
- Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығынан хронологиялық кесте
VI. Бағалау.
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: ССА | Теги: Қаздар, Жұмаділов, барады, (2-сағат), қайтып, Қабдеш
Просмотров: 1554 | Загрузок: 175 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar