Атша Көкек (аңыз) - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Атша Көкек (аңыз)
24.11.2014, 21:27

Мұғалімнің аты-жөні: -Сайнова Нурлы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі.

Біліктілік санаты: І санатты

Атша көкек (аңыз). Б. Баймаханов

Сабақтың тақырыбы: -Атша көкек (аңыз). Б. Баймаханов

Сабақтың мақсаты:

а/ Аңыз мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру.

ә/ Кейіпкерлердің сөйлеу ерекшелігін талдату арқылы бейнесін ашып,оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

б/ Жер, ел деген қасиетті ұғымды қастерлеуге, Отанды қорғау-ата-бабаларымыздың ұлы ісі болғанын сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құстар суреті, қосымша газет материалдары,тақта, маркер, бор.,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй - тапсырмасын - тексеру.

3.Жаңа  - -сабақта.

Қызығушылықты ояту.

1-жұмыс. Бозторғай, көкек, қарлығаш суреттерін тақтаға ілунемесе интерактивті тақтадан көрсету. Осы құстар топтарына бөлініп отыру.

Әр топ өз аттарына сай құстар дауысына салып дыбыстап көру (кезекпен).

-Балалар, көкек туралы тағы не білеміз?

Мәтінмен таныспас бұрын оқушылар мынандай дайын тұжырымдарды оқиды.

«-Дұрыс-бұрыс»- тұжырымдар кестесі.

 - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - Тұжырымдар

Дейін

Кейін

 -

 -

Мәтінді оқу.

1.Көкек те қарлығаш сияқты мамырда ұшып келеді.

 -

 -

2.Көкекті аңыздарда мадақтаған.

 -

 -

3.Көкекке арнап ән шығарған..

 -

 -

 -

Осы тұжырымдар бойынша «-Дұрыс-бұрыс»- тұжырымдар кестесімен жұмыс жасау.

Егер оқушы кестедегі тұжырымдарды дұрыс деп тапса, «-дейін»- бөліміне «-+»- таңбасын, ал егер келіспесе, «--»- таңбасын қояды.

2.Мағынаны тану. Ал көкек туралы білгілерің келсе, оқулықта берілген «-Атша көкек»- деген аңызбен танысалық.

1-жұмыс. Әр топ мәтіннің басынан бастап, «-...қарындасы бойжеткен қыз болды»- деген сөйлемді қоса аяқтап оқу.

Бір оқушы мазмұнын әңгімелеп шығады.

Сұрақтар:

-«-Ат жоқ, көке!»--деп, жігіттің қарындасы неше рет айтты?

-Егер сен жігіттің орнында болсаң, не істер едің?

-Аңыз ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? Болжау.

-Осы бөлімге көкектің қандай қатысы болуы мүмкін? (Көмек үшін, ойландыру үшін: «-Көке! Көке! Көке!»- деген сөзге мән беру.)...

Ары қарай аңызды аяғына дейін оқығанда қандай сезімдер пайда болды?...

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады. Тұжырымдар бойынша кестеге тағы жауап беру. Яғни, мәтін аяқталғаннан кейін кестенің «-Кейін»- бөлігін толтыру. Өз тұжырымың дұрыс болды ма? Қай тұжырым өзгерді? Неліктен өзгерді?

3. Ойтолғау.

-Мысалы:

 --Көкек те өз жерін сүйеді.

-Ағайынды адамдар бір-бірін кешіреді. - - - - - - - - - - - - - -

-Жігіт те аузынан шыққан сөзіне өкінеді.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Сабақты аяқтау.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Көкек, (аңыз), Атша
Просмотров: 551 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar