Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі - тарих - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі - тарих
22.11.2014, 12:20

Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сабақ барысында оқушыларды қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен таныстыру, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету, үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың тәуелсіздік үшін күресінің маңызын әңгімелеу

Дамытушылық:оқушыларды материалды жүйелеуге оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандыру

Тәрбиелік: -оқушыларға отанның тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрбие беру

Көрнекі және дидактикалық құралдар.

1)Жоңғарлар кртасы
2) «-Жау жүрек мың бала»- бейнетаспа
3) Интерактивті тақта. (слайдтар. «-Аңырақай шайқасы»-, «-Жоңғардың жеті бағыты»-.)
4) Қазақ хандары, батырларының фото - суреті.
Сабақ түрі. -Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. -Интерактивті әдіс,блум таксаномиясы (топпен жұмыс)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру - - -

Кезекшілікті анықтау - -

Оқушыларды түгендеу

Сабақтың жоспары

Білу &ndash- ұяшық таңдау арқылы үй тапсырмасын орындау

Түсіну- жаңа сабақ

Қолдану- посттер дайындау

Талдау- постерді қорғайды

Жинақтау &ndash- - Рефлексия

Бағалау

Оқушыларды топқа бөліп, өзара топбасшы сайлайды, бағалау - парақшасын топбасшы толтырып отырады.

  • Білу -&ndash-Топ мүшелері ұяшық таңдау арқылы үйге берілген тапсырманың қай бөлімін орындайтынын айқындайды.Лото ойыны

4 ұяшық әр ұяшықта 5 сұрақ алдымен сұрақ артынан жауабы шығып отырды.

1 топ- Жоңғар мемлекетінің әскери күш қуатының артуы ұяшығы.

1 сұрақ .Жоңғар хандығы Қашан құрылды?

Жауабы: -Батыр қоңтайшы бастаған жоңғар хандығы 1635 жылы құрылды.

2 сұрақ.Жоңғарлар қай жылы қандай заңдар жинағын шығарды?

Жауабы:1640 жылы жоңғарлар далалыөқ жарғы деген атппен әскери &ndash- азаматтық заңдар жинағын шығарды.

3 сұрақ .Жоңғарлардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде кімдер елеулі рөл атқарды?

Жауабы: Тибет ламалары

4 сұрақ.Зеңбірек құюды оларға кім үйретті?

Жауабы:Тұтқынға түскен швед - Иоган Густав Ренат үйретті.

5сұрақ.Білтелі мылтық жоңғрлард қашан пайда болды?

Жауабы: -ХҮІІ ғасырларда

ІІ топ &ndash- Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің негізгі себептері ұяшығы

1сұрақ Жоңғараладың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің бірінші себебін ата.

Жауабы:Жетісу мен Сырдарияны басып алса Ресей мемлекті мен , Сібірмен Орта Азия халықтарымен байланысыратын аса маңызды сауда жол торабын бақылауда ұстау

2 сұрақ Жоңғараладың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің екінші себебін ата.

Жауабы: -Хандықтың солтүстігіндегі шекарны әлдеқайда нығайту қосымша алым &ndash- салық алып тұру:

3 сұрақ .Жоңғараладың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің үшінші себебін ата.

Жауабы:Қазақстанның - оңтүстігіндегімен оңтүстік шығысындағы сауда &ndash- қолөнер ортлықтары қызықтырды.

4 сұрақ.Жоңғараладың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің төртінші себебін ата.

Жауабы:Еділ мен Жайық аралығында көшіп &ndash- қоңып жүрген қндас тайпалары қалмқтармен байланыс орнату-

5 сұрақ . Жоңғараладың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің бесінші себебін ата.

Жауабы: -Қазақтарды құл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие болу-

ІІІ &ndash- топ «-Ақтабан шұбырынды ,Алқакөл сұлама»- үяшығы

1 сұрақ.Қытай императоры Канси қашан қайтыс болды?

Жауабы: -1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс болды.

2 сұрақ.Жоңғар билеушілері қай жылы Еділ бойындағы қалмқтардың ханы Аюкеге қазақтрғ қарсы - соғыс қимылдарын жүргізуді ұсынды?

Жауабы: -1722 жылы

3 сұрақ.Қазақ хандығының ыдырап бара жатқанын пайдаланған Цеван- Рабтан өз әскерін Қазақстанға қашан аттандырды?

Жауабы: -1723 жылы көктемде

4 сұрақ.1723 &ndash- 1727 жылдары қазақ тарихында - қандай - оқиғамен қалды?

Жауабы: -«-Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»- деген атпан қалды.

5 сұрақ. «-Ақтабан шұбырынды , Алқакөл сұлама»- қйғы &ndash- қасіретінің символы:

Жауабы: -«-Елім &ndash- ай»- зарлы жыр,оның мәтінің Қожаберген жырай шығарған.

ІҮ топ.Қазақтардың жеңілу себептері ұяшығы

1 сұрақ.Қазақтардың жеңіліп «-Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұламаға»- душар болуының бірінші себебін ата.

Жауабы:Қазақ жүздері ыдырап қазақ хандығына ауыз бірліктің болмауы.

2 сұрақ.Қазақтардың жеңіліп «-Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұламаға»- душар болуының екінші себебін ата.

Жауабы: -Жоңғарлар бұл соғысқа өте мұқият дайындалған.

3 сұрақ.Қазақтардың жеңіліп «-Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұламаға»- душар болуының үшінші себебін ата.

Жауабы: -1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшырап ,жөні түзу ат жетіспеді.

4 сұрақ.Қазақтардың жеңіліп «-Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұламаға»- душар болуының төртінші себебін ата.

Жауабы:Шабуыл күтпеген жерден, тұтқиылдан жасалды.

5 сұрақ.Қазақтардың жеңіліп «-Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұламаға»- душар болуының бесінші себебін ата.

Жауабы:Жоңғарлар жақсы қаруланған болатын және соғыс қимылдарын мол тәжірбиемен жүргізе білді.

  • Түсіну- Жаңа сабақ.

Фильм қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кезде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді.

Экраннан «-Жаужүрек мың бала»- туралы бейнежазба көрсете отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Яғни оқушылар жаңа сабақ тақырыбын өздері ізденіп табады.

Тақырыбы: -Қазақ халқының жоңғар басқыншыларын қарсы күресі.

Слайд ұлы тұлғалардың порттреттері беріледі. «-Порттреттер сөйлейді»-

І Топ &ndash- Абылах хан,Райымбек батыр

ІІ Топ - Әбілқайыр хан,Бөгенбайбатыр

ІІІ Топ- Қазыбек би,Наурызбай  -батыр

ІҮ Топ - Әитеке би, Қабанбай батыр

ІҮ топтың оқушылары ұлы тұлғалардың жоңғар шапқыншылығы кезіндегі шайқаста атқарған ерліктері жайында баяндайды.

І &ndash- топ Қазақ халқының күш біріктіре бастау.

ІІ &ndash- Топ ұлт &ndash- азаттық қозғалысының жетекшілері және оған қатысушылар

ІІІ &ndash- Топ Бұланты шайқасы

ІҮ &ndash-топ Аңырақай шайқасы

Қолдану.

Топтар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша - постер жасайды. Постер жасауға берілген уақыт 5 минут.

Талдау -&ndash- әр топ жасаған - постерді қорғайды, қалған топтар тарапынан талдау жасалынады.. ( уақыт 7 мин)

Сергіту сәті: Музыкалық әуен. Ә.Әбділдә «-Елім &ndash-ай»- бейне баянын көру.

Рефлексия: -Өз - көзқарасы бойынша сабақтан - алған танымдық эмоциялық деңгейді анықтау мақсатындағы кері байланыс.

-Менің - сабақтағы көңіл &ndash-күйім?

-Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?

-Нені үйренгін келеді?

Бағалау. -Топ басшыларының жауап берген топ мүшелерін белгілеп отырған «-Бағалау парағы»- арқылы бағалау жүргіземін. 2 мин

&bull-Үйге тапсырма:  -&-4 мазмұндау, «-Ақтабан шұбырынды»- - 1723 ж кесте толтыру.

«-№ 39 жалпы орта білім беретін мектеп»-КММ

Ашық сабақ тақырыбы: Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.

Өткізген пән мұғалімі:Адамжанова Қ.Қ.

2014 -2015 оқу жылы

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қарсы, жоңғар, халқының, күресі, Қазақ, басқыншыларына, азаттық, тарих
Просмотров: 528 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar