Қазақ пен қонақ - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Қазақ пен қонақ
22.11.2014, 12:06

Сабақтың тақырыбы: Қазақ пен қонақ

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік. - Оқушыларға жаңа материалды меңгерту. Оқушыларға қазақтың салт-дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту.Жалпы қазақ қонақжайлылығы туралы толық мәлімет беру.

2.Дамытушылық. -Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, логикалық ойлауын шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік. - Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, салт-дәстүрлерді қастерлеп құрметтеуге баулу. «-Қазақ пен қонақ»- тақырыбы бойынша оқушыларды - ұлттық салт &ndash- дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, қонақжайлылыққа, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: -интерактивті тақта, слайд, мақалдар, суреттер

Сабақтың түрі: -аралас сабақ

Сабақтың әдіс &ndash- тәсілі: -сұрақ &ndash- жауап, әңгімелесі, өз ойларын талқылау, топтық жұмыс, бағалау.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.

2.Зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылар ортаға шығып, шаттық шеңберін құрып тұрады. (жүректен жүрекке бір-біріне жылы сөздер айтады)

«-Күн шуағы»-

Қол ұстасып бәріміз,

Жылылықты сезейік

Шуақ шашқан күндей боп.

Сабаққа біз кірісейік.

Оқушыларды топқа бөлу мақсатында әр түсті шарлар лақтырып, екі топқа бөлейік.

 -Топ ережесі

1. Тыныштық сақтаймыз

2.Бір-бірімізді тыңдаймыз

3.Уақытты үнемдейміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Грамматика: Етістік дегеніміз не? Етістіктің сұрақтарын ата? Етістіктің жіктелуі.

2. 4-тапсырма - «-Кішіпейілділік»- дегеніміз не?

3.Кішіпейілділікке - - ассоциация құрайық.

4.Қандай мақал білесіңдер

5.Эссе жазу «-Кішіпейілділік»-, «-Адамгершілік»-

ІІІ.Өткен сабақты қорытындылай -келе мақалдардың дұрыс аяқта

1.Бала тәрбиесі - - ..... арлы бала

2.Тәрбие басы - - ..... тәртіппен өскен тал артық

3. Әдепті бала - - ..... - тал бесік

4.Әдепсіз өскен адамнан - - .... - бесіктен

Қорытындылай келсек: -Абай атамыз айтқандай: - Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, Нұрлы сезім, Жылы жүрек - -- осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, біз қайырымды, кішіпейілді, адамгершілігі мол жақсы адам бола аламыз.

ІҮ.Жаңа сабақ

Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ақыл-тегіл, көл-көсір!

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - "өнер алды - тіл" дейтін.

Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін!

Қазақ осы - көргенінен танбайтын,

Той-думансыз оты түзу жанбайтын.

Қазақ осы - алудай-ақ алатын,

Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат міңгізіп, жібек шапан жабады

Қадір Мырза Әли

Қазақ халқы &ndash- ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «-Құдайы қонақпын»- десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «-бөлінбеген еншісін бар»- деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «-қырықтың бірі қыдыр»-, «-қонақты қусаң &ndash- құт, ырыс, қашады»-, «-Қонақпен еріп құт, ырыс келеді»- деген мәтелдер бар.

Сұрақ: - - - - қонақ деп кімді айтамыз?

- - - - - - - - - - Қонақ дегеніміз кім?

- - - - - - - - - - Қазақ халқы қонақты қалай күткенг?

 - - - - - - Иә. Дұрыс балалар! Тіпті әр халықтың қонақ күту дәстүрі бар. Олардың өзіне тән ерекшеліктері бар. «-Қазақ қонақсыз болмайды»- деп бекер айтылмаған.

- - - - - - - - - - Кім қонақ туралы мақал &ndash- мәтел біледі?

- - - - - - - - - - Қонақтың да түрлері болады, кім біледі қандай түрлері бар?

1.Арнайы қонақ

2.Құдайы қонақ

3.Қыдырма қонақ

4.Қылқыма қонақ

5.Құтты қонақ

6.Ерулікті қонақ

1.Арнайы қонақ деп &ndash- арнайы той жиындарымызға шақырылған туған &ndash- туыс, жолдас &ndash- жекжаттар, құдаларды айтамыз.

Сол кезде қазақ дастарханың жайып қонақққа дәм &ndash- тұзын ұсынған.

  1. Қандай қазақ халқының салт &ndash- дәстүрлерін білесіңдер?
  2. Қандай ұлттық тағамдарды білеміз?
  3. Қандай ұлттық ойындарымызды білеміз? &ndash- міне осындай тойларға арнайы қонақтар шақырылады.

Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Мақалдың мағынасын өз сөздерімен жазу. &ndash- 2 топтан екі бала &ndash- 1 мин (Әр топ қарсыластарын бағалайды)

Жаңа сөздермен жұмыс.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын жаңа сөздер арқылы талдау. Мәтінге ат - қою. &ndash- (әр топ ат қояды &ndash- қорғап шығады) &ndash- бағалау.

Сергіту. -Оқушыларды тынықтыру. Математикалық ребус

Жағдаят: -Постермен жұмыс. Екі топқа екі түрлі тапсырма.

  1. Ұлттық тағамдар қиындысын тауып, қазақ қонақты қалай күткендерін қорғап шығады.
  2. Ұлттық киімдерді киіп баяғыда ата-бабамыз қонаққа ұлттық киімдерімен барғандары туралы қорғап шығу.

Сол тапсырмалар бойынша постерге ойларын салып, топ басшылары қорғап шығу керек. (Әр топ қарсыласының сол постеріне - өз пікірлерін, критерийлерин, ұсынысын - жазады)

Жағдаят: -1-топ &ndash- диалог құрастыру

2- топ &ndash- дастарқанда өзін &ndash- өзі ұстауы

Қорытындылау:

  1. Қазақ қонағын қалай күткен?
  2. Қазақ қандай? &ndash- қонақжай, берекелі, дастарханы кеңге жайылған, қонағын құрметтеген, сыпайы, кішіпейіл, мейірімді болған
  3. Қалай ойлайсыздар қонақ күту оңай ма, әлде қиын ба?
  4. Қонақтың түрлерін ата?
  5. «-Қонақ келсе құт»- - дегенді түсіндір
  6. Арнайы қонақ дегеніміз қандай қонақ?

 -

Үйге тапсырма: 4-тапсырма. Мәнерлеп оқу, 2-тапсырма сөйлем құрау

 -

Рефлексия: Бағдаршам (тақтаға іледі)

Жасыл түсі &ndash- білдім, үйрендім

Сары түсі &ndash- қиындықтар кездеседі, бірақ жеңе білдім

Қызыл түсі &ndash- түсінбедім, үйренбедім

Бағалау: -топтың бір &ndash- бірімен бағалау әдісі бойынша сабақтағы оқушылардың деңгейін бағалап шығу

С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп

Мектепке дейінгі шағын орталығы

Қазақ пен қонақ

10 «-В»- сынып /ашық сабақ/

Пән мұғалімі: Жанна Мажит

Ұзынағаш

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: пен, Қазақ, Қонақ
Просмотров: 558 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar