Қазағым менің. Күләш ахметова - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Қазағым менің. Күләш ахметова
24.11.2014, 21:26

Мұғалімнің аты-жөні: -Сайнова Нурлы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі.

Біліктілік санаты: І санатты

Қазағым менің. Күләш Ахметова

Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Күләш Ахметова

Сабақтың мақсаты:

а/ Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.

ә/ Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.

б/ Еңбек етуге, ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.

Түрі: Жаңа білімді игерту

Әдісі: Сұрақ-жауап. Түсіндіру.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулық.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

Қызығушылықты ояту.

«-Туған өлкем-тұнған шежіре»- деген тарау аты тақтаға жазылады. - Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді.

-Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4сөз, 2тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының тақырыбын ашу. «-Шежіре»- сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру.

-Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елге қай халық ие?

Қазақ халқы.

Қазақ қандай халық?

Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу.

өнерлі - - - --------- - - - - - - - - - - Қазақ - -------- - - - - - - - - - - - қонақжай

ақылды - - --------- - - - - - - - - - - азат - - - -------- - - - - - - - - - - батыр

Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.

-батыр-қонақжай-өнерлі

Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді. Мысалы, 1-топ батырлықты дәріптейді.

2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді.

3-топ өнерлерін көрсетеді.

2.Мағынаны тану.

-ақын Күлаш Ахметова «-Қазағым менің»- деген өлең жазған екен, -деп, автормен таныстырып өтіп, сабақты жалғастыру.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

1-топ. Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?

2-топ. Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?

3-топ. Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?

3.Ой толғау.

Тған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келіп, Қадыр Мырза Әлидің «-Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»- өлеңінен үзінді алып, интерактивті тақтаға немесе плакатқа жазылған түрінде ілу.

Осы өлеңді мәнерлеп оқыту.

а) «-Венн»- диаграммасы арқылы немесе сызба арқылы өлеңді салыстыру.

ә) - Қадыр ақынның қазақтың бейнесін қалай толықтырғанын өлеңнен тауып, сызбаны толықтыру керек. мысалы, тілге бай, дос, бауырмал, атбегі, әнші, күйші,...

Енді топтаудың төбесіне «-Қазағым менің»- деген сөз жазылады.

- Бугін біз сабақта топтау арқылы не жасадық?

- Қазақ халқын сөзбен мүсіндегендей болдық.

- Біз өзіміз үшін не жаңалық ашқандай болдық?

Қазақ бейнесін шығаруда оқушылар 4 немесе 5 жолды өлең жазуына болады.Немесе «-Бақыттымын»- атты эссе жазуды да тапсыруға болады.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ахметова, Күләш, Қазағым, менің.
Просмотров: 943 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar