Бақытты сәт - ашық сабақтар - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Бақытты сәт - ашық сабақтар
22.11.2014, 12:19

Бақытты сәт

Айбасова Күміс Маралқызы

Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Хромтау ауданы

Сыныбы: -4

Тақырыбы: -Бақытты сәт

Мақсаты: -Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын көрсету, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты арттыру.

 -- «-Отбасы &ndash- бақыт мекені»-, «-Отан отбасынан басталады»-,Отбасы &ndash- бұл қоғамның негізі. Отбасының жемісі, берер гүлі &ndash- бала. Болашақта баланың жақсы азамат болып өсуі отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. 1 қыркүйек - Отбасы күніне орай«-Бақытты сәт»- атты ата-аналар мен балалардың  -қатысуымен отбасылық ойын өткізгелі отырмыз. Бұл ойында сіздер түрлі сұрақтарға жауап беріп, түрлі қызықты тапсырмаларды орындайтын боласыздар.

Ойынның бағдарламасы:

  1. «-Таныстыру»-
  2. «-Ой сергітер»-
  3. «-Отбасы бала көзімен»-
  4. «-Білімпаз аналар»-
  5. «-Мұқият бол, балам!»-
  6. «-Мені түсініңіз, анашым»-
  7. «-Бірге жасаймыз»-
  8. «-Қызық сұрақ, қызық жауап»-

І - - - «-Таныстыру»-

Әр отбасы өздерін таныстырып, өз отбасылары туралы айтып өтеді.

 -

ІІ - - - - «-Ой сергітер»-

Блиц сұрақтарға жауап беру. Әр отбасына 5 сұрақ беріледі. Сайыскерлер түрлі-түсті конверттердің бірін таңдайды.

Ақ конверттегі сұрақтар:

  1. «-Президент»- сөзінің баламасы.
  2. Қазақтың ең ұлы ханы.
  3. Әнұранның әнін кім жазған?
  4. Әйгілі қазақ палуаны.
  5. Тұңғыш қазақ мектебін ашқан ұстаз.

 -

Сары конверттегі сұрақтар:

  1. Астана қаласының символы.
  2. Білім бұлағы.
  3. Қазақ әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер.
  4. Қасқырдың күшігі.
  5. Жыл қайыру бойынша биыл қай жыл?

 -

Көк конверттегі сұрақтар:

  1. «-Астана»- сөзінің баламасы
  2. Кіші жүз ханы.
  3. Кіші жүз биі
  4. «-Балалы үй - ...»-
  5. Қол жайып берілетін тілек.

Қоңыр конверттегі сұрақтар:

  1. Адамның бауыр еті.
  2. Ағаңыздың анасы сізге кім болады?
  3. Үш арсыз.
  4. Отан неден басталады?
  5. Жыл қайыру бойынша өткен жыл?

Қызыл конверттегі сұрақтар:

  1. «-Отан»- сөзінің баламасы.
  2. Қазақтың ұлы ақыны.
  3. Тұңғыш қазақ ғарышкері.
  4. Бұрыштары жоқ геометриялық пішін.
  5. Өлеңмен жауап қайтару сөз жарысы.

Қызғылт конверттегі сұрақтар:

  1. Тырна 1 аяғымен тұрса, 3 кг, екі аяғымен тұрса, қанша кг?
  2. Айқасқан екі таяқ, қандай әріп?
  3. Жаңа көшіп келген үйді шақырып, ас беру.
  4. Алғаш сауған сүттен жасалатын тағам.
  5. Абайдың әжесі.

Жасыл конверттегі сұрақтар:

  1. «-Дос»- сөзінің баламасы.
  2. Баланың әкесінің анасы.
  3. Төртбұрышты үстелдің 1 бұрышын кесіп тасатаса неше бұрыш болады?
  4. К әрпінен басаталатын Қазақстандағы қала.
  5. Солдан оңға қарай, оңнан солға қарай оқысаң да өзгермейтін ұлт атауы.

Көгілдір конверттегі сұрақтар:

  1. 4 қойдың неше аяғы бар?
  2. Жақсы хабар жеткізушінің аузынан шығатын ең бірінші сөз.
  3. Көптің көмегі.
  4. Бір-біріне туыс адамдар тобы қалай аталады.
  5. Отбасылық мереке.

 -ІІІ «-Отбасы бала көзімен»-

Балалар «-Менің сүйікті отбасым»- тақырыбына сурет салады.

ІҮ «-Білімпаз аналар»-

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, сұраққа жауап беру.

 - - «-Салт-дәстүр»-

  1. Баланы бесікке салу дәстүрі
  2. Тұсау кесу дәстүрі
  3. Баланы қырқынан шығару
  4. Тілашар тойы

«-Бала тәрбиесі»-

  1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
  2. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
  3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
  4. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде,атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?

«-Ас &ndash- адамның арқауы»-

  1. Сіздің отбасыңыздың сүйікті асы, оны қалай әзірлейсіз?
  2. Сүт тағамдары.
  3. Ұннан жасалатын тағамдар.
  4. Адам денсаулығына пайдалы тағамдар.

«-Отбасы &ndash- шағын Отан»-

  1. Сіздің отбасыңыздың дәстүрлері.
  2. Отбасында береке, тыныштық - болу үшін не істеу керек.
  3. Отбасындағы ананың және әкенің орны.
  4. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіз?

Ү «-Мұқият бол, балам»-

Анасы бір затты немесе жан-жануарды тек қимылмен көрсетеді, ал баласы не екенін табады.

ҮІ  -«-Мені түсініңіз, анашым»-

Баласы суреттердің бірін алып, бейнеленген затты жұмбақтап айтады, анасы не екенін табады.

ҮІІ «-Бірге жасаймыз»-

Бала геометриялық пішін салынған қағазды ұстап тұрады, анасы парақты ұстамай бір қолымен суретті ұқыпты қиып алуы керек. Қиылған суретті бала ақ қағазға ұқыпты жапсыруы керек.

ҮІІ «-Қызық сұрақ, қызық жауап»-

Аналар алдын ала дайындалған сұрақтардың бірін таңдап, сол сұраққа кездейсоқ таңдалған жауаппен жауап береді.

- Құрметті ата-аналар, балалар ойынға қызығушылықпен қатысқандарыңызға рахмет. Әр уақытта осындай үлгілі, ұйымшыл, көңілді отбасы болуларыңа тілектеспін!«-Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына,туған туысқандарына беген сүйіспеншіліктен басталады»-, деп елбасы Н.Назарбаев айтпақшы,еліміздің болашағы - бүгінгі балалардыңдұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы,ата-аналар сіздерге байланысты.Сондықтан балаларыңыз елін,Отанын сүйген, ата-анасын сыйлайтын азамат болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер, бала тәрбиелеуде қателіктерге жол бермеңіздер.

Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік,қуаныш,береке,бақыт тілей отырып «-Бақытты сәт»- атты сайысымызды аяқтаймыз.

  1. Балаңыз көрші үйдің баласының ойыншығын ұрлап алыпты,оны көршіңіз сізге келіп айтты. Сіз не істер едіңіз?
  1. Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты ,оны мұғалімнен естідіңіз. Сіз не істер едіңіз?
  1. Сізге балаңыз: «-Анашым,мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «-ауырып жатыр»- деп айта салыңызшы»-, деп өтінді. Сіздің берер жауабыңыз қандай болмақ?
  1. Мектептен келген балаңыз: «-Мен мектептің терезесін сындырып алдым»-,деді. Сіз не істейсіз?
  1. «-Анашым,мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым»-, деді балаңыз. Сіз не істер едіңіз?

Қопа орта мектебі

Бақытты сәт

(отбасылық сайыс)

Сынып: 4

Сынып жетекшісі: Айбасова К.М.

  1. «-Президент»- сөзінің баламасы.
  2. Қазақтың ең ұлы ханы.
  3. Әнұранның әнін кім жазған?
  4. Әйгілі қазақ палуаны.
  5. Тұңғыш қазақ мектебін ашқан ұстаз.
  6. Астана қаласының символы.
  7. Білім бұлағы.
  8. Қазақ әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер.
  9. Қасқырдың күшігі.
  10. Жыл қайыру бойынша биыл қай жыл?
  1. «-Астана»- сөзінің баламасы
  2. Кіші жүз ханы.
  3. Кіші жүз биі
  4. «-Балалы үй - ...»-
  5. Қол жайып берілетін тілек.
  6. Адамның бауыр еті.
  7. Ағаңыздың анасы сізге кім болады?
  8. Үш арсыз.
  9. Отан неден басталады?
  10. Жыл қайыру бойынша өткен жыл?
  1. «-Отан»- сөзінің баламасы.
  2. Қазақтың ұлы ақыны.
  3. Тұңғыш қазақ ғарышкері.
  4. Бұрыштары жоқ геометриялық пішін.
  5. Өлнңмен жауап қайтару сөз жарысы.
  6. Тырна 1 аяғымен тұрса, 3 кг, екі аяғымен тұрса, қанша кг?
  7. Айқасқан екі таяқ, қандай әріп?
  8. Жаңа көшіп келген үйді шақырып, ас беру.
  9. Алғаш сауған сүттен жасалатын тағам.
  10. Абайдың әжесі.
  1.  -«-Дос»- сөзінің баламасы.
  2. Баланың әкесінің анасы.
  3. Төртбұрышты үстелдің 1 бұрышын кесіп тасатаса неше бұрыш болады?
  4. К әрпінен басаталатын Қазақстандағы қала.
  5. Солдан оңға қарай, оңнан солға қарай оқысаң да өзгермейтін ұлт атауы.
  6. 4 қойдың неше аяғы бар?
  7. Жақсы хабар жеткізушінің аузынан шығатын ең бірінші сөз.
  8. Көптің көмегі.
  9. Бір-біріне туыс адамдар тобы қалай аталады.
  10. Отбасылық мереке.

Салт &ndash- дәстүр

Бала тәрбиесі

Ас &ndash- адамның арқауы

Отбасы &ndash- шағын Отан

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сәт, сабақтар, Бақытты, ашық
Просмотров: 439 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar