Географиялық бәйге білім сайысы - география - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Географиялық бәйге білім сайысы - география
24.11.2014, 21:27

Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы,

Кенбай орта мектебінің

География пәні мұғалімі Нургалиева Аманжан Бактыбаевна

Тақырыбы: «-Географиялық бәйге»- білім сайысы

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың - география пәнінен алған білімдерін қайталау, қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жарты шарлардың физикалық картасы, тақырып слайдтары.

Әдісі: Сайыс

Жүрісі:

1-ұйымдастыру кезеңі

2-таныстыру кезеңі ( сайысқа 2 топ қатысып, сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түседі)

3-сайыс

Барысы: -Қайырлы күн, бүгінгі сайыстың құрметті қонақтары. - Бүгін біздің «-Географиялық бәйге»- атты ойын сайысын бастаймыз. - Бүгінгі ойын сайысқа 6 «-а»- сыныбы қатысады, яғни әрбір топтан 4 оқушы шығады. Сонымен бізде екі топ қатысады.

І топ&ndash- «-Меридиан»- тобы

ІІ топ&ndash- «-Параллель»- тобы

Әділқазылар алқасы бес балдық жүйемен оқушылардың білім дәрежесін бағалайды. Жіберілген кемшіліктерді ескертіп отырады.

- - Енді ойын шарттарымен таныстырып өтелік.

І кезең &ndash-Таныстыру

ІІ кезең &ndash- - Топ басшылар сайысы

ІІІ кезең &ndash-Жұмбақ жасыру, оның шешуін үш тілде айту.

ІV кезең &ndash- Адасқан әріптер, берілген сөздердің орнын табу.

V кезең &ndash- «-Апатқа ұшырағандарға көмекке ұмтылу»-.

VI кезең &ndash- «-Менен баста»- ойыны

VIІкезең &ndash- «-Жасырын сөз»- ойыны

- Ойынымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейік. География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «-география»- деп атаған екен. Және, ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен.Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды. Сондықтан қазіргі жарысқа түскен оқушылар өздерінің физикалық география курсынан алған білімдерін көрсетеді. Ал енді ойнымызды бастаймыз. 1-ші команданы шақырамыз. (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады.).  -Ортаға 2-ші команданы шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады). Командаларға сәттілік тілейміз.

I бөлім. «-Таныстыру»- екі команда ортаға шығып, өздерін таныстырады.

1. «-Меридиан»- тобы

2. «-Параллель»- тобы .II бөлім. «-Бәйге»- топ басшылар сайысы.  -«-Меридиан»- тобының басшысына сұрақ

  1. Экватордың ұзындығы (40 -000км)
  2. Жер бетінің ауа қабаты (атмосфера)
  3. Белгілі бір жерге тән жыл сайын қайталанып отыратын ауа райының жиынтығы

( климат)

  1. География ғылымының дамыған жері .... (Ежелгі Грекия)
  2. Су қабығының латынша атауы - - - - - - - (гидросфера).
  3. «-География ғылымының атасы»- атанған грек оқымыстысы ... (Эратосфен)
  4. Дүние жүзіндегі - ең терең шұңғыма - (Мариан).
  5. Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы - - (мұхит).
  6. Азимуты 90˚ болатын көкжиек тұсы ... (шығыс)
  7. ... ең ұзын параллель (экватор)

«-Параллель»- тобының басшысына сұрақ

  1. Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз. (темірқазық)
  2. Биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. (горизонтальдар)
  3. Салыстырмалы биіктікті ... құралымен өлшейді. (деңгейлегіш)
  4. Жердің сыртқы қатты қабығы - (литосфера).
  5. Жердің ішкі құрылысы ... тұрады. (жер қыртысы, мантия, ядро)
  6. Ең терең көл - (Байкал).
  7. Тау жыныстарын құрайтын табиғи заттар (минералдар)
  8. «-Жол»- деген мағынаны білдіретін араб сөзі (азимут)
  9. Масштабтың неше түрі бар? (үш)
  10.  -Жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында - түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат -  - - - - -(магма).

III бөлім. Жұмбақ жасыру, оның шешуін үш тілде айту. «-Меридиан»- тобы

 -

Ешбір тірексіз күмбез,

Жылт-жылт еткен,

Ешбір сүйексіз күмбез.

Жылғадан өткен.

Ешкім көтере алмайтын күмбез,

(су, вода, water)

Ешкім төңкере алмайтын күмбез.

(Аспан, небо, the sky)

Тұрғыны жоқ елдер,

үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

суы жоқ теңіздер

(карта, карта, map)

Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады.

(кітап, книга, book)

«-Параллель»- тобы Көтеріліп теңізден,

Ол келсе орман шулайды,

Аспанға биік барамын.

Толқын теңіз тулайды.

Биіктен қайта түскенде,

Қуса өзін қуады,

Өңі кірер даланың.

Ешкім оны қумайды.

(жаңбыр, дождь, rain)

( жел, ветер,wind)  -

Ай үстінде асыл тас,

Алайын десем табылмас.

(жұлдыз, звезда, star)

Қолы да жоқ, көзі жоқ,

сурет салар өзі кеп

(аяз, мороз, frost)

IV бөлім. Берілген сөздердің орнын табу  -«-Меридиан»- тобына - -

  1.  -Л п о ю с - - полюс
  2. Т а р к а &ndash- карта
  3. И а н м е д р и &ndash- меридиан
  4. М т у з и а &ndash- азимут
  5. Е ф а м о т а с р - атмосфера

 -«-Параллель»- тобына

  1. Ф р е а с д и г о р &ndash- гидросфера
  2. И о н г з т ь л а р о &ndash- горизонталь
  3. С п м а о к - - компас
  4. Қ л ы й о б &ndash- бойлық
  5. Ғ д а а р у а л б - бағдарлау

V бөлім. «-Апатқа ұшырағандарға көмекке ұмтылу»-. «-Меридиан»- тобына тапсырма

  1. Еуропадан Австралияға келе жатқан кемеде өрт болды. Кеме координаты 80°- ш.б пен 40°- о.е еді. Кемеге көмекке бару үшін, ол қай жерде екенін анықтаңыз.

«-Параллель»- тобына тапсырма

  1. Теңізшілер ішінде хаты бар шөлмек тауып алды. Апатқа ұшырағандар көмек сұраған. Шөлмекке кірген су кейбір әріптер мен сандарды өшіріп жіберген, онда тек 42 е. және 173 б. Жаңа - ...... аралы деген үзінділер қалған. Кеме қай жерде апатқа ұшыраған?

VI бөлім.. Тақтада әліпбидегі кейбір дауыссыз дыбыстар бойынша сұрақтар берілген. Бұл сұрақ жауаптарының басқы әріптері - алфавитпен байланысты болады. Дұрыс жауап &ndash- 5 ұпай.

БВГДЖЗКҚ
ЛМНПШСТФ
  1. Б &ndash- Көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін, қозғалыс бағытын анықтау.(Бағдарлау)
  2. В - Машина маркасымен аттас өзен. - - - (Волга)
  3. Г &ndash- Жер бетіндегі нүктенің экватордан градуспен алынған қашықтығы. (географиялық ендік)
  4. Д &ndash- Шөп басқан,батпақсыз жазық жер - - - (Дала)
  5. Ж &ndash- Жер бетінің біршама тегіс және белесті алқабы (Жазық)
  6. З &ndash- Жануарлардың жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым (Зоогеография)
  7. К &ndash- Қазақстан қаласы (Көкшетау)
  8. Қ &ndash- Таудағы қар жыл бойы ерімейтін биіктікті көрсететін сызық  -(Қар жиегі)
  9. Л &ndash- Жер бетіне шығып, газынан айрылған магма - - (Лава)
  10. М &ndash- Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі (Масштаб)
  11. Н &ndash- Салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал - - (Нивелир)
  12. П &ndash- Күнді айнала - қозғалып жүретін және Күн жарығымен жарқырап көрінетін аспан денесі - (Планета)
  13. Ш &ndash- жер қыртысында су, жел, т.б күштер әсерінен пайда болатын тау жыныстары (шөгінді тау жыныстары)
  14. С &ndash- Жер сілкіну қайталанып тұратын аймақ - (Сейсмикалық аймақ)
  15. Т &ndash- Бір - бірімен өзара байланысты табиғат кешендерінің біртұтас жүйесі - - ( табиғат кешені)
  16. Ф &ndash- Географияның бір саласы - (Физикалық география)

VII. Жасырын сөз. Мына сөздердің ішінен артық әріптерді алу арқылы, географияға қатысты терминдерді табу. Щгкартаенглобусыцжерьтимеридианвяфэкваторцуебағдарлауэхъпланмслитосфераглнетаудлөзенбсымуссонэрнклиматнавкаспийэжютасқынукпнілд. Жауаптары: карта, глобус, жер, меридиан, экватор, бағдарлау, план, литосфера, тау, өзен, муссон, климат, каспий, тасқын, ніл

VIIІ. Марапаттау. Ұпайлар саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады, -жеңген топ марапатталады.

IХ.Қорытынды «-Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Дарындылық пен тапқырлық Жеткізеді сіздерді География сырына»-, - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз. Сайысқа қатысқан оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: географиялық, бәйге, география, сайысы, білім
Просмотров: 773 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar