Көміртек және оның қосылыстары 9-сынып - химия - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Көміртек және оның қосылыстары 9-сынып - химия
24.11.2014, 21:28

ДБМ «-Дарын»- мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі Жумагулова Г.С.

31 эксперимент тобымен өткізетін ашық сабақтың құрылымы

Пән мұғалімі Жумагулова Г.С. Химия

Көміртек және оның қосылыстары 9-сынып

Сілтеме

1.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.

2. Қазақ совет энциклопедиясы.

3. Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексембина К.

4. Фельдман Ф.Г., Рудзитис Г.Е. Жалпы химия.

5. Интернет көзінен мәлімет.

Жалпы мақсаттары

&bull- -Білімділік: көміртек мысалында атом құрылысы мен аллотропиясын қарастыру және салыстыру. Көміртектің өндірісте, зертханада, медицинада қолданылуына тоқталу. Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін меңгеру

&bull- -Дамытушы: оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында алған теориялық мәліметтерін салыстыра алуға және анализ жасай алу жолдарын дамыту, оны практикада қолдануы мен қорытынды жасай алуға үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

&bull- -Тәрбиелік: оқушылардың жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

Күтілетін нәтижесі Көміртегі тақырыбының жан-жақты теориялық және өмірмен байланысты мәліметтерді қарастыра отырып, топта пікірлесуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, пікірін айта білуге, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуге, жұппен жұмыс жасай білуге, өзін-өзі бағалауға, өзгені тыңдай білуге үйренеді

Негізгі идеялар -Көміртегі тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтай отырып, оның маңыздылығын және оны өмірде қолданылуын ұғыну.

Тапсырмалар

1- әрекет. «-Еске түсірейік!»- атымен үй тапсырмасын тексеру. Берілген 9 cұраққа «-+»-, «--»- түрінде жауап беру, Блум таксономиясы негізінде тапсырманы орындау (жеке жұмыс).

2- әрекет. «-Ой қозғау»- стратегиясы. 3 топқа тапсырмалар беру:

1-топ: СО3 2- сапалық реакциясын анықтау.

2-топ: Мұнайға сипаттама беру.

3-топ: Активтелген көмір бойынша түсінік беру.

Мақсатты айқындау (топтық жұмыс, топты топ бағалауы).

3- әрекет. «-Теория әлеміне саяхат»- таблицаны толтыру (Постер құру арқылы топтық жұмыс жасау, топты топ бағалауы)

Ақпараттық құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар (жоспарлау және ақпаратты іздестіру аспектісі).

Тапсырма: Берілген таблицаны қосымша мәліметтерді жинақтай отырып толтырыңыздар. 3 топқа теориялық тапсырма үлестіріледі:

1-топ: Көміртектің атом құрылысы мен аллотропиялық түр өзгерісі-

2-топ: Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері-

3-топ: Көміртектің алынуы мен қолданылуы, табиғаттағы айналымы (топтық жұмыс, топты топ бағалауы).
Сергіту сәті (Ой жинақтау үшін бастарына кітап қойып қозғалу).

4- әрекет. -«-Миға шабуыл»- Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар орындау (жеке, жұптық жұмыс).

5- әрекет. -Кері байланыс. Рефлексия

Үй жұмысы -1.§-22-24. Көміртек тақырыбын оқу, параграф соңындағы жаттығулар орындау: А,В.С деңгей. 2.Эссе жазып келу 150 сөз.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қосылыстары, оның, және, 9-сынып, химия, Көміртек
Просмотров: 1337 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar