Өлкеміздің топонимикалық атаулары - география - ашық сабақтар - ашық сабақтар - ашық сабақтар сайты - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Өлкеміздің топонимикалық атаулары - география - ашық сабақтар - ашық сабақтар - ашық сабақтар сайты
22.11.2014, 11:59

Өлкеміздің топонимикалық атаулары

- география - ашық сабақтар - ашық сабақтар - ашық сабақтар сайты

 

5 &ndash- сынып -

Пән:Өлкетану

Тақырыбы: -Өлкеміздің топонимикалық атаулары

Сабақтың мақсаты : -Оқушыларға Топонимика нені зерттейді, ол қандай ғылым және еліміздің топонимикалық атаулары жайынды әңгімелеп беру-

Оқушы санасынан өлке деген сөзге түсініктеме беру арқылы олардың - ой &ndash- өрісін дамытып , өзіне деген сенімін пәнге деген қызығушылығн арттырады.

Адамгершілікке ,Отанның сүюге , еңбекке баулу арқылы адам өзінің мемелекет қазынасы екендігін түсінеді.

Сабақ көрнеклігі:Суреттер, таратпа карточкалар, қосымша материалдар,суреттер

Сабақ түрі:Аралас

Сабақ әдісі: -Әңгімелеу,пікір &ndash- алмасу-

Сабақ жоспары:

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

Оқу құралдарын тексеру

Әнұранды орындау. «-Хабар»-

Оқушылар зейінің сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.Жалпы ұлы Ақын Абай Құнанбаев жайында рефераттарды - қорғау

2.Тартпа карточкалар арқылы алған білімдерін тексеру.

3.Лездік сұрақтар қою

1.Абайдың мемлкеттік мұражайы қайда орналасқан?

2.Абайдың мемлекттік мұражайы қай жылдан бастап жұмысын атқарып келеді?

3.Онда қандай тарихи жәдігерлер бар?

4.Абайдың мемлекеттік мұражайында барлығы қанша қор сақталған?

ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары :

  1. Топонимика
  2. Шығыс Қазақстан облысының аудандары

Топонимика -«-топос»- &mdash- орын, жер, «-онома»- &mdash- атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топоним -дер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:

  1. семантикасы -(мағынасы)-
  2. жасалу жолдары-
  3. этимологиясы.- жер атауының яғни сөздің - шығу тегін

Топонимика -география, -тарих, тіл білімі, этнология -ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды.

Шығыс Қазақстан облысының топонимикалық кеңістігін жеке алып қарағанда, оның тілдік қабаты (стратиграфиясы) үш қабаттан тұратыны анық байқалады. -Біріншісі -ерте заманнан түркі қабаты құрайды. Тілтаным ғылымында шартты түрде алтай тіл бірлестігі дәуірі, сақ, ғұн, түркі кезеңдері деп бөліп жатады, алайда нақты бір жер-су атының қашан пайда болғанын тап басып анықтау қиын. Сонда да көне атауларға Алтын йыш-Алтынтағ-Алтынтау (қазіргі Алтай), Мұзтаг-Мұзтау, Ертіс, Бұқтырма, Күршім, Аршаты, Алтықыз, Қаба, Бейнетеңіз (қазіргі Зайсан), Барқытбел (қазіргі Тарбағатай), Қалба сияқты топонимдерді жатқызуға болады. Түркі қабаты қазіргі аумағымызда ресми тіркеліп жүрген 20000 атаудың 74,8%-ын құрайды.Екінші қабат ХІІІ ғасырдан бастап еніп, 1755 жылдарға дейін, яғни Жоңғария құла­-ғанға дейін жалғасқан моңғол тілді топонимдерден тұрады. Ол атаулардың көбін қазақтар қайтадан өз тілдеріне аударып алса, көбі фонетикалық өзгеріске түсіп, тілімізге бейімделіп кетті. Мысалы, Алтай, Зайсан, Тарбағатай, Қалжыр, Күрті, Тұрғысын, Тайын­-ты, Арқауыл, Бүркітауыл, Долон, Ұлан, т.б. Облысымызда шамамен 10%-дай моңғол атаулары сақталып қалған.

Үшінші қабатты -Жоңғария құлағаннан кейін көп ұзамай келе бастаған славян тілдеріндегі топонимдер құрайды. Ол атаулар 1760, 1870 жылдардан бастап үздіксіз еніп жатты. Аймақ атауларының 15%-ы орыс, украин, белорус тілдерінен жасалған: Быструшка, Тихая, Сухойлог,Каменка,Шеманаевка,Нико­-лаевка,т.б.
Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қоныстанған.

Шығыс Қазақстан облысының аудандары -слайд

  1. Абай ауданы (Шығыс Қазақстан облысы)
  2. Аягөз ауданы
  3. Бесқарағай ауданы
  4. Бородулиха ауданы
  5. Глубокое ауданы
  6. Жарма ауданы
  7. Зайсан ауданы
  8. Зырян ауданы
  9. Катон-Қарағай ауданы
  10. Көкпекті ауданы
  11. Күршім ауданы
  12. Тарбағатай ауданы
  13. Ұлан ауданы
  14. Үржар ауданы
  15. Шемонаиха ауданы

ІҮ.Сабақты бекіту.

1.Топонимика дегеніміз не?

2.Жер су аттарын неше бағытта зерттейді?

3.Топонимика қандай ғылымдармен байланысты?

4.ШҚО топонимикалық атауларының тілдік стратиграфиясы неше қабаттан тұрады?

Ү.Бағалау.

ҮІ.Үйге тапсырма беру. -Тақырыпты мазмұндап келу.Қосымша Өз өлкендегі топонимикалық атаулары жайында қосымша мәліметтер жинақтау

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: география, атаулары, сабақтар, топонимикалық, ашық, Өлкеміздің
Просмотров: 447 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar