Наурыз туралы өлеңдер мен тақпақтар - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Наурыз туралы өлеңдер мен тақпақтар
[ Скачать с сервера (0.4Kb) ] 18.03.2015, 09:19

Наурыз туралы өлеңдер топтамасы

Қанша ғасыр сән берген даламызға,

Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.

Сәлем, Наурыз!

Сен біздің арамызға

Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.

 

Сен ең көне жырысың санамыздың,

Рухи шаттығымсың тасып толған.

Сені тойлап бабасы бабамыздың,

Әжемнің әжесіне ғашық болған.

 

Сен бүгін арнасысың дара күйдің,

Сан пейілдің төріңнен күлімдейсің.

Сен менің ұлы бабам Фарабидің

Кешігіп келе жатқан үніндейсің.

 

Басыңды көтер, қане, күн қақтаған,

Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың.

Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған

Сен бізге Шәкәрімнің жырындайсың.

 

Ғасырды көктеп өтіп сұңқар сезім,

Немерем тік көтеріп уақыт туын.

Ғашығына арнаған іңкәр сөзін,

Өзіңнің тойыңда айтса – бақыттымын.

*****

Көктем келбеті

Ызғарлы күн ауысып,

Көгінде қарын тауысып.

Көктем лебі еселі,

Таңғы нұрмен қауышып.

 

Табиғат көркін келтіріп,

Жан-жануар серпіліп.

Күттірген көктем келдің бе,

Жайқалған гүлмен желпініп.

 

Көк майса көктем келбеті,

Өзгеріп өңір, жер беті.

Адамзат, бейне көрінер,

Кеткендей қыспен бар дерті.

******

Таңғы әуен

Тамылжыған таңның әсем әуенін,

Сергек сезім, лағыл-ляззат дер едім.

Жамыраған ай жүзіктей сәуледен,

Шапағаттың шар айнасын көремін.

 

Таң шығынан сілкіндірген гүл-өңір,

Дір еткендей сезінемін денем бір.

Таңғы әуен – тершілікке құштарлық,

Құштарлық боп жамырайды өлең-жыр.

******

Ұлыстың қадам басып ұлы күні,

Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.

Көңіл де наурызбенен шешек атсын,

Жүректің сарқылмасын жылылығ

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: туралы, өлеңдер, тақпақтар, Мен, Наурыз
Просмотров: 535 | Загрузок: 111 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar