Үшбұрыштар әлеміне саяхат атты математикалық кеш - сценарий - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Үшбұрыштар әлеміне саяхат атты математикалық кеш - сценарий
22.11.2014, 12:13

Үшбұрыштар әлеміне саяхат атты математикалық кеш

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы

№13 жалпы орта білім беретін мектеп

Математикалық кеш

Өткізген: Математика пән мұғалімі Жұмағанбетов Д.Ш

2013-2014 оқу жылы

Күні: 07.12.13ж

Сыныбы: 7-9сыныптар

Кештің тақырыбы: «-Үшбұрыштар әлеміне саяхат»- атты математикалық кеш

Кештің мақсаты: -Оқушыларға ертегі арқылы үшбұрыштың түрлерінен алған білімдерін көтеру.Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту, математиканың жұмбақты да, қызықты есептерімен таныстыра отырып, ойлау қаблеттерін жетілдіру.
Көрнекілігі: - геометриялық фигуралар, математиктер сөздері. Интерактивті тақта, слайдтар.
Кеш барысы:

1-жүргізуші:

 - - - - - - - Уа,халайық!

 - - - - - - - Бәріңе бірдей жар салайық,

 - - - - - - - Математика тілін үйренем деушілерге,

 - - - - - - - Математика тілін білмек ойы барларға

 - - - - - - - Математика тілін білмек ойы барларға

 - - - - - - - Математика құмарлығын арттыруға талпынушыларға

 - - - - - - - Бүгін болатын кешімізді арнаймыз.

2-жүргізуші:

«-Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

 -Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім»- --деп Абай атамыз айтқандай уақытында геометрия сырын түсінбей,кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін,бүгінгі таңда геометриялық фигуралармен сырласып,кейбіреулермен мұңдасып қалу үшін өткізгелі тұрған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Сіздерден бір тілегіміз,

Үндемей босқа тұрмаңыздар.

Білмегенді сұраңыздар,

Оның бәрі аз болса,

Ойдан есеп құраңыздар.

Жүргізушілер бірге:

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

Нұрын,сырын көруге

Көкірегіңде болсын наз.

1-жүргізуші:

Кешімізджің бірінші бөлімі:

Үшбұрыштар еліне саяхат

2-жүргізуші:

Екінші бөлімде әр түрлі есептер шығарылып,ойындар ойналады.

(Музыка ойналады,жүргізуші кетіп,сахнаға ертегіші ойнай шығады,үстінде шапан үшбұрыштан жасалған оюлар,басында үшбұрышты бас киім).

Ертегіші апай:

Ерте,ерте,ертеде

Ешкі жүні бөртеде

«-Үшбұрыш»- атты хан болыпты,

Бір руға тең болыпты. -(үстінде шапан,басында тең қабырғалы үш бұрыш болып жасалған тақиялы хан шығып таққа отырады).

Екі баласы болады: 1) Тең бүйірлі үшбұрыш

2) Әртүрліқабырғалы үшбұрыш

Немересі: Сүйір бұрышты үшбұрыш

Шөбересі: Доғал бұрышты үшбұрыш

Неменесі: Тікбұрышты үшбұрыш

Ән: Еркем-ай

2-бөлім: Қызықты есептер

1. Алманың жартысы неге ұқсас. (екінші жартысына)

2. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10 он, 100 жүз)

3. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептешісоныңбәрі
аншаболдықолда бары (6)

4.Қыңырдың жасы нешеде? /Халық есебі/

Көршісі есепке құмар бір қыңыр көршісінен жасын сұрағанда ол былай деп жауап беріпті.
- менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселесеңіз және 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселесеңіз , сонан соң алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәлменіңжасымдытабасыз. Қыңырнешежаста?

5.Қандай - цифрлардың - көбейтіндісі де,қосындысы да - 6-ға тең. - /1,2,3/

6.1 - - - - - - - - - - -цифрын 5 рет - пайдаланып, 100 қалай жазуға - болады./111-11=100/

7.2 - - - - - - - - - - -цифрын 4 рет пайдаланып 1-ді қалай - жазуға - болады./2+2:2*2=1/

* - - - * - - - *

* - - - * - - - *

 - - - - - * - - - *

8.Суреттегі - нүктелерді кесінділермен - қоса - отырып, қанша - квадрат шығаруға - болады. /4/ - - - - - -

9.Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

 -44444444 = 500 - - - (444+44+4+4+4 = 500)

10.Мына 1888 санына екі бөліккебөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын.

/1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу керек/.

 -«-Тапқырлар»- тобы.

11.Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын - қой?

333333 = 1000 - - - (333*3+3/3 = 1000)

12.(әзіл есеп) &ldquo- Түлкі мен қасқыр&rdquo-.

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады &ldquo-Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл&rdquo- дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Қасқыр-100

Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық

Соңында кешке жақсы қатысқан оқушыларға сыйлықтар беріледі.

1-жүргізуші:

Бүгінгі кешімізге қатысқан оқушыларға рахмет айта отырып Ыбырай ата жазған өлең шумағын оқиық(екеуі бірге)

Оқысыңдар балалар

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: кеш, саяхат, әлеміне, атты, математикалық, Үшбұрыштар, сценарий
Просмотров: 704 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar