Тәуелсіздік-тұғырым - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Тәуелсіздік-тұғырым
22.11.2014, 12:52
Тәуелсіздік-тұғырым
(Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара)

«Арнау»
1986-шы жыл екен
Аянышты сол жылдың бірі екен
Естуімше ел ел деген құрбандар
Қан төгіпті ,бұл көңілдің кірі екен.

Қан майданға студенттер шығыпты
Елі үшін жауға тығыпты
Осы күндер жүрекке сыр салады
Талай жастар қаһарман болып шығыпты.

Елі үшін жанын берген Қайрат,Ләззат
Солар үшін жанып толғап жүрегім тербеп барады
Қазағымның сол тағдырын ойласам
Мен ойлаймын төзімді неткен қазақ десеңші
Беріпті талай құрбан қазақтарым
Көріпті әне сондай азаптарын
Қиын күндер өткізіп бастарынан
Тәуелсіздік алыпты азаппе

Жүргізуші.

Егемен ел – Қазақстан жатыр бүгін гүлденіп,
Арман болған тәуелсіздік есік қағып, кірді еніп.
Туың асқақ көтерілді, тұған елдің төрінде,
Шаттан қазақ аппақ көңіл жүрмесінші кірленіп.
Қазақстан – Отаным деп қуанамын мен оған,
Өз жерімде еркін өссем, бақыт барма басқа одан.
Болашағың елестесе өркен жайған ел болып,
Жүрегімнен жыр ақтарып, әнге қосам сені, Отан!

Жүргізуші.
-Армысыздар, құрметті ұстаздар мен шеберлер, колледж қызметкерлері және студенттер! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құтықтай отыра , Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Ведущий
- Добрый день, дорогие преподаватели и мастера, сотрудники и учащиеся нашего колледжа!
Поздравлаяем вас с днем Независимости. Разрешите торжественное мероприятие посвященное ко Дню Независимости объявить открытым.

Жүргізүші
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесінің құттықтау сөзін колледжіміздің директоры ----------------------- береміз.

Ведущий
Да действительно 1991 год был знаменательным для Қазахстана.
Ведь именно в этом году распался СССР, в этом же году Казахстан получил независимость. А путь к независимости был долгим, тернистым и нелегким.

Жүргізуші. ( Суреттер-слайд- «Тарихи портрет»)

ХҮІІІ ғ. Алғашқы ширегінде өзінің мемлекеттік тұтастығы мен тәуелсіздігінен айырылған қазақ халқы бұдан былайғы уақытта өзінің түпкілікті ұлттық мүдделері мен ерекшіліктері үшін ұзақ та азапты күрес жүргізуге мәжбүр болды.
Ол өз мемлекеттігін қалпына келтіру әрекетіне көшті, бірақ, әр түрлі себептерге байланысты өз мақсатына жете алған жоқ.. Деседе, ұлттық және мемлекеттік тәуелсіздік үшін күрес жолында халық ірі тарихи тұлғаларға бай екенің анық көрсетті. Бұл жерде Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы, Сырым Датұлы, Амангелді Иманов сынды тағыда басқа батырларымыздың есімдерің атап өтуге болады.
Тәуелсіздік қазаққа оңайшылықпен келмеді. Ресей патшалығының отарлау саясатың Кеңес Үкіметі жалғастырды. Қазақстан Қеңес Үкіметінің теріс саясатының құрбаны болды, нақты айтсақ :
1) Ұжымдастыру саясаты 1931 жылдардағы жасанды жаппай ашаршылыққа әкеп соқты, мыңдаған адам дала безіп,елін тастап кетсе қалғандары аштықтан қырылды.
2) Қазақстан Сынақ полигондар аймағына айналып кетіп, мыңдаған адамдар ауруға шалдықты.
Тарихи жердің тұтастығын сақтауда, тілі мен ділін сақтауда, тәуелсіздік үшін күресте талай адам өмірін қиды. Бірақ тек солардың күресінің арқасында ғана 1920 жылы Қазақстан алғашқы рет Автономиялық құқыққа қол жеткізсе,1936ж Қазақстан КСРО-ның құрамына одақтас республика ретінде қабылданды. Сондықтанда 1991 жылы КСРО ыдырағанда біз ешкімге жалтақтамай, ешкімнен рұқсат сұрамай өзіміздін егемендігімізді жариалап,тәуелсіздікке қол жеткіздік.
1979ж Целиноград қаласында болған оқиғалардың арқасында қазақ халқы өз жерінің тұтастығын сақтап, қазақ жерінде неміс автономиясының құруына жол бермеді.
Тәуелсіздік пен Желтоқсан егіз ұғым. Өйткені бұлар бір-бірін толықтырып тұрады.Сол 1986ж Алматыдағы бұрынғы Брежнев алаңындағы көк тайғақта, беттерің желтоқсанның аязы қарыған жастардың жүректері «Мен-қазақпын» деп дүрсілдей соқпаппа еді?
Тек сол кезде олар содан тура 5 жыл өткенде Тәуелсіздік таңы атарын білгенде жоқ болатын. Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира-тағы еліміздің 1000 –даған жастары бостандық аңсаған еліміздің қарлығаштары еді.
Қазақ жастары дүниені дүр сілкіндірді. Алаш атың аспанға осы желтоқсан оқиғасында паш етті. Жазықсыз құрбандыққа шалынған жігіттеріміз бен қыздарымыз қайсарлық танытты.

1991жыл шын мәнінде таңдаулы жыл ретінде Қазақстан тарихына еңді:
- біріншіден КСРО құлдырауға кетті,
- екіншіден, оның құрамында болған мемлекеттер өз тәуелсіздігін жариялады.
Міне, осылардың бәрі біздің елімізге де қатысты болып, сол жылы, яғни 1991ж 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» 18 баптан тұратын Конституциялық Заң қабылданды. Онда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жария ететінің білдірді. Сондықтан әр жыл сайын 16 желтоқсанда біз тәуелсіздік күнін атап өтеміз.

- Ведущий
Казахстан- это имя страны,
Казахстан- это имя свободы.
Казахстан-это солнечный свет,
Казахстан-это крылья народа,
Казахстан- это крылья побед.

Песня «Атамекен » в исполнений -------------------------------------------

Жүргізуші.
-Өмірдің қилы өткелін бастан кешірдің,
Азапты жылдар елесін бүгін өшірдің.
Арайлап көктен ақиқат таңы ашылды,
Таңбасы өшіп өкініш пенен кесірдің.

-------------------------------- орындауында КҮЙ: « »
Ведущий
Декабрьские события 1986г оставил неизгладимый след в памяти казахстанцев. Среди нас есть люди, которых эти события коснулись прямо или косвенно.
И сегодня мы предлагаем вам послушать воспоминание одного из участников декабрьских событии 1986 года ---------------------------------
« Аудиоролик»
Ведущий
Қазақстан – айбарым
Тарихы бар дастанындай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.
Қазақстан – алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен тендіктің.
Қилы тағдыр,сан тауқымет сомдаған
Ер халқын бар мәнгі сені қолдаған.
Қазақстан, еркін елсің сен бүгін,
Бұрын – соңды тарихында болмаған!
Егеменді ел болып,
Тереземіз тең болып
Тәуелсіздік алауын жаққан елім!
Ата-бабам жанын қиып қорғаған,
Тәңірі қолдап бақ-береке орнаған.
Қазақстан, азат елсің сен бүгін,
Ақ тілегін болашаққа арнаған.
Ұлы отаным-айбарым, ән-ұраным,
Күнге сәлем жолдаған қос пырағым
Жаңа ғасыр, мың жылдықтың көгінде,
Қалықтай бер, алтын қанат қыраным!

* Колледжіміздің түлегі ------------------ ----------- бүгінгі мерекеге өзінің «Арнауын» әкеліпті, ендеше сөзді өзіне берейік.

Жүргізуші.
Мейман болсаң жаюлы дастарханым,
Қымыз құям, алдыңа бас тартамын,
Ән, би менен өтеді атқан таңым.

---------------------------------- «Қазақ биі»

Жүргізуші.
Мен-қазақпын, беделдімін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім.

------------------------------------орындауында Ән «Елім менің асқарлы»
Жүргізуші
Біз қазақ деген-мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Еліміздің құт –берекесі қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған , басынан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, Дәм –тұзды ақтай білген елміз.
Аз-да болса 19 жылда талай жетістікке жеткен елміз.
Ендеше сол жетістіктерге көз тастап
«Тәуелсіздік шежіресіне» назар аударыңыздар.

Ведущиий
От Южного Урала до Алтая,
Где расцветает в яблонях весна,
Лежит страна, от солнца золотая,
Раз в десять больше Англии она.
Взмах орлинного крыла в удел тебе дан,
Величаво раскинувшиися Казахстан.
И повсюду в земле залегли без конца
Кладовые железа, угля и свинца.
Песня «Здравствуй ,страна» в исполнении ----------------
.
Жүргізуші.
Танымасаң танып ал, мен қазақпын,
Жағам жайлау, көңілім көл қазақпын.
Ұлтым бай, іргелі ел қазақпын,
Ырысым бар,нұр жері ел кең қазақпын.

----------------------------------------------- Би «Ұйғыр биі»

Жүргізуші.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан беделді халықаралық ұйымдармен байланысты нығайтты, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді.Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды. Сондықтан әр бір жас ұрпақ, елдің ертеңгі азаматтары өз қоғамын, оның құрылымын, ондағы қарым-қатынастарды, әлеуметтік бірлікті,өзінің қандай қоғамда өмір сүріп жатқанын өз енбегі мен өмірінің мәні неде екендкгін білу қажет, дей келе бүгінгі салтанатты кешімізді « Атамекен » әнімен аяқтайық.

Ускембаева Акмарал Төлеуліқызы
Колледж оқытушысы
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Тәуелсіздік-тұғырым
Просмотров: 1203 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar