Зерде - ашық сабақтар - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Зерде - ашық сабақтар
22.11.2014, 12:19

Зерде

Айбасова Күміс Маралқызы

Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Хромтау ауданы

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: -4

Тақырыбы: -Зерде

Мақсаты: -1) Оқушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған білімдерін тексеру-

2) Ойлау қабілетін, түрлі дағдыларын дамыту, белсенділігін, ынтасын арттыру-

3) Ұжымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: -сұрақ-жауап, ойландыру

Көрнекі-құралдар: -интерактивті тақта, кеспелер

Түрі: -интелектуалдық ойын

Өту барысы:

І Кіріспе кезең

Ойынның тақырыбымен, мақсатымен, бөлімдерімен, топтармен таныстыру, әділқазылар алқасын сайлау.

ІІ Негізгі кезең

1-бөлім: Блиц сұрақтар

Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топ мүшелері сұрақтарға шапшаң жауап берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан иеленеді.

«-Тапқырлар»- тобына қойылатын сұрақтар:

  1. 1 метрде неше см бар?
  2. 1 сағатта неше минут бар?
  3. Кез келген санды нөлге көбейткенде неше болады?
  4. Сөз мәйегі не?
  5. Домалақ ананың әулиелігі жөнінде қай шығармада айтылған?
  6. «-Кішіпейілділік»- әңгімесінде кімнің жақсы қасиеттері туралы айтылады?
  7. Екі не одан көп сөздерден құралған сөз қалай аталады?
  8. Бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысатын сөздер.
  9. Жер бедерінің биік бөлігі не?
  10. Салқын сөзіне қарама-қарсы сөз.

«-Білгірлер»- тобына қойылатын сұрақтар:

  1. 1 км-де неше м бар?
  2. 1 минутта неше секунт бар?
  3. Кез келегн санды 1-ге көбейткенде неше шығады?
  4. Өзі бай болса да тынбай еңбектеніп, айналасындағыларға көмектесіп жүретін кім?
  5. «-Ересек оқушы»- әңгімесі кім туралы?
  6. Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөз
  7. Екі не одан көп жай сөйлемнен құралатын сөйлем
  8. Теп-тегіс жер қалай аталады?
  9. Көрікті - сөзіне мәндес сөз
  10. Шешендік сөздер деген не?

2-бөлім: Керемет төрттік

Қазақ тілі, әдебиет, математика, дүниетану пәндері бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр пән бойынша 30 ұпай, 20 ұпай, 10 ұпай сұрақтары, әр ұпайда 2 - сұрақтан бар. Топ мүшелері жеке- жеке сұрақ таңдап, жауап береді.

Математика

30 - ұпайлық сұрақтар:

  1. v=30 км/сағ
  2. 2. v=30 км/сағ

S=150 кмS=150 км

t= ?t= ?

20 - ұпайлық сұрақтар:

  1. Жұмысты табу үшін не істейміз?
  2. Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыстың жақындау жылдамдығын табу үшін не істейміз?

10 ұпайлық сұрақтар:

  1. Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін не істейміз?
  2. Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін не істейміз?

Қазақ тілі

30 - ұпайлық сұрақтар:

  1. Фонетика, синтаксис нені зерттейді?
  2. Күрделі сөздер деген не? Оларға қандай сөздер жатады?

20 ұпайлық сұрақтар:

  1. Сөйлем мүшелерін ата. Олар қалай бөлінеді?
  2. Сөз мағыналары

10 ұпайлық сұрақтар:

  1. Дыбыстар қалай бөлінеді?
  2. Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата.

Әдебиет

30 ұпайлық сұрақтар:

  1. «-Бір жерде тұрлау таппаған,

Қосылмай малы қаптаған..»- - қай өлеңнен үзінді? Авторы кім?

  1. Теңеу деген не?

20 ұпайлық сұрақтар:

  1. Өзінің балалық шағы, отбасы туралы жазған кім және ол шығарма қалай аталады?
  2. Отан туралы мақал-мәтелдер айт.

10 ұпайлық сұрақтар:

  1. «-Ақ ірімшік»- кім туралы?
  2. «-Күріш туралы сыр»- әңгімесінде қарт дихан неге - қапаланды?

Дүниетану

30 ұпайлық сұрақтар:

  1. Далал өсімдіктері мен жануарлары
  2. Пайдалы қазбалар

20 ұпайлық сұрақтар:

  1. Таулар
  2. Жанғыш пайдалы қазбалар

10 ұпайлық сұрақтар:

  1. Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?
  2. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі

 -3-бөлім: Білімпаз

 - - - Ойыншылар қазақ тілі мен математикадан берілген тапсырмаларды жазбаша орындайды.

Қазақ тілінен тапсырмалар:

  1. А) Мына сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер жаз:

Алыс &ndash- - Озды &ndash-

Мейірімді &ndash-  -Ақылды - -

Ә) Мына сөздерге мәндес сөздер жаз:

Жау - дос &ndash-

Бағалы - сымбатты &ndash-

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөз құрамына талда.
  2. Майра - - - - - ... - - - - - барды. 2. Бүгін - - ... - - - - - туған күні. 3. Мен жазда ... - - - - көрдім. 4. Жансая - - - ... - - досы.

3.Сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құра.

1. Берік, алды, дүкенннен, кітапты. 2. Апам, менің, келді, қаладан. 3. Тілімен, бақа, қағып жейді, шыбынды.

4. Мына сөздерді септе: дала, себет.

Математикадан тапсырмалар:

  1. Автобус 50 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Жеңіл машина 20 км/сағ артық жылдамдықпен жүрді. 3 сағттан кейін машина қандай қашықтықты жүріп өтеді?
  2. Тіктөртбұрыштың ені 6 см, ұзындығы 3 см артық. Периметрін тап.
  3. Асан 7 шелек су әкелді, ал Арман 9 шелек су әкелді. Арманның әкелген суы Асанның әкелген суынан 10 л артық. Олардың әрқайсысы неше литр су әкелді?
  4. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 2 есе кем. Тіктөртбұрыштың ауданын тап.

4-бөлім: Сөз ойла, тез ойла

«-Білімпаз»- сөзіндегі әріптерден басқа сөздер құрайды.

ІІІ Қорытындылау кезеңі

Әділқазылар екі топтың ұпайларын айтып, жеңімпаз топты жариялайды, мадақтайды.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сабақтар, Зерде, ашық
Просмотров: 552 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar