Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий
24.11.2014, 21:33

Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий

Жүргізуші: -Сәлеметсіздер ме, құрметті бүлдіршіндер, ата-аналар және қадірлі қонақтар!

Балалар қыз мезгілінде бәріміз асыға күтетін бір мереке бар, ол қандай мерке? Қане айтындаршы? Жаңа жыл өте дұрыс. Жаңа - - жыл меркесі - балалар бүгін біз осы меркені тойлау үшін әсем безендірілген жасыл шырша түбін жиналып отырмыз. Балалар әсем шыршамыз бұданда жарқырап тұру үшін мектебіміздің басшысына құттықтау кезегін береміз. Әсем шыршамыздың шамын жағып берсін.

Жүргізуші: -Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.

Ақ мамыққа бөлеп алады маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел балалар келіндер

Тамашаны көріндер,

Балалар шыршаны айналып жүріп «-Шырша жырын»- айтады.

Жүргізуші: -Қане балалар жаңа-жылға, жасыл шыршаға арнаған тақпақтарымызды айтайық.

 -1 &ndash- бала

Жаңа жыл

Жаңа жыл

Жаңа жылда &ndash- жаңа жыр

(Әліби)

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

2 &ndash- бала

Тамаша

Тамаша

Шыршамыз тұр жараса

(Нұрай)

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса

3 &ndash- бала

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

(Аяжан)

Оранды ақ көрпеге

 -Асқар тау қарлы шың.

4 &ndash- бала  -

Жаңа жыл, жол болсын.

Тынбасын жарқын ән

(Әлихан)

Камбада мол - - болсын

Ақ маржан &ndash- алтын дән

Жүргізуші. -Балалар бізге бірге жаңа жылды тойлау үшін орманнаң аңдар келеді деген сыбыс бар, - қане, - аңдарды ортаға шақырайық келініздер, келініздер. (Түлкі, Тиін, қоян, қасқыр).

О, жарандар, қарандар.

Қызықтандар тойланда,

Келді бізге қонаққа

Ормандағы бар аңдар.

Қандай тату сөздері

Күлімдейді көздері

Төрлетіндер келіңдер.

Тақпақ айтып беріндер.

Динара (Тиін)

Ақ мамықтай киіндім,

Ән мен биге үйірмін

Келіп алыс орманнан

Алдарына иілдім

Ержан (Түлкі)

 -Түлкі сері мен едім

Аңқауды алдап келемін

Алау жақса балалар

 -Менде билеп беремін.

Ермекжан - (Қасқыр)

Қоянға да сенемін

Қозыға да сенемін

Танысайық балалар

Қасқыр батыр мен едім

Мұстафа (Қоян) -

Мен қоянмын, қоянмын

Аппақ қарға бояндым,

Мерекені тойлауға

Ертенменен ояндым.

 -Жүргізуші: -Балалар өткен жылмен келер жылдан иелері ұлу мен жыланды ортаға шақырайық бізбен бірге тойласын. (Ортаға ұлу мен жылан шығады) топқа қосылады.

Жүргізуші: -Дауласпаңыздар, дауласпаңыздар. Ұлу жылы сізге өкпеміз жоқ, бізге көп жақсылық жасадыңыз, рахмет сізге. Жылан жылы қош келдіңіз, сіз бізге көп жақсылық, шаттық, бақыт, табыс әкеледі деп сенеміз, үмітіміз көп! Төрлетіңіздер &ndash- 2 рет.

 -Жүргізуші: -Балалар аяз ата бізге өткен жылы келер жылы тағыда келемін деп уәде беріп еді. Бірақ кешігіп жатыр. Бізді ұмытып кетпеді ме екен. Балалар бәріміз бірігіп Аяз атаға хат жазайық. (конфетке салдық, ал мұны кім апарады береді).

Балалар: -Қардан адам жасайық сол апарып берсін.

(Балалар ақ матадан жасалған домалақты шырша артына апарады, сәлден кейін қар адамды пайда болып, балалар ортаға алып келеді.)

Қар адамды: -Міне мен, міне мен ендерге не керек менен

Жүргізуші: -Қар адамы, біздің балалардың жазған хатын аяз атаға апарып бересін бе?

Қар адамы: -Мен дайынмын, бұл хатты үлкен қуанышпен апарып беремін. -

Жүргізуші: -Балалар біздің хатымызды қар адамы апарып беретін болды.

Қар адамы: -шыршаны айналып жүріп. Бірақ мен қайда барам. Мына үйшіктерде кім бар екен (үйшіктің есігін қағады).

Әтеш: Ку-ка-ре-ку! - Кім бұл?

Мысық. Мияу, мияу, - кім тұрған.

Қар адамы: Бұл мен қар адамы. (Сол кезде үйшіктен мысық пен әтеш шығады).

Қар адамы: -Мен Аяз атаны іздеп жүр едім. Маған мекен-жайын айтындаршы, тез арада балалардың хатын апарып беруім кереке еді.

Әтеш: -мен білмеймін.

Мысық: мен де білмеймін. Мен саған аюдың үйшігін көрсетіп жіберейін тура жолды сол көрсетер.

(Мысық пен Әтеш шыршаны айналып келіп) үйшікке жақындап. Аю, тұр орнынан, бізге көмектес).

Аю: -(Жақтырмай) &ndash- Неге бұлай айғайлайсындар ұйқымды бұздындар ғой - сендерге не керек?

Қар адамды: -Аю, сенің көмегің керек болып тұр. Аяз-ата қайда тұрады. Қалай барам.

Аю: мен іңіме кіргелі көп болды оны көрмедім. Анау тұрған түлкінің үйі ол орман, тоғайға көп жүреді, мүмкін сол білер аяз атаны. (әтеш, мысық, аю, қар адамы түлкінің үйіне келеді) есік қағады.

Түлкі: -Не керек сендерге?

Қар адамы: -Түлкі бізге сенен көмегін керек болып тұр. Мен аяз атаны іздеп жүр едім, балалардың хатын берейін деп едім, олар күтіп отыр.

Түлкі: -Сендер аяз атаны таба алмайсындар, ол үйінен ерте шығып кеткен арқасында бір дорба сыйлығы бар, бірақ ол сыйлықтар кімге арнлағанның білмеймін (бәрі ойланып қалады).

Түлкі: -Қамықпандар, мен сендерге көмектесемін, қазір бәріміз аяз атаның немересі ақшақарға барамыз. Ол бізге көмектеседі. Ақша қар қуана келіседі.

Ән: - (ертегілер).

Қар адамы: -Ақша қар қызым, бізге көмектесші, аяз атаны табуға, - тез хатты берейік, балалар күтіп қалды.

 -Ақша қар: -жарайды әкел хатты. Әй, әй суық жел, қарлы боран тез мына хатты менің атама жеткіз. (Хатты алысқа лақтыру).

Ақша қар: -Ал, балалар мен Аяз атамды қарсы алайын, сендер осында күте тұрындар.

Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен ақша қар келгенге дейін Аружан әпкеміз ән айтып берсін. Кәнекей бәріміз ортаға шығайық, билейік.

 -Аяз ата:

Бүлдіршіндер, балғыным.

Өмір гүлім шалдғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сеңдердің бақтарын мен деңсаулығың.

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Міне мен де жеттім ғой сендерге. Орман, тоғайды, үскірік аяздан сендерге кем жатқанда сендердің хаттарында тауып алдым. Сендермен бірге жаңа жылды тойлайын деп асығып жеттім.

Ух, шаршадым.

(Аяз ата шыршаның жанына апардым).

Жүргізуші:

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр

Ақ күпіге оранып

Көрдіңбе аяз атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұртыда

Аппақ екен шапаны

Жүргізуші: Біздің жыл бойы сағынған Аяз атамыз ортамызда, қане бәріміз өнерімізді көрсетейік.

(Балалар тақпақ, - өлең айтады, би билейді)

Аяз ата балалардың өнерін тамашалайды.

Қорытынды:

Жүргізуші:

Жүзімізді күлкі ойнап,

Қанаттар жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Ән шырқадық бәріміз.

Келді тағы жаңа жыл

Қуантуға біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын келесі құттықтау сөз кезегі ата-анларға беріледі.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: арналған, жаңа, мерекесіне, жыл, сценарий
Просмотров: 1258 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar