Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар - география - Ашық сабақтар - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар - география
24.11.2014, 21:28

Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің география пәні мұғалімі Нұрекешова Жанат Нұрыллақызы

Сыныбы: 7

Сабақтың аты Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар (семинар)

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1.Жер бетіндегі төтенше жағдайлар туралы ақпарат беру-

2. Жер бетіндегі төтенше жағдайлардың болуы туралы түсіну-

3. Топтық және жеке жұмыс жасауға үйрету

Күтілетін нәтиже

1.Жер бетіндегі төтенше жағдайлар туралы ақпарат алатын болады-

2. Жер бетіндегі төтенше жағдайлардың түрлері мен болу себептері туралы түсінетін болады-

3. Топтық және жеке жұмыс жасауға үйренеді

Негізгі идеялар -Жер шарында адамзатқа бағынбайтын төтенше табиғи жағдайлар бар.

Олар: Жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, үлкен толқын &ndash- цунамидің болуы және де қар көшкіні, сел, апатты жауын шашындар тағы басқа да түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай: Геологиялық - жер сілкінісі, вулкан атқылауы, опырмалар, сел. Метеорологиялық &ndash- боран, бұрқасын, смог, дауыл .

Гидрогиологиялық &ndash- су тасқыны, цунами, тайфун . Табиғи өрттер &ndash- ормандық және далалық Биологиялық &ndash- эпидемия, эпизоотия, эпифитотия. Ғарыштық &ndash- астероиттар, каметалар, сәулелену. Тапсырмалар Миға шабуыл (бейне ролик)

Тапсырмалар -Топтық жұмыс (ақпараттар алаңы, жобалар қорғау) Тапсырмалар Жеке жұмыс (Блум таксономиясы) Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру -1.1 Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу. 1.2 Сыныпты Сейсмология, Цунами, Вулкан атаулары арқылы үш топқа бөліп алу. 2 мин

ІІ. «-Миға шабуыл»- әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу.

2 мин АКТ-ны пайдалана отырып тақырыпқа байланысты бейне ролик көрсету. Қалай ойлайсыздар бүгінгі тақырыбымыз сонымен қандай болмақ? &ndash- деген сұрақ қою арқылы тақырыпты оқушылардың өзі табуға мүмкіндік беру.

ІІІ. Топтық жұмыс «-Ақпараттар алаңы»-.

Үш топқа арнайы тапсырма беріледі сол тапсырма бойынша ақпараттарын жинақтап топ алдында қорғайды. /33 мин/

І топ Сейсмология. Тақырып бойынша жалпы презентация дайындау.

ІІ топ Цунами. Тақырып бойынша берілген суреттерді құрастыра отырып ақпарат дайындау.

ІІІ топ Вулкан. Берілген мәліметтер мен суреттерді құрастыра отырып ақпарат дайындау. Топтардың өзара жұмыстарына «-Бағдаршам»- әдісімен формативті бағалау жүргізіледі.

ІV. Жеке жұмыс -«-Блум таксономиясы»- /7 мин/ Бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендігін өлшеу мақсатында жеке жұмыс алынады. р/с Ойлау деңгейі Сұрақтар мен тапсырмалар

Оқушының жауаптары

1 Білу Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын қандай төтенше жағдайлар бар?

2 Түсіну Неліктен олар төтенше деп аталады?

3 Қолдану Төтенше жағдайларға сипаттама беріңіз

4 Талдау Төтенше жағдайлардың болу себебі неде? 5 Жинақтау Табиғи апаттарды топтарға қалай бөлер едіңіз? қауіпті Өте қауіпті 6

Бағалау Сіз үшін табиғаттың төтенше жағдайларын білу қаншалықты маңызды деп ойлайсыз

Оқушының аты-жөні_

сыныбы__

Оқушылардың жазған жауаптары «-Екі жұлдыз, бір ұсыныс»- арқылы бағаланады. V. Кері байланыс. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? /1 мин/ Кейінгі тапсырмалар

Өзіңізге ұнаған тақырып бойынша реферат дайындап келу

Кейінгі оқу

Тақырып бойынша қосымша мағлұматтар оқу

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: төтенше, жағдайлар, география, бетінде, Жер, туындайтын, нәтижесінде, үдерістердің, болатын
Просмотров: 1147 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/2
Всего комментариев: 0
avatar