А. Құнанбаев Ғылым таппай мақтанба. - Бастауыш сыныптарға - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Бастауыш сыныптарға

А. Құнанбаев Ғылым таппай мақтанба.
[ Скачать с сервера (20.8Kb) ] 25.02.2015, 10:06

Ана тілі

  Сагабаева Зауре Нурмашовна   Бөдеті орта мектебі.

  Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев Ғылым таппай мақтанба.

  Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің негізгі идеясын ашу, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, өз ойын еркін жеткізуге үйрете отырып, адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

  Күтілетін нәтиже: Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен танысады, өлеңдерін мәнерлеп оқиды, талдайды, сөздік қорларын дамытады.

 Оқушыларды топқа бөлу. Гүлдердің түрлерін таңдау арқылы топтарға бөлу.           Топ басшыларын сайлау.

  Жаңа сабақ

  1. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі

«... Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс – көнсеңіз»

Бұл кімнің өлеңі, қай өлеңінен алынған?

Абай ата туралы не білеміз?

Абай Құнанбаев. Азан шақырып қойған аты – Ибраһим. Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөз зергері. Анасының аты – Ұлжан. Әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің қызықты ертегісін тыңдап өседі.

Ғылым таппай мақтанба.

 

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал мақтаншақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл...

 

Абай Құнанбаев туралы қосымша мәліметтер

  Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар.Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы опера және балет театры, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар.

Өлеңді мәнерлеп оқу, топ болып оқу, жеке дара оқу, жұптасып оқу

Ойсергек  «Көршінің суреті»

  Оқушылар бір-бір ақ парақты төбелеріне қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, берілген қысқа мерзім ішінде (1-1,5 мин )оның суретін салуға тырысады.Суретті салып бітіргенше дәптерге қарауға болмайды.Әрине салған суреттер қыңыр-қисық болатындығы сөзсіз, алайда ол оқушыларға қызық болып көрінуі мүмкін, сурет салынған ақ парақтарға қолын қойып, бір-біріне тарту етеді.(«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту») жобасынан алынды.

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдістемесі

  Оқушылар түсінгендерін көршілермен бөлісу, тақырып бойынша білетіндерін көршісіне айту.

  Мына сұраққа жауап бер.

Ақын бұл өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?

Т – кестесімен жұмыс

 

Адамның мінез-құлықтары

 

 

 

 

 

 

 

Жағымды                                                           Жағымсыз

 

 

 

      1.талап

 

 

     1.сабырсыз

 

 

 

 

 

                                         

 

 

Топтық жұмыс «Абай ауылына саяхат»

1-топ «Абайдың өлеңдерін» жатқа айту

2-топ «Абайдың әндерін» айту

3-топ «Абайдың қара сөздері»

4-топ 3-сынып оқулығынан «Шегіртке мен құмырсқа » мысалынан көрініс көрсету.

Бүгінгі сабақ туралы кері байланыс

Ұнады

Ұнамады

 

 

 

  • Үйге тапсырма:112-113 бет жаттау;
  • М.Әуезов жайлы мәлімет жинау;
  • Бағалау
Категория: Бастауыш сыныптарға | Добавил: sagabaevazaure | Теги: ғылым, таппай, Құнанбаев, мақтанба., А.
Просмотров: 511 | Загрузок: 186 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar