Алтыға көбейту кестесі - Бастауыш сыныптарға - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Бастауыш сыныптарға

Алтыға көбейту кестесі
[ Скачать с сервера (211.8Kb) · Скачать удаленно (211кб) ] 26.01.2015, 18:47
Математика. 3 сыныбы. .
Сабақтың тақырыбы: Санды 6-ға көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: 6-ға көбейту және бөлу кестесін ұғындыру.

Міндеттер:
1. көбейту мен бөлудің ауызша тәсілін үйрету;
2. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру, математикалық тілде сөйлеуге үйрету;
3. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы шығармашылықтарын шыңдау;
4. Ой-өрістерін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
5. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

Күтілетін нәтиже:
1.Оқушылар ауызша көбейту
мен бөлу тәсілін меңгереді;
2.Математикалық тілде сауатты сөйлеуге төселеді;
3.Топпен жұмыс істеуге, өз ойын батыл ортаға салуға үйренеді;
4.Әр оқушы өзінің еңбегін өзі әділ бағалайды;
5.Логикалық ойлау қабілеттері жетіліп, шығармашылықтары шыңдалады;
6. Еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдері артады;

Сабақтың көрнекілігі мен құрал-жабдықтары: сандар кестесі, кестелер, деңгейлік тапсырмалар мен жауаптары жызылған кесте.

Сабақтың барысы:

№ Сабақтың этаптары Жұмыс түрлері Қолданылған модульдер
1 Ұйымдастыру. Тренинг. Оқушылар орындарынан тұрып біріне-бірі жақындап, 4 топқа бөлінеді. Бірінші топ бір гүлдің атын атайды, екінші топ сөйлем құрайды, үшінші топ сол гүлдің атауында неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін тез айтуы керек. Келесіде екінші топ бастайды...
4 минут
Ой қозғау.
Топтық жұмыс.
Сыни тұрғыдан ойлау.
Көшбасшылық.
Талантты және дарынды

2 Өткенді қайталау. Қызығушылығын ояту:”Ой толғау” әдісі.
Бұл кезеңде оқушыларға қосу, азайту, көбейту, болу амалдарының компоненттерін айтқызамын.
1. Қосу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
2. Азайту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
3. Көбейту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
4. Бөлу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
5. Көбейткіштердің орындары ауысқанымен не өзгермейді?
6. 1минутта қанша секунд бар?
7. 1 тәулікте қанша сағат бар?
8. 1 ғасырда қанша жыл бар?

2 минут Талантты және дарынды
Көшбасшылық
Сыни тұрғыдан ойлау.
3 Жаңа материалды түсіндіру.
6 мен 5-тің көбейтіндісі қанша болады? (30)
Ал, 6-ны өзіне өзін 5 рет қосқанда қанша болады?(30) демек бізге қайсысы тиімді екен? Әрине, көбейту амалын қолданған ұтымды болады.
6-ға бөлу кестесі:
36: 6=6 себебі
42: 6=7 себебі
48: 6=8 себебі
54: 6=9 себебі
Өз қалауы бойынша бір оқушы шығып түсіндіреді. (Координатор)
Оқушылар түсінбеген жерлері болса сұрақ қояды.
5 минут
Талантты және дарынды
Сыни тұрғыдан ойлау.
Диалогты оқыту.
Көшбасшылық.
4

5 Жаңа материалды бекіту.

Сергіту сәті. Басерман технологиясы бойынша
Кітаппен жұмыс. 3-тапсырма (2,4)
Шапалақ ұру. Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Бәрі бірдей ұрғанша қайталаймыз.
3 деңгейлік тапсырма.№2 61 бет
1-деңгей
6кг*6 360:6 8*6 480:6
7*6 420:6 9*6 540:6

2 – деңгей №5 61 бет

60+20)+4=84 40+20*5=300
0+300*4=1200 100-0:50=2

3-деңгей
Х:6= 6 х*6=36
36:х =6 6*х=36
Тапсырманы толық орындап біткен оқушылар қол көтереді.
5 оқушы бітірген соң 30 секунд беремін де жұмысты бәріміз бірге тоқтатамыз. Жұп болып тексереді. Жауабын оқимыз. Дұрыс орындаған оқушыларды санаймыз.
15-тен көп болса тапсырманы орындағанымыз. (63 %-дан артық болу керек). Түсінбеген оқушыларға координатор түсіндіреді.
10 минут

7-есеп. а) Тақтада
Саябаққа 8 0 ағаш көшеті әкелінді. Соның 1 бөлігі-алма ағаштары . Бақта неше алма ағашы бар?
Дәптерге орындаймыз. Бір оқушы берілгенін оқиды.
5 минут

Музыкалық би қимылдар Жекеше жұмыс.

Жұптық бағалау.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Диалогты оқыту.

Талантты және дарынды

Жас ерекшеліктерін ескеру.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Диалогты оқыту.
Жас ерекшелікті ескеру.

Талантты және дарынды.
Көшбасшылық.

6 Сабақты қорытындылау. Логикалық тапсырма.
-Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
-Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 7-ге қойды. Ол неше сағат ұйықтады? - Сенбіден кейін екі күннен соң қай күн келеді
- Кәрзеңкедегі 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1алма кәрзеңкеде қалу керек, бұл қалай?
3 минут
«Кубизм» ойыны.
(Оқушылардың алдына сандар жазылған кубикті тастаймын, қай сан шықса, сол санды мен айтқан санға көбейтіп, немесе бөліп жауабын жылдам айту қажет).


Сыни тұрғыдан ойлау.

Диалогты оқыту.

Талантты және дарынды

Көшбасшылық.

7 Үйге тапсырма беру. № 5 60 -бет. №3 3 61бет Үй тапсырмасын түсіндіре отырып беру.
1 минут
Диалогты оқыту.
8 Бағалау.
Әр оқушы өзін бағалайды. Бағалау парағына сәйкес « + » таңбаларын санай отырып өзіне неліктен сол бағаны қойғанын түсіндіреді. Қорытынды бағаны мұғалім қояды.
4 минут
Бағалау. Әр оқушы өзін бағалайды.
Қорытынды бағалау.
9 Кері байланыс.
Рефлексия. - Сабағымызды кыстың ерекше белгісі, жердің сәні –қармен бастап едік, гүлмен аяқтайық.
– Тақтада ілініп тұрған табиғат бейнесіне өздерің қалаған жауқазын гүлін жапсырыңдар. Егер сабақ өте сәтті өтті, маған қатты ұнады десеңдер, онда ақ түсті гүлді, егер сабақ жақсы өтті десеңдер, онда сары түсті гүлді, ал егер сабақ орташа өтті, түсінбеген, қиналған жерім көп болды деп ойласаңдар қызыл түсті гүлді жапсырыңдар.
– Сабағымыз осымен аяқталды, барлықтарыңызға көп рахмет!
3 минут
Сыни тұрғыдан ойлау.
Бағалау.
Диалогты оқыту.
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану.

3 сынып оқушысы __________________________________________

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

№ Тапсырмалар Мен қалай орындадым
1 Тренингте:
- белсенділік таныттым
- аса белсенді бола алмадым
______________________

2 ”Ой толғау” әдісінде
- тез ойланып жауап бердім (3-тен көп)
- тез ойлана алмадым
______________________
3 Жаңа материалды түсіндіруде:
- белсене ат салыстым
- белсенділігім төмен болды
______________________
4 Деңгейлік тапсырмаларды орындауда:
- шапшаң, әрі дұрыс орындадым
- қателіктерге бой алдырдым
______________________
5 Есеп шығаруда:
- белсене қатыстым
- аса түсінбегендіктен тек тыңдаушы болдым
______________________
6 Логикалық тапсырмаларды орындауда:
- тез, әрі дұрыс жауап бердім
- тез ойлана алмадым
______________________
7 «Кубизм» ойынында:
-Белсенді қатыстым
-Тез жауап бере алмадым
______________________
8 Қорытынды баға:

Ескерту: Баға Басерман технологиясы бойынша қойылады,
яғни 5 – тапсырмада «+» таңбасы қойылса - «5»,
4 – тапсырмада «+» таңбасы қойылса - «4»,
3-тапсырмада болса - «3» деген баға қойылады.
Категория: Бастауыш сыныптарға | Добавил: Алла | Теги: көбейту, кестесі, Алтыға
Просмотров: 484 | Загрузок: 363 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar