Қандай түркі елдерін білесің? - Бастауыш сыныптарға - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Бастауыш сыныптарға

Қандай түркі елдерін білесің?
19.03.2015, 11:10
Түркілер - б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”126. Яғни көне түркілердің жері мен оның шегарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге30 табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін ұстанды.Ертедегі тұрандардың (түркілер, хиондар) Тәңір немесе табиғат діні б.д.д. VIII - V мыңжылдықтар арасында аңшылық дәуірде пайда болды. Ол қазіргі белгілі діндердің ішіндегі ең көнелерінің бірі болып саналады. Тәңір діні пайда болған кезде адам зұлымдық пен қайырымдылықты ажыратып бөлген жоқ, тіпті зұлымдықты білмеуі де мүмкін. Ол кезде адамның барлық дүниетанымы олардың арасындағы қарым-қатынастарға емес, табиғатқа бағынышты болғандықтан ол табиғат діні. Бұл дінді ұстанған түркілер аспанға, күнге, жұлдыздарға – яғни Тәңірге, сонымен бірге жер мен суға немесе Ұмайға табынды. Бұл дінде адамдарды қасиеттеріне қарай бөліп тұратын қайырымдылық және зұлымдық деген атымен жоқ. Яғни, бұл діннің негізгі мақсаты соңынан пайда болған зороастризм дініндегі немесе одан кейінгі жалпы философияның негізгі мақсатына айналған «зұлымдықпен күресу» кездеспейді. Көшпенділік дәуірде яғни б.з.д. I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған зороастризм діні, оның пайғамбары Заратуштраның (санскриттан ауданы – “Түйесі кәрі”) атынан шыққан. Сол заманда тұрандықтар Тәңір дініне сенсе, үндіирандықтар және олардың ішіндегі көшпенді арийлер (ауданы – малдың иесі, малшы) зороастризм дініне сенді. Оларды күнге табынушылар деп атайды. Зороастризмге дейін осы тайпалардың барлығы Тәңірге сенуі мүмкін. Себебі Ұлы далаға б.д.д. IV-III ғғ. үндіеуропалықтар келгенге дейін оны мекендеген байырғы тұрғындар – тұран тайпалары, оның ішінде ғұндар күнге табынғаны тарихтан мәлім. “Ғұндар өздерін Күннің ұлдарымыз деп санаған” дейді Сымь-Цянь. Басқа тарихшылар да осыны айтады. Ғұндар өздерінің хандарын шаньюй, сосын тяньжу деп атаған. Олар қытайдың басшыларына жазған хаттарына: “Ғұндардың тағына Аспан, Күн және Айдың ұлықсатымен отырған Ұлы тяньжу” деп қол қойған.
Категория: Бастауыш сыныптарға | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қандай, білесің?, түркі, елдерін
Просмотров: 392 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar