БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ - Бастауыш сыныптарға - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Бастауыш сыныптарға

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
[ Скачать с сервера (44.5Kb) ] 03.04.2015, 10:14
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие берудің аса маңыздылығы бұл қоғамдық талаптардан туындап отырған мәселе. Өзге емес, дәл қазіргі жағдайда еліміз экологиялық аса қауіпті аймақтарымен әлем назарына ілігіп отыр. Осы тұрғыда еліміздің кез келген азаматы экологиялық азаматы жоғары сауатты болуы өте қажеттілікті талап етеді. Сондықтан шығарылған заңдар мен тұжырымдамаларға сәйкес экологиялық білімнің ғылыми негізі қазіргі таңда жасалынып та толды. Осыған орай еліміздің білім беретін бүкіл мектептерінде экологиялық тәрбие мен білімді бастауыш сыныпта өте қажеттілікті талап етеді. Себебі бастауыш сыныптағы оқушылар білімге деген құштарлығымен осы экологиялық оқу-тәрбие барысында қоршаған ортаға табиғатқа деген сүйіспеншіліктері мен білімдерін қалыптастыра алады. Оған психологиялық жағынан толық мүмкіндіктері бар.
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру мақсатындағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының пәннен алған білімдерін дамытуға және тереңдетуге, оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыруға, табиғатты қорғауға байланысты берілген экологиялық материалдарды меңгеруіне, оқушылардың табиғат құбылыстарына бақылау жүргізуіне, берілген әдебиеттерді оқуына мүмкіндік береді.
Оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеуді ұйымдастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Бұл жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білгенде оқушыларға экологиялық тәрбие беру өз нәтижесін беріп, қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік қатынасын қалыптастырып, қастерлеуге, аялауға үйренеді.
Табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие беру мақсатындағы сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар толықтай кешенді шаралардан тұрады. Мектептен тыс мекемелерде жас натуралистер станциясында, жаздық лагерде әртүрлі табиғатты қорғау жұмыстары жүреді. Мұнда оқушылардың қызметінің негізгі бағыттары:
• Мектеп маңын, шағын аудандарды және территорияларды көгалдандыру;
• Бағалы жануарлар түрлерін қорғау(барлық құстар мен аңдарды қоректендіру т.б.) [1,106]
Табиғатты қорғау мақсатындағы оқушылар жұмысының мынадай түрлері тараған:
1. жасыл және көгілдір жасақшылар отряды;
2. жас орманшы;
3. топырақ эрозиясымен күрес отряды;
4. табиғаттың жас достар клубы
5. демалыс және еңбек лагері;
6. арнаулы экспедициялар мен жорықтар.[2,113]
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиелігін қалыптастыру мұғалімнің жеке басына, оның жалпы кәсіби білімі мен шеберлігіне және сыныптан тыс түрлі көпшілік қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Осылардың бәрі бір-бірімен үйлесімді, байланысты жүру оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие беруге мүмкіндік береді. Табиғатты оқытып үйретуде мұғалімдер тек қана сыныптағы сабақпен шектелсе, онда оқушылардың білімін біржақты етеді. Ол міндетті түрде сыныптан тыс жұмыстың, мектептің негізгі міндеттерін шешуге көмегін тигізетін алуан түрлерін қолдануы тиіс. Сыныптан тыс жұмысының басты мақсаты – бағдарламада қаралған білімді тереңдету, балалардың табиғатқа ұқыпты қарауы және оны пәрменді қорғауға тәрбиелеу. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар жүргізу үрдісінде қарапайым заңдылықтары, табиғаттың жекелеген түрлері мен құбылыстарының арасындағы байланыстар анықталады, сан алуан табиғат кешендері қарастырылады. Бұл жұмыс балалардың табиғаттың біртұтастығы туралы түсініктерін кеңейтеді. Балалардың дұрыс дүниетанымының, ғылыми көзқарасының қалыптасуына жағдай жасайды.
Мұғалімнің міндеті баланың жан дүниесіне білімқұмарлықтың, талаптылықтың нәрін себу, балалардың табиғатқа деген тұрақты қызығушылығын, табиғат құбылыстарын зерттей білуге ынтасын қалыптастыру болып табылады.[3,22]
Сыныптан тыс жұмыстарда өз өлкесінің экологиялық жағдайы, қоршаған орта, дүние туралы ғылыми білім мен тұжырымдар сипатталады. Оқушылармен экологиялық мақсаттағы ұйымдастырылған тәрбие жұмысының маңызды шарттарының бірі физиологиялық – психологиялық ерекшеліктерін есепке алу болып табылады.
Экологиялық тәрбие беретін сыныптан тыс жұмыстардың аса маңызды шарты – балалардың өз еңбегінің қоғамдық пайдалылығын сезіну, табиғатты қорғауға және оған жауапкершілік қатынасының қалыптасуы. Егер оқушы өз еңбегінің табиғатқа пайдалы және қажетті екенін көрсе, онда ол жұмысты беріліп істейді. Сондықтан қандай болмасын жұмысты басталар алдында, ол істің практикалық маңыздылығын көрсетуге уақыт бөлу қажет. Мысалы, мектептегі көгалдандыру жұмысы, жалпы мектептік шара, оған әрбір оқушы белсене қатыса алды. Жұмысты мектепті көгалдандырудың маңызы туралы әңгімеден, мектепті көгалдандыру эксиздерін көрсетуден бастаған жөн. Осылардың барлығы балаларды алда тұрған жұмысқа эмоциялық жағына дйындайды, еңбекке құлшынысын арттырады, табиғатқа сүйіспеншілігін туғызады. [4,487]
Оқушыларға экологиялық тәрбие беруге байланысты сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың түрлері өте көп, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бола тұрса да бірдей орындалуға тиісті мынадай ортақ ұстанымдары бар:
• Сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстар түрлеріне оқушыларды қатыстыру тек қана ерікті түрде іске асырылады. Жүргізілген қандай жұмыстың түрі болса да, оның белгілі бір қоғамдық бағыты болу керек.
• Сыныптан тыс жүргізілген экологиялық жұмыс түрін белгілеуде әрбір оқушының өзіндік көзқарасына, ұсынысына, қызығушылығына сүйенген жөн.
• Ұйымдастырылған экологиялық жұмыс түрлері оқушылардың белсенді қатысуна, ізднеушілігіне бағыттайтындай болу керек.
• Жұмыс нәтижелі болу үшін, оның белгіленген күні, мерзімі, графигі болу тиіс.
• Экологиялық тәрбие жұмысын кешенді түрде іске асыру талабы үнемі сақталып отырылуы қажет.
• Сыныптан және мектептен тыс экологиялық тәрбие жұмыстарына оқушыларды түгелдей қатыстыру жолын қарастыру
• Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізгенде оқушылардың психологиялық – физиологиялық дамуын және жеке бас ерекшеліктерін, қабілеттіліктерін ескеру қажет.[5,356]

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова. Педагогика. Алматы: Дарын,-2004ж - 448 бет.
2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық - Алматы: Заң әдебиеті.2007ж-228 бет.
3. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі.-Алматы Республикалық баспа кабинеті. 1995ж – 185 бет.
4. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.Х.Ильясова. Педагогика:Оқулық- Астана: Фолиант-2007ж-656 бет.
5. Мұсаев С.А., Бегалив Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. - Астана:Фолиант, 2006ж - 472 бет.

Категория: Бастауыш сыныптарға | Добавил: Самал | Теги: Кенжебаева, Алдабергеновна, Самал
Просмотров: 685 | Загрузок: 120 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar