"Ұлттық би өнері "үйірмесі - Бастауыш сыныптарға - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Бастауыш сыныптарға

"Ұлттық би өнері "үйірмесі
[ Скачать с сервера (85.5Kb) · Скачать удаленно (85,5кб) ] 26.01.2015, 19:20

№2 Аманқарағай орта мектебінің 

1 сынып  «Ритмика» үйірмесінің»

2014-2015 оқу жылындағы жоспары

 

 

 

 

 

 

 

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Мұғалім: Аяпбергенова А.Б.

 

 

 

 

 

Түсінік хат

 

Барлық  бастауыш сынып мұғалімдері мен педагогтарына баланың қозғалыс-қимылының, ағзасының дамуы үшін дене тәрбиесі пәнінің рөлінің ерекше орын алатыны белгілі. Олай болса біздің мектебімізде дене тәрбиесі сабағынан басқа – ырғақ жаттығулары үйірмесі қосымша жүргізіледі.

 

Ырғақ – балалардың  қабылдауын қозғалыс-қимыл арқылы белсендіретін сазды-педагогикалық тәртіп.

 

Төменгі мектеп жасындағы балалар үшін жүгіру, билеу, секіру, жалпы ойын түрлері маңызды орын алады. Сондықтан балалар бұл сабаққа қызыға қатысады. Ол үшін әр сабақты түрлендіріп өткізу мұғалімнен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.

 

 Сабақ саны – 34. Ол үш бөлімнен тұрады: аэробика (10-15 минутке есептеледі), хореографиялық бөлім және еркін қимыл қозғалыстары, ол қазіргі әуендермен орындалады.

 

Аэробика – арнайы әуен ырғағымен орындалатын жаттығу түрлері.

 

Сабақтың негізгі бөлігі – хореография, мұнда балалар халық билерінде кездесетін негізгі қимыл-әрекеттерді үйреніп қана қоймай, пластикалық қозғалыстарға жаттығады.

 

Сабақтың соңында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі әуендерге 10 минут еркін ырғақта билейді.

 

Ырғақты жаттығулардың  мақсаты - әуен ырғағына ере отырып, өз денелерін еркін қозғалысқа енгізе отрып, жеңіл және күрделі қимылдарды өздегінен орындай алуға машықтандыру.

 

 

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі жаттығуларды қолдану қажет:

 

  • Есте сақтау,ұқыптылық және қоғамдық ортадағы дамуына;
  • Қимыл-әрекетінің шапшаңдығына;
  • Негізгі іс-әрекетті игеруіне: жүру,жүгіру, секіру, жүрудің әр түрлеріне;
  • Дене ағзасын еркін ұстауына  т.б.

 

Сонымен қатар бұл сабақтың балалар үшін маңыздылығы сол, баланың танымдық әрекетінің, сұлулық пен көркемдікті сүюіне өз ықпалын тигізеді.

 

Оқыту материалының тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыбы

мақсаты

1.

Кіріспе

  1. курстың міндетін ашу
  2. балалардың хореографиялық қабілеттерін анықтау.

2.

Би арқылы берілетін қарым-қатынас мәдениеті

1.музыка арқылы спорттық қозғалыстарды дұрыс орындауға баулу;

2.жұптасып орындалатын қарапайым би элементтерімен таныстыру.

3.

Би арқылы берілетін қарым-қатынас мәдениеті(жалғасы)

1.музыка арқылы спорттық қозғалыстарды дұрыс орындауға баулу

4.

Би арқылы берілетін қарым-қатынас мәдениеті(жалғасы

1.әр түрлі әуен ырғақтарына қозғалыстар жасауға баулу

5.

Жұптасып билейтін халық билері қозғалысы

1. халық билерінің адымдарын үйрету.

6-7.

Халық билерінің әсемдігі

  1. Әуен ырғағымен дамыту жаттығуларын жүргізу;
  2. қазақ халқының билерінің қол, аяқ қозғалыстарын үйрету.

8-9.

Халық билерінің әсемдігі

1.Әуен ырғағымен дамыту жаттығуларын жүргізу;

2.қазақ халқының билерінің қол, аяқ қозғалыстарын үйрету.

10-11.

Би – халықтың этникалық мәдениетінің көрінісі

1. Әуен ырғағымен дамыту жаттығуларын жүргізу;

 

12-13.

Би – халықтың этникалық мәдениетінің көрінісі

1. топтасып билейтін би қозғалыстарын үйрету

14.

Жетістіктер демонстрациясы

1.Хореографиялық қойылым көрсету:қазақ халқының биі

15-16.

Сазды ұлттық ойындар өткізу

1.Қазақстанда тұратын халықтардың ойындарын үйрету.

17-19.

Спорт және музыка

1.хореографиялық спорттық билер қойылымына үйрету.

20-21.

Спорт және музыка

1. топпен хореографиялық спорттық билер қойылымына үйрету

22.

Жалпы мектепішілік жарыстарда спорттық билер демонстрациясын көрсету

1. Әр түрлі би қойылымдарын көрсету.

23-25.

Аяулы аналар, Сіздер үшін!

1.барлық үйретілген қозғалыстарды айқындайтын қойылым көрсету.

26.

Аяулы аналар, Сіздер үшін

1. барлық үйретілген қозғалыстарды айқындайтын қойылым көрсету.

27-28.

Музыкалық ойындар өткізу

 

29-30.

Би – пляска – орыс халқының ұлттық көрінісі

1.Әуен ырғағымен дамыту жаттығуларын жүргізу;

 

31-33.

Би – пляска – орыс халқының ұлттық көрінісі

1. Жұптасып билеу қлзғалыстарын үйрету.

34.

Мектеп іс-шарасында өнер көрсету. Қорытынды сабақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ұлттық би өнері» үйірмесі

3сынып 2014-2015 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

 

 

 

Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды.

Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды

Би — қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді.

Би - музыка өнерімен сабақтас сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бұгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт - дәстүрі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері жайлы ертегі, аңыз, дастандарда айтылады. Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет - әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген.

Сондықтан балалар бұл үйірмеге қызыға қатысады. Ол үшін әр сабақты түрлендіріп өткізу мұғалімнен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.

 

 Сабақ саны – 34. Ол 9  бөлімнен тұрады:

 

 

 Мақсаты: Ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы, қазақтың белгілі бишілері жайлы тиянақты түсінік беру.
 Міндеттері: Оқушылардың би әуендерін сезіну, түсіну қабілеттерін дамыту, есте сақтау ілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу.
 

 

 

 

 

 

Оқыту материалының тақырыптық жоспары

 

                                Тақырыбы

Сағат саны.

1тоқсан.

2тоқсан.

3тоқсан.

оқсан.

1.

Кіріспе. 

  1

 1

  -

 -

-

2.

.Музыкалық- ырғақту әліппесі

  4

 1

 1

 1

 1

3.

Ритмика

  4

 1

 1

 1

 1

4.

пантомима

  4

 1

 1

 1

 1

5.

би- қимылдарын үйрену

  7

 1

 2

 2

 2

6.

Бині  жаттықтыру  

  5

 1

 1

 1

 1

7.

 хореография туралы  бейне таспа көру.

  2

 -

 -

 1

 1

8.

Спорттық- әліппесі

  4

 1

 1

 2

 1

9.

Концерттік қойылым.

  3

 -

 1

 1

 1

 

                                                                               Барлығы:

34

7

8

10

9

 

 

Бағдарламаның мазмұны.

 

1.Кіріспе.1

А)  ұйымдастыру кезеңі

 Б)Қауіпсіздік

  В)  топтарға бөлу.

  Г)  би өнерінің  тарихы.

 2.Музыкалық-қозғалыс әліппесі-4 сағат.

А)  бас және кеудені тура ұстай ал.

  Б)  қозғалыстарда - және музыкалық сөздің жалғауын көрсету

   В) қозғалыста ең оңай  ырғақты суретте.

     3. Ритмика- 4 сағат.

    А) музыканың мінезі

    Б) музыканың шапшаңдығы

     В). Динамиқа

      Г) Метроритм.

4.Пантомима- 4 сағат.

   А)Ымның негізі

   Б) затсыз  әрекеттер.

   В) беттің бұлшық етінің жаттығуы.

   Г) актерлік ұсталық.

  

 5) би- қимылдарын үйрену-. 7 сағат.

   А). Қимыл–қозғалыстың үйлестілігін, тепе-теңдікті дамыту. Жеңіл және ырғақты жүгіруге үйрету.

   Б) музыкалық-қимылдарды  жаттау.

 

6) Бині  жаттықтыру  5сағат.

 А)  «Қаражорға «

 Б) «Ортеке»

 В«Қамажай»,

 Г)  «Бүркіт биі», «Аққу» билері

Д)басқа ұлттардың да би өнерімен танысу

.

7. хореография туралы  бейне таспа көру -2 сағат.

А) " барлық" МРЗ билейміз; халық билер.

Б) DVD» бізбен биле»-.

 

8) Спорттық әліппесі -4сағат.

   Сазды ұлттық ойындар өткізу

 

 

9. Концерттік қойылым- 3 сағат.

А) Жаңа жыл мейрамында.

Б)  8 наурызға.

В) 22-наурыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Бастауыш сыныптарға | Добавил: Алла | Теги: өнері, ұлттық, би
Просмотров: 2841 | Загрузок: 742 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
avatar