Оқытудың инновациялық әдістемесі. - Бастауыш сыныптарға - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Бастауыш сыныптарға

Оқытудың инновациялық әдістемесі.
[ Скачать с сервера (17.1Kb) ] 23.02.2015, 09:07
Сагабаева Зауре Нурмашовна Бөдеті орта мектебі.
Оқытудың инновациялық әдістемесі.
Педагогикалық қызметте ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу – тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда түйінді тұлға болып табылады.
Бүгінгі таңда инновация теориясының дамуына жаңаның қалыптасуы, жаңа енгізілімдерді тарату, инновациялық шешімдерді жасау , инновацияны білім беру үрдісіне енгізу – білім беруде өзекті мәселе болып отыр.
Инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің жаңаруының маңызды айғағына айналып отыр. Инновациялық қозғалыс бірнеше проблемалардың қиылысуынан туады және ауытқымай жаңа мәселелерді шешеді, білім беру үрдісінің үздіксіз жаңарып тұруына әкеледі.
«Инновация» термині латынның – жаңалық енгізу деген сөзінен шыққан, яғни, «жаңару», «жаңашыл» «өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Мұғалімнің инновациялық іс – әрекетінің өлшемдік сипаттары: мотивациялық шығармашылық бағыт (өзін – өзі жетілдіруге ұмтылу, инновациялық іс – әрекет мақсатын түсіну), жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы (іс – әрекетті түзетуге, қайта құруға қабілетті болу, басқа мұғалімдердің шығармашылық іс – әрекетін, тәжірибелерін жинақтау, пайдалану қабілеттілігі); өзін – өзі басқару қабілеттілігі (өзін – өзі талдау, өз бетімен жоспарлау, ұйымдастару, бақылау қабілеттері).
Мұғалімнің инновациялық іс – әрекет мақсатын түсінуінен тұратын мотивациялық шығармашылық бағыттағы өзін – өзі жетілдіруге ұмтылуы, іс – әрекетті түзетуге, қайта құруға қабілетті болуы, басқа мұғалімдердің шығармашылық іс – әрекетін, тәжірибелерін жинақтау, пайдалану қабілеттілігінен тұратын жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы , өзін – өзі талдау, өз бетімен жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау қабілеттерін қамтитын өзін – өзі басқару қабілеттілігі оның инновациялық іс – әрекетінің өлшемдік сипатына жатады.
Педагогикалық инновация – бұл жаңа педагогикалық технологияны, оқыту қызметінің жаңа әдістерін, тәсілдерін, әдістемелерін әзірлеу және тарату.
Жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі , парасаттылығы, ақылдылығы , мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында қандай мәселе болсын шеше алатын , педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек. Мұғалім білімнің құндылығын айқын түсініп, өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген , жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып отыруы тиіс. Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс. Біріншіден, педагогикалық қызметтің шығармашылыққа бағытталуы, екіншіден, зияткерлік мәдениетін, мінез – құлық, қарым – қатынасты меңгеруі , үшіншіден, қазіргі кіріктіру үрдістерін, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алуы міндетті.
Білім – ел қазынасы, халық байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда жатыр. Бұл дегеніміз – қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес деген сөз. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Жас ұрпаққа білім беру мен тәлім берудің сан жолы, көп қыры бар. Мына ғаламдық қарышты даму дәуірінде шәкірттерге берілер білім мен білік күн өткен сайын күрделеніп, жаңарып келеді. Өйткені, қоғам дамуына қарай ғылым салаларының жаңа түрлері пайда болатындығы тарихтан белгілі.
Қазіргі жасалған ғылыми тұжырымдама бойынша, болашақ мұғалімді бұл бағыттағы жұмыстарға даяарлау оның шеберлігін шыңдаудан басталады. Ол үшін мынадай нұсқаулықтарды басшылыққа алуымыз керек.
1. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, адамзаттық жауапкершілігі мол, белсенді де жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, коммуникативтік, ақпарттық және біліктіліктің басқа түрін меңгерген құзырлығы жоғары маман.
2. Мұғалім білімнің өзіндік құндылығын анық, саналы түсінуі үшін ғылыми – тәжірибелік әдістер мен өз оқытудың оқытудыңіндік іс – әрекеттің нәтижелерін диагностикалайтын құралдармен қамтамасыз етілуі керек.
3. Мұғалім мектеп пен білім беру саласының алдында тұрған басты мақсаттарды ой елегінен өткізіп, өзін соған бағыттап жұмыс ұйымдастыруы тиіс.
4. Мұғалімге өзіндік озық іс – тәжірибесін үнемі жүйелеп және қортындылап отыруды, сондай – ақ іс – тәжірибені қажет ететіндерге түсінікті түрде жеткізе білу технологиясын үйретуді үнемі есте ұстағанамыз абзал.
5. Мұғалім әрбір оқушының психологиясына терең үңіліп және соған қарай әрекет жасауына қол жеткізуіміз қажет.
Қазіргі заман мұғалімі өз пәнін жетік біліп қана қоймай, тарихи танымы мол, педагогикалық –психологиялық тұрғыдан сауатты болуы тиіс.
«Білім туралы» заңға сәйкес мұғалім оқушының мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс. Ол үшін оқытудың белгілі технологиясын игеріп, оны жүзеге асыра білуі керек.
«Білім мен тәрбие – егіз» дейміз. Олай болса, сауатты білім алу үшін бірінші бала тәрбиесін қалыптастыру керек. Ол үшін не істеу керек? Мектеп табалдырығын аттаған күннен мұғалім, оқушы және ата – ана арасындағы тәртіпті қалыптастыру керек. Тәртіп болған жерде ғана оқушының алған білімі , тәрбиесі көрінеді. Оқушыларды еркін ұстап, өз ойын ашық айтқызып, ұялшақ болмай, ширақ болуға үйрете отырып тәртіпті етіп тәрбилеуге болады. Сабаққа дайын болмаған оқушыға қатты зекіп, сөгіс жариялап, ата – анасына жамандап, баланың беделін түсіру мұғалім этикасына нұқсан келтіреді.
Мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі мен оны оқу – тәрбие үрдісіне енгізу – уақыт талабы. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оны өз іс – тіжірибесінде пайдалана алуы қажетті жаңа білім, білік, дағдыны меңгеруі болып табылады.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру инновациялық білім беру мен оқыту арқылы жүзеге асырылады.
Инновациялық оқыту дегеніміз – қазіргі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени ортадағы инновациялық өзгерістерді жете қарастыратын үрдіс және оқу, білім беру әрекетінің нәтижесі. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру – мұғалімнің меңгерген инновациялық – педагогикалық технологияны өз тәжірбиесінде қолдануға даяр болуы деген сөз.
Мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті – оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген инновациялық технологияны өз мектебі мен сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіре алу, шағын өзгерістер енгізе білу, өз ісіне сыни көзқарапен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, өзінің авторлық технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, ұдайы әдістемелік жетілдіріп отыру болып табылады.
Инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін, инновациялық – педагогикалық технологияны меңгерген, психологиялық диагностиканы қабылдай алатын және нақты тәжірибелік іс – әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші жаңаша мұғалім болып шығады.
Категория: Бастауыш сыныптарға | Добавил: sagabaevazaure | Теги: инновациялық, әдістемесі., оқытудың
Просмотров: 610 | Загрузок: 168 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar