Көп атомды спирттер - Химия - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Химия

Көп атомды спирттер
[ Скачать с сервера (1.19Mb) ] 16.08.2015, 20:48
Сабақтың тақырыбы: Көп атомды спирттер
Сабақтың мақсаты: оқушылардың спирттердің жіктелуі жөніндегі мағлұматтарын дамыту. Глицерин мысалында көпатомды спирттердің алынуын, физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу
2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.
4. Журнал бойынша түгелдеу.
5. Оқу құралдарын түгелдеу.
6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.
7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.
8. Жаңа сабаққа дайындық.
9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
10. Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.
Өткен сабақтарда өтілген «Бір атомды қаныққан спирттер және жай эфирлер» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.
І-тапсырма. Сұрақ –жауап.
1. Спирттер деп кандай заттарды айтады?
2. Спирттерге тән изомерлер түрлерін атаңдар.
3. Сутектік байланыс қалай түзіледі?
4. Пропанолға сәйкес келетін изомерлі жай эфирдің формуласын жазып, атын
атаңдар.
5. Спирттердің химиялык касиеттеріне мысалдар келтіріңдер.
6. Пропанолдың жану, Nа-мен әрекеттесу және тотығу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
7.Жай эфирлер дегеніміз не?
8. Органикалык заттардың қай класының қосылыстары жай эфирлерге изомер болып табылады?
9. Қандай қосылыстардың кұрамы СnН2n+2О-ға сай болатынын айтып, мысалдар келтіріңдер.
10. Құрамы С4Н10О-ға сай жай эфирлердің құрылым формулаларын жазып, оларды атаңдар.
ІІ-тапсырма. Өзіндік жұмыс.
І-деңгей
1. Этил спиртінің екі көрші гомологтарының құрылым формулаларын жазып, оларды атаңдар.
2. 2,3-диметилгексанол-1-дің екі изомерінің құрылым формулаларын жазыңдар. Қосылыстарды халықаралық атау жүйесі бойынша атаңдар.
3. Диметил эфирінің екі гомологының құрылым формуласын жазыңдар. Қосылыстарды атаңдар.
4. Мына заттарды:
а) СН3-О-СН3 б) С2Н5-О-С2Н5
ә) СН3-О-С6Н5 в) СН3-О-СН2-СН3
СН3
|
г) СН3-О-С3Н7 д) СН3-О - СН-СН3
жүйелеу номенклатурасымен атаңдар.
ІІ-деңгей
1. Мына қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:
1) бутанол-2; 2) З-метилпентанол-3; 3) 2-метилпропанол-2; 4) пропанол-1; 5) октанол-4;
Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсетіңдер.
2. Мына қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:
1) 2-метилпропанол-1; 2) гептанол-3; 3) 2-метилпентанол-2;
4) октанол-3; 5) З-этилпентанол-1;
біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсетіңдер.
3. Төменде кұрылым формулалары келтірілген заттардың:
а) СН3СООС2Н5 ә) СН3-СН2СН2-О-СН3
б) С6Н5СООСН3 в) СН3СН2ОС2Н5
г) НСООС2Н5 ғ)С6Н5-0-С6Н5
қайсысы жай эфирлерге жататынын айтып, заттарды атаңдар
ІІІ-деңгей
1. Құрамы С3Н7ОН қосылысына изомерленудің қандай түрі тән? Сәйкес изомерлердің құрылым формулаларын жазып, қосылыстарды атаңдар.
2. Құрамы С6Н13ОН қосылысының негізгі тізбегінде:
а) төрт көміртек атомы;
ә) бес көміртек атомы болатын изомерлердің құрылым формулаларын жазып, қосылыстарды жүйелеу номенклатурасы бойынша атаңдар. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсетіңдер.
3. Мынадай заттардан:
а) йодметаннан; ә) йодэтаннан; б) 1-бромпропаннан спирт алу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
4. Метил спирті, этил спирті және күкірт кышқылының қоспасын қыздырғанда қандай эфирлер түзілуі мүмкін? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
ІV-деңгей
1. Жай эфирлердің өкілдері — диметил және диэтил эфирлерінің кұрылым формулаларын және осы эфирлердің алыну реакциялары теңдеулерін жазыңдар. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңдер.
2. Өзара изомер болып табылатын этил спирті мен диметил эфирінің қайнау температурасы мен суда ерігіштіктерінде үлкен айырмашылықтың болуы неліктен екенін түсіндіріңдер.
3. Мына айналуларды орындауға мүмкіндік беретін:
этан → этилхлорид → этанол → этилен → этилбромид
реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
ІІІ-тапсырма. Кесте толтыру.
1. Біратомды спирттердің алғашқы өкілдерін сипаттап, берілген кестені толтырыңдар:
Сипаттамасы Метанол Этанол
Молекулалық формуласы
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Өнеркәсіпте алу жолдары
Спирттердің қолданылуы
Организмге әсері
2. Спирттерді атап, берілген кестені толтырыңдар:
Формуласы Халықаралық жүйе бойынша атауы Басқаша атауы
СН3-ОН
СН 3- СН 2— ОН
СН 3— СН 2— СН 2— ОН
СН 3- СН 2- СН 2- СН 2- ОН
СН 3— СНОН - СН 3
СН 3- СНОН - СН 2— СН 3
ІV-тапсырма.Есеп шығару
1. 50 г пропанолмен әрекеттесетін натрийдің массасы
Шешуі: 2C3Н7ОН + 2Na → 2C3Н7ОNa + Н2
2М(Na) = 46 г/моль
2М(C3Н7ОН) = 120 г/моль
х г Na ------ 50 г C3Н7ОН
46 г Na ------ 120 г C3Н7ОН
х= (46 г ∙50 г)/(120 г) =19,2 г
2. 13,7 г бромбутанмен әрекеттесу үшін қажетті калий гидроксидінің 50%-тік ерітіндісінің массасы:
Шешуі: С4Н9Вr + КОН → С4Н9ОН + КВr
М(С4Н9Вr) = 137 г/моль
М(КОН) = 56 г/моль
х г КОН ---- 13,7 г С4Н9Вr
56 г КОН ---- 137 г С4Н9Вr
х= (56 г ∙13,7 г)/(137 г) =5,6 г
100 % ----- х г
50 %----- 5,6 г
х= (100 % ∙5,6 г)/(50 wacko =11,2 г
3. 35 г метил спиртінен 12 г диметил эфирі алынған болса, диметил эфирінің шығымы (%)
Шешуі: 2СН3ОН → СН3 - О- СН3 + Н2О
2М(СН3ОН) = 64 г/моль
M(СН3 - О- СН3) = 46 г/моль
х г СН3 - О- СН3 ---- 35 г СН3ОН
46 г СН3 - О- СН3 ---- 64 г СН3ОН
х=(46 г∙35 г)/(64 г) =25,16 г
100 % ----- 25,16 г
х % ----- 12 г
х=(100 % ∙12 г)/(25,16 г) =48 %
4. 48 г метил спиртінен 22 г диметил эфирі алынған болса, өнімнің шығымы:
Шешуі: CН3ОH + CН3ОH□(→┴(H₂SO₄) ) CН3–О- СH3 + H2O
2М (CН3ОH) = 64 г/моль
М(CН3–О- СH3) = 46 г/моль
ν(CН₃ОH)=(48 г)/(64 г/моль)=0,75моль
mтеор.= 0,75 моль •46 г = 34,5 г
η=(22 г)/(34,5 г)∙100 %=63,77 %
V-тапсырма. Тест жұмысы (6-сұрақ)
1. Молекуласында көміртектің 3 атомы болатын алканолдың салыстырмалы молекулалық массасы:
А) 60; В) 58; С) 62; Д) 70.
2. Бутанолдың барлық изомерлерінің саны:
А) 3; В) 4; С) 6; Д) 7.
3. Этанол изомері:
А) метанол; В) этандиол; С) диметил эфирі; Д) диэтил эфирі.
4. Бутил спиртінің изомері:
А) бутаналь; В) бутан кышқылы; С) метилпропил эфирі; Д) диэтил эфирі.
5. Екіншілік спирттің атауы:
А) 2-метилпентон-2; В) пропанол-2; С) пропанол-1; Д) 2.4-диметилпентанол-2
6. Бутен-1 гидратацияға ұшырағанда түзілетін спирт:
А) біріншілік; В) екіншілік; С) үшіншілік; Д) төртіншілік.
V-тапсырма. Жүзеге асыру.

VІ-тапсырма. Сәйкестікті табыңдар.
Реттік санмен спирттердің алудың жартылай реакциясының теңдеуі, әріптермен реакция нәтижесінде түзілетін заттар берілген. Жұпта.
1. СО + 2Н2 (300°,Сu)/ZnO→..... А. С5Н11ОН + КСІ
2. С5Н11СІ + КОН→..... В. 2С2Н5ОН + 2СО2
3. С2Н4 + НОН→..... С. С2Н5ОН
4.С6Н12О6 спирт/ашуы→..... Д. СН3- ОН
Жауабы.
1 2 3 4
Д А С В
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Көп атомды спирттер» тақырыбы жайлы түсіндіремін
Молекула құрамында әр турлі көміртек атомдарымен байланысқан екі немесе одан да көп гидроксотобы. бар заттарды көпатомды спирттер деп атайды.
Маңызды өкілдері: этиленгликоль немесе этандиол-1,2
және глицерин немесе пропантриол-1,2,3
Этандиол-1,2(этиленгликоль)—түссіз, коймалжың улы сұйықтық. Суда шексіз ериді. Судағы ерітіндісі 0°С-тан төмен температурада қайнайды, сондықтан іштен жану козғалтқыштарында қатпайтын суытқыш сұйық — антифриз ретінде қолданылады.
Глицерин — тұтқыр, түссіз, тәттірек дәмі бар сұйық зат. Улы емес. 290°С-та қайнайды. Суда шексіз ериді.
Алынуы. 1. Негізгі алыну әдісі — майларды гидролиздеу.
2. Пропиленнен синтез өдісімен алу.
Химиялық қасиеттері.
Көпатомды спирттердің қасиеттерін үшатомды спирт—глицериңді мысалға ала отырып қарастырайық.
1. Глицерин де біратомды спирттер сияқты сілтілік металдармен әрекеттеседі. Орынбасушының мөлшеріне қарай бір, екі немесе үш жерден орынбасуы мүмкін:

2. Көпатомды спирттердің құрамында бірнеше гидроксотоптардың болуынан сутек атомдары козғалғыш келеді де, олар ауыр металдардыц гидроксидтерімен де әрекеттеседі:

Тринитроглицерин — қопарылғыш зат. Оның спирттегі 1%-тік ерітіндісі медицинада жүрек тамырларын кеңейтетін дәрі ретінде қолданылады.
4. Біратомды спирттер сияқты галогенсутекттермен әрекеттеседі:

Қолданылуы. Глицерин — дәрі-дәрмектер, қопарғыш заттар, т.б. органикалық қосылыстар алуда қолданылады. Оны теріні жұмсартатын жақсы қасиеті үшін гигиеналық мақсаттарға да пайдаланады. Ол қасиеті глицериннің сутектік байланыс есебінен ауадан су буларын өзіне тартуына байланысты жүзеге асады.
Глицерин күрделі эфирлердің құрам бөлігі ретінде майлардың құрамына кіреді. Косметика, фармацевтика және тамақ өнеркәсіптерінде кең түрде колданылады. Оны тіс пастасына, кондитерлік заттарға кеуіп, қатып қалмау үшін қосады. Соңдай-ақ өңдегенге дейін қурап қалмау үшін темекі жапырақтарына себеді. Одан басқа желімге, пластиктерге кеуіп кетпеу үшін косады. Әсіресе целлофанда молекулааралық пластификатор рөлін атқарады, нәтижесінде, ол иілгіш, созылғыш қасиетке ие болады.
Қазіргі кезде нитроглицеринді бейбіт мақсатқа — тау жыныстарын бұзуға, туннельдер, жолдар салуда пайдаланады..
ІV.Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында әр түрлі әдістер қолдануға болады.Оның негізгілері: мысалы, сұрақ –жауаптар, деңгейлік тест сұрақтарын беруге болады.Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаң соң жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.
І-тапсырма. Есеп шығару.
6. 4,6 г натрий глицериннен (к. ж.) канша көлем сутекті ығыстырады ?
Шешуі. 4,6 г V
2 С3Н5(ОН)3 + 6 Nа → 2 С3Н5(ОNа)3 + 3 Н2↑
6 •23 г/моль 3 •22,4 л
х=( 4,6 г ∙67,2 л)/(138 г) =2,24 л
Бұдан: V = 2,24 л (Н2)
7. 46 г глицериннен неше грамм тринитроглицеринді алуга болады ?
Шешуі.
46 г х
С3Н5(ОН)3 + 3 НОNО2 □(→┴(+Н₂SO₄) ) С3Н5(ОNО2)3 + 3 Н20
92 г/моль 227 г/моль
х=( 46 г ∙227 г)/(92 г) =113,5 г
Бұдан: х = 113,5 г тринитроглицерин.
V. Үй тапсырмасын беру кезеңі.
§ 16, соңындағы жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар.
VІ. Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.
Сабақта сұраққа мәнді де мағыналы жауап берген, қосымша сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.
VІІ. Қорытындылау кезеңі.
Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс бойынша сұрақтар мен жұмбақтар беремін.

І-тапсырма. Жұмбақ.

Біратомды спиртер сияқты
Көп атомды спирттер де болады.
Олардың құрамдарында
Гидроксил топтарының саны
Екі және одан да көпболады.
Гидроксил тобының санына байланысты
Екі атомды, үш атомды .... спирттер
Болып аталынады?
Екі атомды спирт-этиленгликоль
Үш атомды спирт-глицерин
Олардың формулаларын
Кім жазып бере алады?

Кесте толтыру.
Көпатомды спирттердің химиялық қасиеттерін біратомды спирттермен салыстырып, берілген кестені толтырыңдар:
Заттар Реакция теңдеулері
Этиленгликольмен Этанолмен

NаОН
Сu(ОН)2
НВr
НNО3
2. Көпатомды спиртердің негізгі қолдану салаларын көрсетіңдер:
Этиленгликоль Глицерин

Жауабы 1-кесте бойынша.
Көп атомды спирттер деп:
1. көмірсутек радикалдармен байланысқан бір гидроксил тобы бар күрделі молекулалар;
2. молекуласында оттек болатын органикалық заттар;
3. молекуласында әртүрлі функционал топтар болатын қосылыстар;
4. молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан бірнеше гидроксил тобы бар органикалық заттар.

Оқушылар осы келтірілген төрт ұғымның қайсысы дұрыс екенін төменгі кесте бойынша табулары керек.
І-кесте
Жауабы Реттік санмен берілген дүрыс сипаттамалар
А егер 1,2,3-ші пікірлер дұрыс болса
В егер 1,3-ші пікір дұрыс болса
С егер 2,4-ші лікір дұрыс болса
Д егер 4-ші пікір дұрыс болса
Е егер барлық пікір дұрыс болса
Жоғарыдағы тест-сұраққа берілген анықтамалардьщ дұрысы 4-ші пікір, олай болса 1-ші кесте бойынша оқушы бұл тест-сүрақтың жауабы: Д деп табу керек.
Категория: Химия | Добавил: Исабековна | Теги: презентация, Химия 11 сынып
Просмотров: 769 | Загрузок: 127 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar