Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесiн сақтау - Информатика - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Информатика

Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесiн сақтау
[ Скачать с сервера (59.0Kb) ] 12.03.2015, 19:32
Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ .

сабақ №: 1 сағ.саны.: 1

Тақырып: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесiн сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.

Мақсат: Оқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру. Техника қауіпсізідігінен инструктаж қабылдау.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушылардың ЕТ кабинетіндегі тәртіп сақтау және техника қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютерді техника қауіпсіздігіне сай дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, интерактивтік тақта

Үйге тапсырма (2 мин)

Техника қауіпсіздігі және есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп сақтау ережелері.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: эвристикалық

Сабақ барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин):а)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; б)оқушыларды түгендеу.
2.
Үй тапсырмасын тексеру.(10мин)

8 сыныпта өткен тақырыптардан қысқаша шолу (Word, Excel, Power Point программалары бойынша білімдерін тұйықтау).
3.
Жаңа тақырыпты түсіндіру(11 мин)

Техника қауіпсіздігі ережелері

Техника қауіпсіздігі ережелерін келесі топ бойынша бөлуге болады:
1.
Жалпы ережелер
2.
ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер
3.
Жұмыс жасау барысындағы ережелер
4.
Авариялық жағдайдағы ережелер
5.
Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер

Жалпы ережелерге келесілер жатады:
1.
Кабельдер, сымдар, розеткалар, штекерлерді түртуге, мұғалімнің рұқсатынсыз орнын ауыстыруға болмайды.
2.
Мұғалімнің рұқсатынсыз аудиторияға кіруге және шығуға болмайды.
3.
Мұғалімнің рұқсатынсыз аудитория ішінде жүруге болмайды.
4.
Ылғал қолмен немесе ылғал киіммен ДК-де жұмыс жасауға болмайды.
5.
Корпусы немесе кабельдерінің бүтіндігі бұзылған ДК-де жұмыс жасауға болмайды.
6.
ДК тұрған стөл үстіне сөмке, кітап қоюға тиым салынады. Стөл үстінде тек қаламсап пен дәптер ғана тұруы қажет.
7.
Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.
8.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға және де жұмыс жасап отырған жолдастарыңа кедергі жасауға болмайды.

ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер:
1.
Тоқ көзінен қосылмай тұрған ДК-ді қарап шығу қажет: корпусының бүтіндігі, кабельдерінің изоляциялануы.
2.
Кабельдер бір-бірімен айқасып, жұмыс барысында кедергі жасамай ма, байқау керек.
3.
Жұмыс орнын қолдану есебі журналында сәйкесінше жазуларды енгізу.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Жұмыс жасау барысындағы ережелер:
1.
ЕТ жұмыс жасау барысында экраннан оптимальды қашықтықты сақтау керек (60-70 см). Минимальды қашықтық – 50 см.
2.
Сабақ барысында сыныпқа кірген мұғалім немесе басқа адамдарға оқушылардың тұруына қажет емес.
3.
Егер көзіңіз шаршаса, жұмыс орныңыздан тұрмай-ақ, көз шаршауын басатын жаттығуларды жасауға болады.
4.
Оқушылар электр тоғымен зақымдануда бірінші медициналық көмекті көрсетуді, өртсөндіргішпен жұмыс жасай білу және өртті сөндіру әдістерін меңгеруі қажет.
5.
Оқушылар көз шаршауын басатын жаттығуларды білулері қажет.

Авариялық жағдайдағы ережелер:
1.
Егер жұмыс барысында ДК-дің бұзылу; яғни, жағымсыз иіс немесе түрлі дыбыс байқасаңыз, онда тез ДК – ді өшіріп, ол туралы мұғалімге хабарлаңыз.
2.
Қажетті жағдайда өртті сөндіруге көмек беруге болады.
3.
Электр тоғынан зардап шеккен адамға бірінші медициналық көмек көрсету керек.
4.
Өртті сумен өшіруге болмайды. Тек құм немесе өртсөндіргішті қолдану қажет.
5.
Егер электр тоғынан зардап шеккен адам электр тоғы әсерінде болса, оны жалаң қолмен ұстауға болмайды. Электр өткізгіш болып табылмайтын материалдарды қолданып, зардап шеккен адамды босатуға болады.

Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер:
1.
Мұғалімнің айтуынша компьютерді өшіру қажет.
2.
Жұмыс орнында тазалық жүргізу.
3.
Жұмыс орнын пайдалану есебі журналында сәйкесінше жазулар енгізу керек.

Тапсырма. Тапсырманы жұмыс дәптеріңде орында. (10 мин).

Техника қауіпсіздігіне сәйкес, кестенің ұяшықтарын боя: егер дұрыс болса, жасыл түспен, дұрыс емес жағдайда – қызыл түспен боя.

Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинетке кіру
Компьютер кабинетіне кіріп, жұмыс орнына отыру
Информатика кабинетінде сыртқы киіммен отыру

Компьютердің ақауы жоқтығына көз жеткізу
Компьютер сыныбына кіргенде, таласып есіктен кіру
Компьютер ақауын көргенде мұғалімге айту

Жалғанған кабельдерді жалаң қолмен түрту
Тек мұғалім рұқсатымен компьютерде жұмыс жасай бастау
Тоқ көзі кабельдеріне қол тигізу

Басқа сыныптардан сыныпқа түрлі Дисктер әкелу
Компьютердің ақауын өз бетінше жөндеу
Сабаққа байланысы жоқ программалар немесе ойын қосу

ДК – мен кір қолмен жұмыс жасау
Пернетақтаның пернелерін жәй ғана шерту
Монитордың артқы жағын түрту

Тек компьютер қосылып тұрған жағдайда пернелерді басу
Ылғал қол немесе ылғал киімде отырып, компьютермен жұмыс жасау
Монитор мен көз ара қашықтығы 60-70 см. болу

Заттарды компьютер бөліктерінің үстіне қою
Жұмыс соңында жұмыс орнын тазалау
Мұғалім рұқсатынсыз файлдар мен қалталарды өшіру

4) Өткен тақырыпты бекіту (6 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:
1.
Техника қауіпсіздігі ережелерін қанша топқа бөлуге болады және оларды ата?
2.
Жалпы ережелерді ата?
3.
Жұмыс жасау алдындағы ережелер?
4.
Жұмыс жасау барысындағы ережелер?
5.
Авариялық жағдайдағы ережелер?
6.
Жұмысты аяқтау барысындағы ережелер?
7.
Электр тоғымен зақымданған адамға көмек көрсету?

5)Сабақты қорытындылау(1 мин)

Оқушыларға техника қауіпсіздігі туралы нақты мағлұмат беру және инструктаж қабылда
Категория: Информатика | Добавил: nurzhol25
Просмотров: 646 | Загрузок: 174 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar