web-бет дизайны - Информатика - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Информатика

web-бет дизайны
[ Скачать с сервера (504.0Kb) · Скачать удаленно (1500kb) ] 15.09.2015, 11:31

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

 

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

 

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

 

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.

 

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.

 

Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.

 

Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.

 

Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар

 

Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.

 

Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.

 

Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:

 

§ Web-технологиялар;

§ Сайт жасау экономикасы;

§ Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;

§ Адам ресурстары және т.б.

 

Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:

 

§ Жоспарлау;

§ Элементтерді жасақтау;

§ Бағдарламау;

§ Тестілеу;

§ Жариялау;

§ Жарнамалау;

§ Бақылау;

 

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

 

1. Сайттың орны.

2. Сайттың аудиториясы кімдер.

3. Қандай ақпарат жарияланады.

4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

 

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

 

1. Навигациялық құрылымын жасау.

2. Беттің дизайнын жасау.

3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

 

Бағдарламау

 

Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.

 

Категория: Информатика | Добавил: aliya_aya91 | Теги: дизайны, Web-бет
Просмотров: 257 | Загрузок: 179 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar