Қандай аңдар - Қазақ тілі - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

Қандай аңдар
[ Скачать с сервера (518.2Kb) ] 11.03.2015, 07:38

 Адамның дене мүшелері

Ашық сабақ
Сынып: 2 «М»
Күні: 15.11.2012 ж.
Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адамның дене мүшелері туралы толық мәлімет беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: Күрделі тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру, дене мүшелерін дұрыс көрсету деңгейіне жетулері керек.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына байланысты тәрбиелік мақсаттағы әңгімелер жүргізу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, дене мүшелеріне байланысты слайдтар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, сабақта жоқ оқушыны белгілеу)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға кеспе қағаздар таратып, онда берілген бұйрықтарды орындатамын.
Мысалы: Оң қолыңды көтер. Сол аяғыңды көрсет. Оң қолыңа қалам ал.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сөздікпен жұмыс:
- бірнеше рет сөзді оқимын, түсіндіремін.
- оқушылар мұғалімнен кейін қайталайды.
- жаңа сөздерден сөз тіркестері құралады.
- сурет бойынша жұмыс.
-оқылым.
-жазылым. (слайд арқылы дене мүшелерін көрсетемін)
1. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз – адамның дене мүшелері. «Адам» деген сөзге қандай сұрақ қоямыз? Кім? Ереже 1-3 баладан сұрау.
1. Слайд бойынша тапсырма беріледі.
Тапсырмада көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып, сөздер жазады. Ол сөздер адам мүшелеріне қатысты.
Мысалы: Б...с (а), м....рын (ұ).
2. Оқулықпен жұмыс.
Тақырыпты қайталау, жаңғырту үшін 2-тапсырманы өздік жұмыс ретінде орындау. Тапсырманы тақта алдында жазбаша тексеру.
Сергіту сәті. Берілген өлеңді бірнеше рет оқып, оны қимылдармен өрнектеу.
Бала, бала, балақан,

Қане, қайсы алақан?

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнат.
3. «Топтай біл» ойыны.
Балалар берілген сөздерді үш топқа бөліп жазады. 1 – адамның дене мүшелері, 2- жеміс-жидектер, 3- оқу құралдары. ( АЯҚ, АЛМА, СЫЗҒЫШ, ҚАЛАМ, ӨРІК, ЕРІН, ҚҰЛАҚ, ӨШІРГІШ, АЛМҰРТ, ШИЕ, ШАШ, ҚОЛ, ДӘПТЕР)
4. Ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Қайсысы артық? Неге артық?» деген слайдпен жұмыс.
Берілген суреттерден артығын табады. Суретте доп, ауыз, көз, құлақ, қуыршақ  берілген. Сонымен қатар неге артық екендігін түсіндіреді.
5. Оқулықтағы 3- тапсырманы ауызша орындау. Сөйлеп үйрену.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Адамның дене мүшелерін жеке-жеке қойып, қазақша дене мүшелерді айтып тұрып, оқушыларды тақтаға шығару арқылы адам суретін құрау.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыға тиісті баға қоямын.
ҮІ. Үйге тапсырма. Сөздік жаттау. 78-79 –бет, 5-тапсырманы жаттау

Категория: Қазақ тілі | Добавил: malika | Теги: қандай, аңдар
Просмотров: 308 | Загрузок: 117 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar