САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ - Қазақ тілі - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
[ Скачать с сервера (14.0Kb) ] 12.05.2013, 15:20
Салалас кұрмалас сөйлемдер мағыналық қарым-қатынасына карай ыңғайлас, қарсылықты, іліктес, себеп-салдар, талғаулы, кезектес болып алты түрге бөлінеді.
Бұлардың ішінде іліктес салалас ешбір жалғаулықсыз байланысса, талғаулы мен кезектес салаластар әрқашан жалғаулық шылаулардың көмегімен байланысады. Салаластың басқа түрлері жалғаулықсыз да, жалғаулық шылау арқылы да байланыса береді.
Ыңғайлас салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері бастауыштарының іс-әрекеті бір тектес, мезгілдес, орайлас болып келген салаластарды ыңғайлас салалас дейміз. Ыңғайлас салалас іргелес тұрып та, және, да, де, әрі деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады: Бес минут өткен жоқ, әскери адам енді. Денесі тіп-тік, өңі сұп-сұр (Ғ. Мүст.).
Қарсылықты салалас
Қарсылықты салалас жай сөйлемдердегі істің, оқиғаның бір-біріне қарама-қарсы болатынын көрсетеді. Қарсылықты салаластың құрамы өзара іргелес те, бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Қарсылықты салаластағы жай сөйлемдердің баяндауыштары кебінесе антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады: Жанат орнын ұсынып еді,— отырған жок (Ғ. Мұст.). Бәріне де тоқтағым, бәрімен де танысқым келеді,— оған уақыт аз (С. М.).
Іліктес салалас
Іліктес салалас құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне түсінік болатындай, бірін-бірі толықтырып айқындайтындай қатынасты білдіреді. Іліктес салалас_ әрқашан іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемінде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді басқа да сөздер болады:
Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылыми еңбек жазуға төселдіру (С. Шаим.). Бұл трубалардың жуандығы сондай — Бейсен сияқты тәпелтек адамдар ішінде жүгіріп жүрерлік (Ғ. Мұст.).
Себеп-салдар салалас
Салалас құрамындағы жай сейлемдер өзара бірі екіншісінде айтылған істің себебін не салдарын білдірсе, ондай салаласты себеп-салдар мәнді салалас дейміз. Себеп-салдар салалас іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз.
Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын (Ғ. Мұст.). Ақыры тапқан сияқты; оң көзінің астыңғы қабағы бүлкілдей бастапты (Ғ- М-)
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас құрамындағы жай сөйлемдердің өзара болжалдық қарым-қатынаста болып, тек біреуіндегі істің, оқиғаның жүзеге асатындығын көрсетеді. Талғаулы салалас я, яки, болмаса, не, немесе, әлде, әйтпесе деген жалғаулықтар арқылы байланысады. Талғаулы салаластың арасына үтір қойылады. М ы с а л ы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын (X. Ес).
Кезектес салалас
Құрамындағы жай сөйлемдерінің іс-әрекеті өзара талғау, салғастыру мәнді салаласты кезектес салалас дейміз. Кезектес салалас біресе, кейде, бірде деген жалғаулықтар арқылы байланысады. Жазуда кезектес салаластың арасына үтір қойылады. Мысалы: Жұлдыздың саналы еркі ұйқыға қарсы шығады, Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді (Б. Соқп.).
Категория: Қазақ тілі | Добавил: DoS1K_RTeory | Теги: кұрмалас сөйлемдер, Салалас
Просмотров: 4819 | Загрузок: 350 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
avatar