Сан есімнің түрлері. Есептік , реттік сан есімдер - Қазақ тілі - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

Сан есімнің түрлері. Есептік , реттік сан есімдер
30.11.2014, 08:44

Күні:26.11.14
Тақырыбы: Сан есімнің түрлері. Есептік, реттік сан есімдер. 
Мақсаты: 
а)Білімділік: Есептік және реттік сан есімдер туралы түсінік беру, оларды ажырата білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу; 
ә) Дамытушылығы: Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау; Сауатты жазуға төселдіру; 
б) Тәрбиелік: туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу,Отанды шексіз сүюге, тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, баяндау, талдау,ойын, сергіту жаттығулары т.б. 
Көрнекілігі: оқулық , үлестірмелі парақшалар, смайликтер, жүрекшелер т.б. 
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет, география,сурет,т.б 
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру : 1.Сыныптың сабаққа қатысы. 
2. Үй тапсырмасын тексеру 160-жаттығу, ереже жаттау 
«Қайталау – оқу анасы» өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар: 
Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Оларды ата. 
Зат есім және сын есім қандай сөз таптары? Мысал келтір. 
Деректі және дерексіз зат есімге мысал келтір. 
Қатыстық сын есім дегеніміз қандай сын есім? 
ІІ. Жаңа сабақ : Сан есімнің түрлері. Есептік, реттік сан есімдер. 
«Қызығушылықты арттыру» 
-Оқушылар, алдымыздағы берілген бірнеше мысалдарды оқып қарайықшы. Осы сан есімдердің жазылуында немесе айтылуында өзгеріс бар ма? Қандай өзгеріс бар? Сан есімдерге сұрақ қойып қараймыз. 
-Дұрыс айтасыңдар! Яғни, қойылатын сұрағына қарай, жазылуына қарай осы сан есімдерді екі бағанға бөлеміз. 
Заттың нақтылы санын білдіріп, қанша?, неше? деген сұрақтарға жауап берсе, есептік сан есім болады. Мысалы: Он алты, жиырма екі т.б. 
Заттың саналу ретін, қатарын білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап берсе, реттік сан есім болады. 
Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге, егер ол дауысты дыбыспен аяқталса, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы, ал егер дауыссызға бітсе, -ыншы, -інші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.Мысалы: бес – інші, он – ыншы, алты – ншы, жеті – нші т.б 
Реттік сан есімдер кейде цифрмен беріледі. Ондай кезде сан есімдердің жазылуы төмендегідей болады. 
Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады. Мысалы: Ол 5-қабатта тұрамыз. Мен 6-сыныпта оқимын. 
Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды.Мысалы: «Абай жолы» романының І томы, шығарманың ІІ томы т.б 
Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 1 қыркүйек, 1995 жыл т.б 
ІІІ . Оқулықпен жұмыс: 
162-жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы есептік сан есімдерді теріп жазып, олардың құрамын анықтау. Сұрақ қою. 
Жаттығу үлгіге қарай отырып ауызша орындатылады.Үлгі: екі жүз тоғыз – есептік сан есім, құрамына қарай күрделі, сұрағы – қанша? 
164-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазу. Мысалы: жеті-жетінші, он-оныншы 
165-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, реттік сан есімдердің қалай жасалғанын және сұрақтарын айтыңдар. 
VI. Сергіту сәті. 
1. 1) Бір сан ойлаңыз! 
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз! 
3) Оған 18-ді қосыңыз! 
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз! 
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз! 
6) 3-ке көбейтіңіз! 
7) 6-ға бөліңіз! 
Баста ойлаған санды алып тастаңыз! 
Жауабы: Нәтиже үнемі 1 шығады. 
2. 100 шөже, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөже, 10 күнде қанша кг бидай жейді? 
Жауабы: 1 кг 
3. Қай айда 28 күн бар? 
Жауабы: Барлық айда 
4. Лимонның жартысы не болады? 
Жауабы: Лимбес 
5. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не? 
Жауабы: “а” әрібі 
V. Бекіту. Жеке оқушылармен жұмыс 
Семантикалық карта 
Мысалдар Есептік Реттік 
Бесінші 
Он алты 
Екі мың бірінші 
Сегіз 
Қырық жеті 

Сәйкестендіру тесті 
Арманда алтыншы сыныпта оқимын 
Мен бес кітап бар 
Биыл сабақты беске оқиды 
Ол Тәуелсіздікке 22 жыл 
Қазақстанда екі мың он үшінші жыл 

VI. Қорытынды сұрақтары: 
Сан есім дегеніміз не? Сұрағы қандай? 
Құрамына қарай сан есім нешеге бөлінеді? 
Есептік сан есім дегеніміз қандай сан есім? Мысал келтір. 
Реттік сан есім ше? Мысал келтір. 
VІІ Үйге тапсырма: 163,166-жаттығулар. Ережені жаттау. 
VІІ .Бағалау.Сабаққа белсенеқатысқан оқушыларды смайликтермен бағалау 
ОТЖ орынбасары:

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Нурганым | Теги: есімнің, сан, ЕСІМДЕР, түрлері., Есептік, реттік
Просмотров: 1608 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar