Тұрақты сөз тіркестері - Қазақ тілі - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

Тұрақты сөз тіркестері
[ Скачать с сервера (53.0Kb) ] 12.01.2015, 21:06

 

Мұғалімнің аты- жөні

Сүйінова  Жадыра

№ 47 орта мектеп

Пәні

Сыныбы

  21.11.2014 ж.

   5-күн

   2 - сабақ

Қазақ тілі

5 «А», «Б»

Сабақ атауы

Тұрақты сөз тіркестері

Жалпы мақсаты

Тұрақты сөз тіркестердің анықтамасын, түрлерін, қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру. Еркін сөз тіркестерінен айырмашылығын көрсету.

Күтілетін нәтиже

Тұрақты тіркестерді оқыту арқылы, сөз арасында  қолдану арқылы шапшаң ойлауға, шебер сөйлеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ету.

Негізгі идеялар

Қазақ тілі әуенді, әуезді, сұлу тіл екенін тұрақты сөз тіркестерін оқыту барысында оқушыларға таныта отырып, оқушылардың бойында елжандылық, адамгершілік, отаншылдық және ана тілін сүю секілді сезімдерді ояту.

Тапсырмалар/WIKI  материалдары/

Ғаламтор, Power Point, интернет желісінен алынған материалдар, оқулық ,кесте, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, үлестірмелі карточкалар, тест парақшалары, Ісмет Кеңесбаевтың «Қазақ фразеологизмдер сөздігі» атты еңбегі (Алматы, 1977ж).

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Кіріспе

 

 

 

Тұсаукесер

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Уақыты

Мұғалім іс- әрекет

Оқушы іс- әрекеті

3 минут

 

 

 

5- минут

 

2- минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-минут

 

5-минут

 

 

 

 

 

5 -минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-минут

 

 

 

 

 

 

2- минут

 

 

2-т

І. Ұйымдастыру

«Топтық тілек» әдісі. Оқушылармен амандасу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Үй жұмысы

113- жаттығу

І.«Қызығушылықты ояту

Юморлық арнайы суретерде қандай тұрақты сөз тіркесінің мағынасы бейнеленгенін оқушылардан сұрау.Мысалы: Үйді басына көтерді; аузымен құс тістеген; түйе үстінен сирақ үйткен; мұрнын көкке көтерген; бармағын тістеді - тіркестеріне сәйкес суреттерді көрсету.

ІІ.Мағынаны тану.Үсен тал кептірілген соң, от жағып, әуелі жұмыртқаны отқа салып пісірді. (Ы.А.). Бір күні қырық уәзір кеңесіп: - Біз хан мен жаман екеуінің арасына от жағалық, - десті. («Аяз би»  ертегісі).

       

Жаңа сабақ

Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуінен жасалғанмен, бір ғана мағынаны білдіреін тіркестер тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер деп аталады.

Тұрақты тіркестер де-  ойды  көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы.

І.Кім тез орындайды?

Еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесін ажырату

Жүрек жұтқан, жүректі емдеу, жерге кіріп кете жаздау, жер қазу, ауызша айту, үріп ауызға салғандай, құлақ қою, үлгілі бала, ағашты балтамен шапты, тамырына балта шапты

2-топ: Сәйкестендір

Қас пен көздің арасында--            батыр

Ер жүрек-                                  лезде, тез, жылдам

Тайға таңба басқандай-                   ерінді

Мойыны жар бермеді-                      анық

Бармағын тістеу-                         жолы болу

Тасы өрге домалау-                         момын

Қой аузынан шөп алмас-                 өкіну

ІІІ топ: Мәтіннен тұрақты сөз тіркесін еркін тіркестен ажырату. 1. Пешке арқасын сүйеп Қайрақбай жатыр. (Б.М.). 2. Қамысбай Майбасарға арқа сүйейді (М.Ә.). 3. Бекжан майданға туған жердің бір уыс топырағын орамалға түйіп ала кетті. 4. Амангелді - партияның ісі үшін шүберекке жанын түйген ер (Н.Б.)

ІІІ.Оқулықпен жұмыс

114- жаттығу. Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін табыңдар.Мәтінге ат қойыңдар.

ІҮ. «Диалог» ойыны

Өздерінің қалауы бойынша тақырып таңдап диалог құрайды, ішінде тұрақты сөз тіркестері болуы шарт. ( мысалы: «Ауруханада», «Дүкенде», «Сабақ үстінде», «Әжемнің ақылы» т.б

І топ:Мына сөздердің фразеологиялық мағынасын білдіретін сөздерді жаз.

  1. Жүрегі алып ұшты – қобалжыды
  2. Төбесі көкке жетті -
  3. Бармағын тістеді –
  4. Жермен жексен ету -
  5. Қол ұшын берді -

ІІ топ:Өзара синонимдес тұрақты тіркестер ойлап, жаз

Көз ілмеді – Түн ұйқысын төрт бөлді. Кірпігі айқаспады, көрер таңды көзімен атырды, ұйықтамады.

Жұмған аузын ашпады.

Төбе шашы тік тұрды 

Мына тұрақты тіркестердің антонимдерін жаз:

Жүрек жұтқан – су жүрек

Ит терісін басына қаптады

Жүрегі қарс айырылды

Ұшан – теңіз –

Қой аузынан шөп алмас

Сабақты бекіту.

  «Ойлан, тап» әдісі

І топ:Жыл мезгілдеріне байланысты тұрақты сөз тіркестерін табу.

ІІ топ: Төрт түлік малға байланысты тұрақты сөз тіркестерін табу

ІІІ топ: Адамның бет, ауыз, мұрын мүшелеріне байланысты тұрақты сөз тіркестерін табу.

Бағалау «Тәтті тоқаш»

Үй тапсырмасы

 ІІІ. Үйге тапсырма: 1. Тұрақты тіркестерді қатыстыра отырып, кез келген  тақырыпқа мәтін құрау.

 2. 115 – жаттығу

ББҮ әдісі

Бағалау парақтары бойынша бағалау

Мұғаліммен амандасады  Әр топ бір- біріне тілектер айтады.

Ақыл

Алғыр

Зейін болып 3 топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркестерін ажыратады.

 

 

Тұрақты тіркестерді мағынасына қарай сәйкестенді-реді.

 

 

 

Мәтіннен тұрақты сөз тіркесін еркін тіркестен ажыратады.

 

 

 

Тұрақты сөз тіркетерді табады. Мағынасын ашады.Мәтінге ат қояды.

Тұрақты тіркестер бойынша бір- бірімен шағын диалог құрады.

Сөздердің фразеологиялық мағынасын жазады

 

 

 

 

Өзара синонимдес тұрақты тіркестерді ойлап жазады.

 

 

Тұрақты тіркестердің антонимдерін жазады.

Жыл мезгілдеріне байланысты, төрт түлік малға байланысты, адамның бет,ауыз,мұрын мүшелеріне байланысты тұрақты сөз тіркестерін табады.

 

Сабақтан алған әсерлерін жазады.

Сабақтың жабдықтары

Оқулық, қосымша материалдар, әдістемелік журнал, плакат, түрлі- түсті қаламдар

Келесі тапсырмалар

/ портфолио/

Көркем әдебиеттерден тұрақты сөз тіркестерін  жазып келу

Келесі оқу

Мақал- мәтелдер

Сабақты талдау

 

 

Тәжірибелік сабақты бағалау

 

Сабаққа өзгертулер енгізу

 

             

 

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Jadira | Теги: тіркестері, сөз, Тұрақты
Просмотров: 1404 | Загрузок: 136 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar