Тәуелсіздік жылдардағы Қазақстан - Қазақ тілі - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

Тәуелсіздік жылдардағы Қазақстан
[ Скачать с сервера (18.0Kb) ] 10.12.2014, 10:32

 

Тәуелсіз жылдардағы Қазақстан!

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық.

Жиырма үш жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

         «Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. 
           Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 23 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді.

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

          Айтулы жылда Қазақстан Республикасы талай биіктерден көріне білді. Үлгі етіп ұсынған жаңашыл ойларымыз бен іс - қимылдарымыздың халықаралық қоғамдастық тарапынан танылып, оң бағаланғанының жарқын бір көрінісі – туған Отанымыз табалдырықтан енді ғана аттаған 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 56 елдің қолдауымен аталған беделі биік халықаралық құрылымға бірауыздан төраға болып сайланды. Орта Азия мемлекеттерінің және біртұтас мұсылман әлеміндегі елдердің арасынан топ жарып, алғаш төрағалық етуі де мақтануға тұрарлық жайт. Бұл әріне бір ғана мысал жиырма үш жыл ішінде осынау жетістікке жетіп, Сарыарқа төрінен ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру – тұңғыш Президентіміздің кемеңгерлігі, көрегендігі.

               Міне, осының барлығы айтуға ғана оңай, атқарылуы нар түйенің жүгіндей ауыр жұмыстар екенін айтпаса да түсінікті.

         Егеменді еліміздің тәуелсіздік алған 23 жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әлі де берері тіпті мол. 

 

Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан, 
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан. 
Келешегі кең өрісті,кемелді, 
Жайна мәнгі Тәуелсіз ел – Қазақстан! 

 

Жазған: Белгібай Айдана

 

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Aida{r}na | Теги: жылдардағы, Қазақстан, Тәуелсіздік
Просмотров: 542 | Загрузок: 139 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar