"Туған тілім - тірлігімнің айғағы" әдеби кеш - Қазақ тілі - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

"Туған тілім - тірлігімнің айғағы" әдеби кеш
[ Скачать с сервера (24.5Kb) ] 26.01.2015, 15:42

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

атты тілдер мерекесіне орай өтіп жатқан әдеби-сазды кеш

 

1-жүргізуші:  Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар, құрметті оқушылар!

2-жүргізуші:  Армысың, туған халқының асыл құндылығы – ана тілімізді ардақтай білген ұлтының шынайы перзенттері!

1-жүргізуші:  «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты тілдер мерекесіне орай өтікізіліп жатқан әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:  Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

1-жүргізуші:  Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны,

Жан байлығы, салт-дәстүрі – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы.

2-жүргізуші:   Мұхтар Шаханұлы жырға қосқан төрт ананың бірі – халқымыздың ұлттық болмысы, салт-санасының сақталуының бірден бір  қайнар көзі  - біздің ана тіліміз.

1-жүргізуші:  Ана тіліміз VI ғасырда Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен бастап, XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған.

2-жүргізуші:  Тамырын тереңнен алатын, даналығы мен данышпандығы кемел, тілдік шежіресі мен дәстүрі, өзіндік әлемі бар қазақ тілі – түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тобына жатады.

Бұл  жайлы толығырақ Мадина айтып береді.  

 

1-жүргізуші:  Бабалардан қалған жалғыз байлығым,

Ана тілім – биік туым, айбыным.

Арманға  да айырбастай бермейтін

Тілісің сен ішімдегі қайғының.

2-жүргізуші:  Тілісің сен көңілімдегі жұлдыздың,

Үнісің сен келе жатқан ұл-қыздың.

Сен арқылы көздің жауын алатын

Құламайтын сәнді сарай тұрғыздым.

1-жүргізуші:  XV ғасырда Қазақ хандығы құрылған заманның бастауында тұрған Асан қайғы, Қазтуған,  Доспамбет, Ақтамберді, Шал ақынның   дидактикаға толы жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасыр басында Сүйінбай  Аронұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің діни-ағартушылық бағыттағы шығармалары қазақ халқының сөз байлығы мен тіл өрнегіне ерекше әсер етті.

2-жүргізуші:  ХІХ ғасырдың екініші жартысында қазақтың ұлы тұлғалары Шоқан, Абай, Ыбырай,  ХХ ғасыр басында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабаев сынды қазақ зиялылары тіл тазалығы мен сауаттылығы мәселесіне барынша назар аударды, тіл шеберлігімен кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, асыл мұра да қалдырған.

1-жүргізуші:  Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тіліміздің әуезді де әсем күйде игілігімізге берілуіне үлес қосқан бабаларымызға мың алғыс!

Слайд

 

1-жүргізуші:  Ең бірінші бақытым- халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

2-жүргізуші:  Ал екінші бақытым – тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

1-жүргізуші: «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тілді өнер ретінде қастерлеген қазақ елі шешендік өнерді маңдайға да, таңдайға да біткен бақ деп қараған.

2-жүргізуші: Тауып айтылған бір сөзге бір қауым елдің тоқтайтындығы, дауласқан екі жақтың әділ қазы-биге жүгінетіндігі де халықтың тіл өнеріне деген ыстық махаббатының белгісі.

Шешендік сөз. Байдалының Шорманға айтқан төрт нақылы

Шорман 90 жастағы Байдалы биге сәлем беріп, «үлгілі сөз естиін» деп бала жігіт күнінде барған екен...

1-жүргізуші: Жалғанда не терең?

2-жүргізуші: Сөз – терең.

1-жүргізуші: Не өткір?

2-жүргізуші: Сөз – өткір.

1-жүргізуші: Не сұлу?

2-жүргізуші: Сөз  - сұлу. Сұлу сөзге сүйсінбейтін жан жоқ.

1-жүргізуші: Ана тілінің қасиеті, құдіреті  арқылы талай тамаша туындыларды дүниеге әкелген  сөз шеберлерінің туған тіліне арнаған жыр жолдарын тыңдап көрелік.

Өлеңдер оқылады.

 

1-жүргізуші:  Тілім, сені менсінбей қорлағандар,

Өгейсітіп, араша болмағандар.

Опасыздық жасаған Отанына

Олар - нағыз опасыз, арсыз жандар.

2-жүргізуші: Кеңес үкіметінің орталықтан басқару кезеңінде қазақ тілі орыс тілінің ығында қалып қойды. Орыс тілін білмеген жан ортада өзін көрсете алмасын білген шарасыз халық өз ұрпақтарын орыс мектептеріне мен балабақшасына беруге мәжбүр болды. Тіл тамырының соғысы әлсірегендей болды.

1-жүргізуші:  Орыс тілін білмесем, болашағым жоқ деп есептеп, туған тілін ұмытқан, өз ана тілін менсінбей, өзге тілде сөйлеуді мақтан көретін ұрпақ өкілдері әлі де арамызда бар.

Қазақ тілінің мұңы.

1-жүргізуші:  Сен болмасаң, о туған тіл, құным не,

Мен жетпейтін маржан жатыр түбіңде.

Аспан, жұлдыз, жетім ай да телміріп,

Тіл қатады маған ана тілімде.

2-жүргізуші:  Дүниеде туған тілден тәтті не бар? Әр тілде сөйлеп жатқан адамдар арасына түсіп, кенеттен құлағыңа қазақ тіліндегі сөз естіліп қалғандағы күйді бастан кешірмеген шығарсың. Бұл – бір ерекше күй. Сонда сен сол сөздің қаншалықты әуезді әндей, сырлы саздай естілетінін байқайсың. Жүрегіңнің түкпірінен саумал сағыныш, өрекпіген сезім бой көтереді. Бұл – дүниеге келгеннен бері әлдилеп келе жатқан тіл қасиеті арқылы бойыңа дарыған туған елге, жерге деген махаббат.

1-жүргізуші: Ендеше, туған елімізге, халқымызға  деген махаббатымызды  ән арқылы жеткізіп көрейік.              

Ән. «Тәуелсіздік таңы»

1-жүргізуші:  Менің тілім өлмейді – халқым тірі,

Қазағымның сөнбейді алтын күні.

Мәңгі естіліп тұрады оның даусы

Соңғы күні жоқ оның ақырғы үні.

2-жүргізуші: Қазіргі қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ғаламдық мәдениет қазынасына мақтанышпен ұсынуға лайық құндылығы.

 

  • 1989 жылы Қазақ КСР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды.
  • 1993 жылы 1995 жылдары қабылданған Қазақстан Респуликасының жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.
  • 1997 ж. 11 шiлдеде Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы Заң қабылданды.
  • 1998 жылы Тіл туралы Заңды күшіне келтіру туралы Мемлекеттік бағдарлама жасалды.
  • 2011 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілді.

1-жүргізуші: Ана тіліміздің өрге өрлеп, мәртебесінің өсуіне аянбай еңбек етіп жатқан тіл жанашырлары осы күнде де баршылық.

2-жүргізуші: Мұхтар Шахан, Дулат Исабеков, Темірхан Медетбек, Ғаббас Қабышев, Қабдеш Жұмаділов, Амангелді Айталы, Бекболат Тілеухан, Мұхтар Мағауин, Асылы Осман, т.б.

1-жүргізуші:  Қазақ тілінің дамуына өлшеусіз еңбек  сіңірген азаматтарды туған халқының адал перзенттері  деп атауға болады.

2-жүргізуші: Ананың ақ сүтімен, әженің әлдиімен бойымызға дарыған ана тілімізді ардақтай білейік!

1-жүргізуші:  Туған тіліміз егемендігіміздің белгісіне, тәуелсіздігіміздің символына айналсын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: ССА | Теги: кеш, айғағы, тірлігімнің, Әдеби, тілім, Туған
Просмотров: 893 | Загрузок: 154 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar