Жалаң және жайылма сөйлемдер - Қазақ тілі - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

Жалаң және жайылма сөйлемдер
[ Скачать с сервера (66.5Kb) ] 16.01.2015, 13:02
Сабақтың тақырыбы:
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жай сөйлемнің жалаң және жайылма болуы тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына байланысты.
Кейбір жай сөйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер болмайды.Мысалы: Жаңбыр сіркіреп тұр.жер су. – Жаңбыр ашылды ма?
Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Жалаң сөйлем құрылысына қарай жақты да,жақсыз да сөйлем болуы мүмкін.Ойын қызық.Үй жлы.Қарағың келеді.айтуға бола ма?
Ж айылма сөйлем тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалады.
Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді.Алғашқы сөйлемді ұзақ деген мөлшер пысықтауыш жайылма сөйлемге айналдырса,соңғы сөйлемді анықтауыш (мұнар) пен мекен пысықтауыш (алыстан) қатысып,жайылма сөйлемге айналдырып тұр.
Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Жайылма сөйлемдер де құрылысына қарай жақты не жақсыз бола береді. Таспен ұрғанды аспен ұр. – жақты сөйлем. – Сонда менің ауданға баруым керек пе? – жақсыз сөйлем.
Шығармашылық жұмыс: Төменде берілген сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңдар.
Нұрмағамбет тілін алды. Ол киіне бастады. Нұрмағамбет көзге түсті. Ойын-той болмайды. Сәні болмайды. Андрей шақырылады. Саусақтары жетпейді. Саусақтары ырқына көнбейді. Ол біледі.
Білімді бекіту:
Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
жай сөйлем дегеніміз не?
жақты сөйлем қалай жасалады?
жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?
Категория: Қазақ тілі | Добавил: 00000000000 | Теги: сөйлемдер, Жалаң, Жайылма, және
Просмотров: 622 | Загрузок: 148 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
0
1 Анонимно • 12:29, 21.01.2015
''

"d
avatar