Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі сөз - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі сөз
24.09.2015, 15:36
Сабақтың тақырыбы: Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз
Сабақтың мақсаты: Ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндер айту. Оқушылардың ана тіліне
деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: ₺Қазақ тілі болашағым, ертеңім... ₺ атты газет көрмесі, нақыл сөздер,
Шарлар

Сабақтың жүрісі:
- Құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгін біздің ₺ Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз ₺ кешімізге қош келіпсіздер!
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі – атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата - дәстүрі. Біздің тіл туралы заңымыз 1997жылы 11- шілдеде Қазақстан Республикасының ₺ Тіл туралы жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан - ұрпаққа, атадан - балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жылға ақау болған. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені - Қазақстан. 14 желтоқсан - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу - ізгілік пен мәдениеттің белгісі.
- Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзеу қараймын,
Ана тілім сені егер білмесем - дегендей енді балалар қазір біздер топтық сайыс жүргіземіз. Мен әуелі сіздерге сайыстың жүрісімен таныстырып өтейін.

Жүрісі: 1. Топ атымен, ұранымен таныстыру
2. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру
3. Ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу
4. Даналар сөзінің сырын аш! Тіл туралы айтылған ой - пікірлерді мағынасын түсіндіру.
5. Тіл туралы берілген тақырыпқа шығарма жазу.
6. Өз өнерін көрсету.( Өлең айту, би билеу, көрініс көрсету)
7. Ұйқасын тап. Өлең шумақтарын құрастыру.

- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. ( Әділ қазылар алқасымен таныстыру)
1. Әр топ өздерін таныстыру
2. Кім көп біледі? бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.

Сұрақтар: 1. Қазақ тілі туралы заң қашан қабылданды?
2. 21қандай мереке?
3. Мәтін дегеніміз не?
4. Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы - деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Ары қарай жатқа айт.
5. Буын үндестігі дегеніміз не?
6. Ең бірінші бақытым - халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін - деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Ары қарай жатқа айт.
7. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

3. Мәнерлеп оқуТамаша өлең таңдайға татып балдай,
Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!
Жан - дүниең жарқырап сала берер,
Ағарып келе жатқан атып таңдай - деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айту.

4. Даналар сөзінің сырын аш Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман, Жиреншедей дария шешен бабам. Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын, екі ауыз сөзбен шешкен шешен бабам – деп сайысымыздың келесі кезеңіне өтеміз. Бұл кезең ₺ Даналар сөзінің сырын аш₺ деп аталады. Бұл жерде әр топқа еліміздің белгілі ақын - жазушыларымыздың тіл туралы айтылған пікірлері беріледі. Сол пікірлерді сіздер түсіндірулеріңіз керек.
1. Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов
2. Ана тілін білмейтін адам - бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ. Мұстафин
3. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ж. Аймауытов
4. Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ. Мағжан Жұмабаев
5. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б. Момышұлы

5. Тіл туралы берілген тақырыпта шығарма жазу
Тақырыптар: 1. Жасай бер, ана тілім, қазақ тілім!
2. Тіл біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.
3. Анамның тілі – ардақтым менің!
Оқушылар шығармаларын жазып болғанша, көрермендер арасынан жарыс өткізу. Әуелі үш мақал айтып, жалғасын тез табу. Тез тапқан үш оқушыны ортаға шығару. Оларға тапсырма; 1. Тіл туралы мақал - мәтел айту.
2. Берілген суреттегі затты жұмбақтап айту.
3. Мағынасын ашу.

6. Өз өнерін көрсету. Әр топ өздері дайындалып келген өнерлерін көрсету.
7. Берілген өлең жолдарына ұйқас құрастыру. Тез айту
а) Ана тілім - бала шағым өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,...

ә) Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем, Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
б) Ана тілін білмеген -
ақылы жоқ желік бас.
в) Бұл жанды тіл - менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.
- Ал, балалар, тіл туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Халқымыздың бай тілін меңгеру, көркейту, қыр - сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние. Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сөз, көркі-тіл, ақыл, көркі, Тілдің
Просмотров: 239 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar