Адамгершіліктің шуағы сөнбесін - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Адамгершіліктің шуағы сөнбесін
24.09.2015, 12:14
Тақырыбы: Адамгершіліктің шуағы сөнбесін

Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ету;
Көрнекілігі: қанатты сөздер, плакат, фламастер, стикерлер
Әдісі: топтық жұмыс, пікірлесу, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұра қояйық. Көңіл күйлеріңіз қалай? Көңіл күйлеріңіз жақсы болса менің қолымдағы қиындыны бір - бірлеп ала қойыңыздар. Қиындының ішінде «Ақбота.» «Анаға сәлем». «Менің Қазақстаным» «Егеменді Қазақстан» «Домбырасы сән қайда» әндері берілген, сол ән бойынша топталып тұра қояйық топтасып болсақ сол әнді орындап орнымызға отыра қояйық.

Жақсы орнымызға жайғасып болсақ тәрбие сағатымызды жалғастырамыз.
Жаңа ақпарат Біздің қазақ халқы адамгершілікті ерте кезден жоғары бағалаған. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Сол себептен бүгінгі тақырыбымызды әрі қарай өрбіту үшін мен сіздерге бір аңыз әңгіме айтып берейін. Ертеде бір патшаның баласы қатты науқастанып қалады. Сосын патша балгерді шақырып алып баламның емделуінің жолын маған тауып бер дейді. Балгер тұрып патшаға балаңызды ең бақытты адамның көйлегінің етегімен ұшықтасаңыз балаңыз құлан таза айығады – дейді. Патша уәзірлерін шақырып ең бақытты адамды тауып алып келсеңдер ат басындай алтын беремін - дейді. Уәзірлері бүкіл елді аралап шаршап шалдығып келе жатса бір арбаның жанында жыртық - жыртық киім киген бір адам мен қандай бақыттымын деп арбаның көлеңкесінде керіліп шалқасынан жатады. Уәзірлері кедей адамды алып келіп патша баласын жыртық етегімен ұшықтығын кезде бала айығып кетеді. Міне біз бұл аңыз әңгімеден біз кедей адамның ешкімге зияны жоқ ешкімге қиянат жасамай өзінше еркін өмір сүріп жатқан кішіпейіл адамның сыйға ие болған бейнесін көреміз.

Ендеше балалар бүгінігі сабағымыздың тақырыбы «Адамгершіліктің шуағы сөнбесін» деп аталады.
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым - қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез - құлқы, іс - әрекеті, қарым - қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Сондықтан сабағымызды кеңірек меңгеру мақсатында сіздерге рухани адамгершіліктің бес құндылығын ұсынамын.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сөнбесін, шуағы, Адамгершіліктің
Просмотров: 240 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar