Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап» - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап»
24.09.2015, 12:57
Сабақ тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап»
Сабақ мақсаты: поэмадағы суреттелген хайуанаттарға және табиғатты қорғауға, оны тиімді пайдалана білуге, адам игілігіне жаратуға байланысты өз көзқарастарын, пікірлерін ортаға салып, ғылыми фактілер бойынша дәлелдемелер келтіріп, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге төселдіру.
Тәрбиелік мақсаты: табиғатты сүйе отырып, қорғай, аялай білуге тәрбиелеу, табиғат қорғаны, жанашыры болуға шақыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды іздену, ғылыми зерттеу жұмысына баулу, өз пікірлерін қорғай алу дағдыларын дамыта түсу, шешендік өнер дағдысын дамыту.
Сабақ әдісі: пікір – сайыс, пікір – таластыру.
Сабақ көрнекілігі: табиғат, жануарлар, құстар, дәрілік шөптер суреттері, кітаптар.
Сабақ түрі: пікір – сайыс сабағы.

Сабақ барысы. Ұйымдастыру
2) Топ оқушылары 2топқа бөлініп, әр топ өз дәлелдемелерін және кілт сөздерін өз тақырыптары бойынша 2топқа бөлініп отырды.
3) Сайысты жақтаушы топ бастайды.
Жақтаушы топ дәлелдеуі: айналамыздағы қоршаған табиғатты, оның қойнауындағы барша байлығын үнемдеп, тиімді пайдалана отырып, табиғат қорғаушысы болу, хайуанаттар түрлерін атай отырып, құрып бара жатқандар тізімін келтіру, дабыл қағу, табиғатты сүюге, қорғауға шақыру, дәлелдеу.
Жақтаушы топ тақырыбы – «Қызыл кітап – хайуанатқа берілген қызыл мандат»

Кілт сөздері: -
1) Хайуанатқа жасаған қиянатың,
Бауырыңа жасаған опасыздық.
2) Бүгін кептер атқандар
Ертең ердің
Кеудесіне тапанша тіремей ме?!
3) Алсақ солай барлығын майып етіп,
Тағар бізге болашақ айып етіп...
Даттаушы топ дәлелдеуі: жер – Ана адамды асыраушы, табиғат – Ананың бар байлығы адам пайдасына асу керек, адамдар табиғат игілігін дұрыс пайдалана білу керек, табиғат адамға қызмет ету керектігін дәлелдеу.
Бұл топтың тақырыбы – «Табиғат – ана қойнауындағы құт – береке адам игілігіне жаратылған.»
Кілт сөздері:
1) Туған жер – алтын бесік, асыл анам,
Ауаңмен, ақ сүтімен асыраған.
2) Жер – ана, сенсіз өмір жоқ,
Гүлдесең болды, көңіл тоқ.
3) Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ,
Досың – жер, су, мөлдір ауа, өсімдік.

Жақтаушы топтың №1 – дәлелдемелерін келтірейін.
Қойшыбай Қанағат: Мен табиғат адамға қызмет ету керек дегенге келісе бермеймін. Табиғат адам қолынан жаралмаған, олар, адамнан бұрын пайда болған. Адам өмірі табиғатқа байланысты, ауасыз, топырақсыз өмір сүре алмайды. Табиғат әрқашан да қатал, байыпты, табиғаттағының бәрі дұрыс, қателікті адам өзі жасайды. Адам ежелден – ақ өз мүддесі үшін табиғат байлығын пайдаланып келеді, бүгінгі күнге дейін «оны бағындыруды» мақсат етті. Бұл табиғатқа өз ықпалын тигізбей қалған жоқ. «Табиғатқа шексіз байлық» деп қараудың салдарынан табиғатқа орасан зор нұқсан келтірдік. Небір пайдалы өсімдіктер, аң – құстар жер бетінен мүлдем жойылып кетті. Сонымен бірге орман ішіндегі ағаштардың әрбір шаршы метр жапырақтары 5 - 6 г шаң – тозаң ұстайтыны анықталған. Орманды қорғау керек. Халықта «жасыл желек – қаланың өкпесі» деген тамаша нақыл бар емес пе.

Оразалиева Айжан: Қазір Қазақстанда жануарлардың саны азайып барады. Арқар, киік атып, мүйізін шетелге сатуды, бекіре аулап, уылдырығын долларға айналдыруды әдет етіп алған. Ақшаға құныққандар үшін қасиетті еш нәрсе де жоқ. Ал қазақтар төрт – түлікті, аң – құстарды киелі санап, тұмсығын, тырнағын машинасына іліп, немесе баланың бас киіміне, бесігіне іліп, тіл көзден сақтайды деп сенген. Үнділер сиырды соймайды, етін жемейді, қасиетті санайды. Қазақстанды барысқа теңейтіні де тегіннен емес, барыс – сұлу, епті, алғыр, ержүрек, текті аң, қазақ жастары да сондай болсын деп ойлайды, елбасшымыз. Сондықтан табиғат – ананы аялайық, қорғайық.
Пікір - сайыста «табиғат – ана адамды асыраушы» деген оймен оқушылар тағы да өз ойларын ортаға салды.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қадыр, Мырзалиев, кітап», «Қызыл
Просмотров: 223 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar