Аялайық ананы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Аялайық ананы
24.09.2015, 14:26
Тақырыбы: Аялайық ананы

Балалар қол шапалақтап кабинетке музыканың сүйемелдеуімен кіреді.
1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме аяулы да, ардақты аналар, әжелер!
2 жүргізуші: Бүгінгі біздің халықаралық 8 Наурыз Аналар мерекесіне арналған кешімізге қош келіпсіздер!
Жүргізушілер: Гүл - гүл жайна әріміз
Кіреді біздің сәніміз
Аналардың тойымен
Құттықтаймыз бәріміз

1 жүргізуші: Құрметті аналар және әжелер біздің балалар сіздерге арнап тақпақтар дайындады

1 бала Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем беріп бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын

2 бала Мені жақсы көреді
Күнде күліп жүреді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді

3 бала Қандай бала болмайық
Анамызға бәріміз
Көтерсеңші көңілді
Ән салайық бәріміз

4 бала Еркелесем, күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Құлыншағым, күнім деп
Маңдайымнан иіскейтін
5 бала Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам

2 жүргізуші: Ал сен білесің бе, қазір жылдың қандай мезгілі?
1 жүргізуші: Ия, қазір көктем мезгілі, табиғаттың оянатын кезі, құстардың үйге оралатын кезі
2 жүргізуші: Дұрыс айтасың, олай болса қане балалармен бірге ата - аналарымызға арнап «Көктем» өлеңін айтайықшы
Өлең «Көктем»

1 жүргізуші: Қарашы біздің мерекемізге тек аналарымыз емес, сонымен қатар әжелерімізде келіпті
2 жүргізуші: Ия, олай болса қане әжелерімізге арналған тақпақтарыңды тыңдап көрейік
1 бала Ақ кимешек киген
Ақ бетімнен сүйген
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай
2 бала Бізді жақсы көрген
Ертегі айтып берген
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай

3 бала Мектепке апарған
Шықсам күтіп алған
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай
4 бала Ұл - қызыңа ерген
Немереңбіз әже
Немереңнен өрген
Шөбереңбіз әже

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: аялайық, ананы
Просмотров: 237 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar