Аяласаң аяла, табиғатты! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Аяласаң аяла, табиғатты!
24.09.2015, 12:41
Аяласаң аяла, табиғатты!

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Мұғалім: - Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық «экология» мәселесіне үн қосу үшін «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1 – жүргізуші: Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті, қадірлі сөздер.
2 - жүргізуші: Адамның өзі табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.
1 – оқушы: - Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине адам.
2 – оқушы: - Бәріде адамдардың рақымсыз істерінен, табиғатты аялай білген кешегі ата – бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанның кесірі.
3 – оқушы: - Арал теңізі бұл күндері суалып, сортаңға айналып жатыр. Судың тіршілік көзі екенін ұққан ата – бабамыз суға үлкен мән берген.

1 - жүргізуші: Аталарымыз су болмаса тіршіліктің қиын болатынын мақал – мәтелдер арқылы жеткізген.
2 - жүргізуші: - «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Судың да сұрауы бар», «сусыз жер – нусыз жер». Енді міне, «тозған жерде тоқшылық болмайды» дегендей суы тартылып, сәні кеткен Арал маңының тұрмыс тіршілігі де қиындап отыр.
Арал туралы суреттерге шолу жасалады.
4 – оқушы: - Адамдардың кінәсінен бұл күндері елімізде бүлінбеген жер қалған жоқ. Арал өңірі, Балқаш аймағы, қасиетті Абай жері, тұз басқан Сыр өңірі бәрі де өзінің кескін – келбетін жойып отыр.
5 – оқушы: - Шіркін, мен сиқыршы болсам, Аралды, Балқашты суға толтырып, қамыс құрақтарын қалпына келтіріп, құс базарын думандатар едім. Ғалымдардың пайымдауына қарағанда күніне қаншама құстар, өсімдіктер тіршілігін тоқтады екен. Неге дейсің бе, қоршаған ортаның ластануы, адамдардың қатыгездігі осының бірден – бір себебі.

6 – оқушы: - Ал, мен қолымнан келсе улы газдардың ауаға төгіп жатқан зауыт, фабрикаларға, машиналарға бақылау орнатып, тәртіпке келтірер едім. Өскемендегі, Шымкенттегі, Атыраудағы зауыттардың түтіні мен газдарынан қаншама адам, қаншама табиғат уланып жатыр. Зауыт, фабрика басшылары байлыққа белшесінен кенелеміз деп, ең негізгі байлығымыздан айырылып жатқанын біле ме екен?
7 – оқушы: - Ақтөбе облысындағы көлдердегі өліп жатқан аққуларды, Жайық өзенінде итбалықтарды көргенде жылағың келеді. Зауыттан шыққан улы заттары бар көлшіктердегі кәдімгі көл екен деп ұшып келген құстардың бәрі қырылып қалған.
8 – оқушы: О, достарым, құста қандай айып бар,
Келген құсқа құшағыңды жайып қал.
Әлем теңіз, өмір толқын, жыл құсы,
Желкендерін жел көтерген қайықтар.

1 – жүргізуші: Табиғи байлықты игеріп, дүлей күшін жеңдік деп жүріп, өзімізге – өзіміз қастандық жасадық.
2 – жүргізуші: Сонау 1949 жылдан бастап Семей даласында ядролық қару жарып сынақ жүргізілді.
9 – оқушы: Өмір қымбат қашан да әрбір жанға,
Оны қорғау борышың, елім, онда.
Кешегі бір жылдарда айналыпты
Қазағымның даласы полигонға.
10 – оқушы: Ауа райы бұзылды жеріміздің
Өзен – көлі тартылды еліміздің
Неше түрлі құбыжық қаптап кетті
Көрмеуіміз мүмкін бе оны біздің.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: аяла, табиғатты!, Аяласаң
Просмотров: 145 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar