Аяулы анашым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Аяулы анашым
24.09.2015, 09:43
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым
Сабақтың мақсаты: Аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін құрметтей, ардақтай білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді, аналар, қыз - қызғалдақтар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз құтты болсын!

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана десем – шешек атып жанары.
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген – тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдық болып жанады, - дей отырып, аналарымызға арналған шағын кешімізді « Ана туралы жыр» әнімен бастайық.

Жүргізуші: Оқушыларымыздың аналарына арналған өлең шумақтары
1 - оқушы: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз -
Адамның
Анаға айтар лебізі.
2 - оқушы: Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін,
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін.

3 - оқушы: Анамның әрбір сөзі ой - талабы,
Жүректің тереңінде сақталады,
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.

Жүргізуші: Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді,
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым
Би билеп ән салып бер енді, - ендеше биші қыздарымызды қазақша биімен ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Аналарымызбен біріге отырып сұрақтарға жауап берейік. (Баласы мақал – мәтел айтады, анасы оның мағынасын түсіндіру).
1- сұрақ: Ана мен қыз балаға байланысты қандай мақал - мәтел білесіз?
А) Қыз өссе - елдің көркі, Ананың сүті бал,
Гүл өссе – жердің көркі. Баланың тілі бал.
Ә) Қыз - қуыршақ, бала құлыншақ. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Б) Анаға қарап қыз өсер, Артыңа ауыр жүк артпа.
Әкеге қарап ұл өсер.

2 - сұрақ: Ананың отбасындағы міндеті қандай?
Ана ұрпақ жалғастырушы, тәрбиеші, отбасы арасын ынтымақтастырушы.
Жүргізуші: Келесі сұрақтарымыз оқушыларға арналады.

3 - сұрақ: Үйде анаң қандай тыйым сөздер айтады?
1) Ақты төкпе.
2) Табалдырыққа тұрма.
3) Тізеңді құшақтама.

4 - сұрақ: Анаң сені қалай еркелетеді?
1) Құлыншағым, балапаным т. б.
Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,- деп аруларымызды үнді биімен ортаға шақырамыз.

5 - оқушы: Асыл анам, ақ анам, алтын анам,
Маңдайының күні боп жарқыраған
Мейірімге толарсың шомылдырған
Одан артық мен үшін бар ма адам?
6 - оқушы: Аналарды сүйеміз
Сөзін айға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
7 - оқушы: Әлпештеген баласын
Ана бақыт, ана күн
Әркім сүйер өзінің
Мақтан етер анасын.
8 - оқушы: Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.

Жүргізуші: Ана, ана, ана... осы сөздің өзі адамға қандай күш береді? Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Ендігі кезекте оқушыларымыздың анасына, әжесіне, ұстаздарына, апаларына арнап жасаған шағын сыйлықтарын қабыл алыңыздар.(оқушылар жасаған сыйлықтарын аналарына апарып береді).
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Нартаев Талғаттың орындауында «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп меңгерушісі Камзин Сабыржан Жақсылық ұлына беріледі.
Жүргізуші: Өмірге ана – бұлақ, ана – пана
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық ана – қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз дей отырып, бүгінгі шағын кешімізді аяқтаймыз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Аяулы, Анашым
Просмотров: 163 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar