Айналайын, ақ анам - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Айналайын, ақ анам
24.09.2015, 11:35
Курмалова Асель Агисовна
«Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Педагогикалық өтілі: 20 жыл

Айналайын, ақ анам»
Сабақтың мақсаты:
1. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Айналайын, ақ анам!», «Көктем мерекесі құтты болсын, қыздар!» қабырға газеті, оқушылар салған суреттер.
І бөлім.
Ана туралы ән күйтабақтан ойналады. Оқушылар қолдарына гүл ұстап кіріп, доға тәрізді тұрады.
Ұстаз мерекені ашып, өз жүрегінен шыққан ыстық ықыласын білдіреді.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.
Асыл аналар! Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар! Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер!
Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспін.
Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! «Айналайын, ақ анам!» атты мерекелік тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
1-жүргізуші: Сәлем бердім, халайық, қалың елім!
2-жүргізуші: Өнер сүйер қауымға сәлем бердім.
1-жүргізуші: Көтер көңіл жалықпа осы кеште.
2-жүргізуші: Күлкі толы керуенді ала келдім.
1-жүргізуші: Амансыздар ма, құрметті қонақтар!
2-жүргізуші: Армысыздар ма, абзал аналар!

1-жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

1-жүргізуші: Құтты болсын, ардақты ана
Асыл ана мерекең.
Құтты болсын теңдік алған.
Қуанышты берекең.

1-оқушы: Бақытты ғой шынында
Анасы мен балалар.
Құтты болсын мереке
Бәрі: Аман болсын аналар!
Сіздерменен жадырайды өңіміз,
Сіздерменен жарасады сәніміз.
Ұзақ болсын мерекеңіз,
Бәрі: Құттықтаймыз бәріміз!

2-оқушы: Жүзімізге қарасаңыз,
Біз бақытты баламыз.
Бізге қымбат құшағыңыз,
Бізге қымбат анамыз.
Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам, мерекең.
Құтты болсын, жадыраған
Қуанышты берекең.

3-оқушы: Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың
Әлпештедің, аяладың, өсірдің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда жүрсең біргемін.
Күн нұрындай жадырайды бір күлгенің
Асыл сөзің жүрегімде жүр менің
Қандай бақыт ортамызда жүргенің.

1-жүргізуші: Құрметті аналар! Сіздердің құрметтеріңізге ән, қабыл алыңыздар.

4-оқушы: Аялаумен ер жеткізген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қажымашы, шаршамашы анашым.
Қарайлаймын кірбің шалса қабағың.
Адалдыққа баулыдың әуел бастан,
Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан.
Ақ ботаңды демей гөр, беу, анашым.
Үлкен өмір жолында аяқ басқан.

5-оқушы: Қолың жеткен табысқа таспа дейсің,
Кем болдым деп біреуден саспа дейсің.
Абай бол, ботақаным айналаңа,
Жаман жолға ешқашан барма дейсің.
Ар ұятты ешқашан сатпа дейсің,
Тас атқанға қайта тас атпа дейсің.
Ала жібін аттама ешбір жанның,
Жаман атқа, боташым батпа дейсің.

6-оқушы: Ақыл айтып баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялаған ұрпақтарын
Көп жасасын жақсы адам!
Кемеңгерсің, данасың.
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаймын.
Аман болшы, анашым.

2-жүргізуші: Биші қыздар әсемдікпен бұралғанда,
Жанарың жалын атпай тұра алған ба?!
Алыстап кеткендейсің бір арманмен
Жақындап қалғандайсың бір арманға.
(Өзбек би)

7-оқушы: Мерекеңмен құттықтап,
Қуанамыз құлпырып.
Анаға арнап ән салып,
Берейік сыйлық ұсынып.
Қайтсек, ана, ақталады ақ сүтің?
Жатыр менің жүрегімде жақсы ісің.
Өмір бақи өтеп өтсем болғаны
Анашымның маған берген мол күшін.

8-оқушы: Айналайын, анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ер жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың.
Айналайын, анашым,
Аялайсың бағасың.
Менің үшін не керек
Бәрін іздеп табасың.

9-оқушы: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусәр бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Ойын:
Бәрекелді! Ал балалар, аналарыңа тағы қандай жыр арнайсыңдар!

10-оқушы: Ана – ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы – Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.


11-оқушы: Ана деген асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты,
Таба алмайсың ешқашан.

12-оқушы: Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.

1-жүргізуші: «Цыган» биі

13-оқушы: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаған,
Аман болшы анашым.

14-оқушы: Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат анам, пәп анам.
Сен керексің қайда да,
Айналайын ақ анам.

15-оқушы: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

16-оқушы: Анам менің, асыл анам анашым,
Балаң үшін сен қашан да панасың,
Қарашы өзің, әр сәбидің жүзінде,
Күндей күліп, жұлдыз болып жанасың.

17-оқушы: Өзіңсің сүйікті анам, құдіретім,
Жанымды жадыратып, күлдіретін.
Сендегі маған деген мол мейірді
Нұр толы қос жанарың білдіретін.

18-оқушы: Өзіңсің өмірдегі асылым да ардағым,
Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым.
Анашым, айтарым көп, тіл жетпейді,
Бір сендей асыл адам таба алмадым.

1-жүргізуші: Бишілерде өнер көп
Билейді биді мәнерлеп.
Қыздар биін көріңдер,
Өнерге баға беріңдер.

Қыздардың орындауында «Шығыс» биі. Қабыл алыңыздар.

19-оқушы: Жамандықтан жирентіп,
Жақсылыққа бастаған.
Ұзақ болсын ғұмырың,
Асыл анам – жақсы адам.

20-оқушы: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем менің өйткені,
Өте жақсы көреді.

21-оқушы: Менің әжем ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі – әжем.

Қазақ биі
Ойын:

Мұғалім сөйлейді: Енді біз ортаға қыз-қызғалдақтарымызды шақырамыз.

22-оқушы: Оқуды да ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да аялап,
Мерекесін тойлаймыз.
Мерекеде көктемгі
Құттықтаймыз сіздерді.

23-оқушы: Жайнап өскен қызғалдақ
Қыздар әсем ел гүлі.
Қыздарды біз сыйлаймыз,
Артық іске бармаймыз.
Мерекеде қыздарға
Жырымызды арнаймыз.

Алихан: Арай біздің – арайлы
Ақырын сөйлеп қарайды
Үндемей жүріп басып оз,
Таң қалдырып талайды.

Санжар: Сыныптың Анель үздігі,
Алғыр, зерек, білімді.
Көмектесіп ұстазға,
Үнемі алда жүреді.

Нұржалғас: Тазалықты сүйетін,
Сабағын да білетін
Бота көзді Светлана
Ұзақ болсын өмірің.

Алишер: Себепсіз қалмас сабақтан,
Көреміз сені тек алдан.
Өсе бер жайнап Диляра
Ақылың бойға жарасқан.

Өз сыйлықтарын қыздарға ұсынады.

2-жүргізуші: Ұлдар биін қабыл алыңыздар.

Анель: Қандай ғажап, қарашы жан-жағыңа
Күміс күлкі сыймай тұр залға мына
Аналардай бақытты жан бар ма екен?
Қол жеткізген, аңсаған арманына.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
Тойларыңыз құтты болсын, о аналар!
Тойларыңыз құтты болсын ағайын.

Ән: «Ақ мамам» қабыл алыңыздар.

Мұғалім сөйлейді: Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рақмет.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Айналайын, Ақ, анам
Просмотров: 237 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar