Қайырымдылық - адамгершілік белгісі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
24.09.2015, 15:00
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі»
Мерекелік кеш жүрісі

Жүргізуші: Мен өзімнің сөзімді қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналық сөзін бүгінгі кешіміздің эпиграфы ретінде басталғалы тұрмын.
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса, Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуді қолға алып отыр.

Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.
Бұл өмір тәтті де емес тамсанатын
Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын
Ойсыздарға ой салған оқпан болып
Асып – тасқан жерінде ән салатын
Күлкі емес күмбір қағып мөлдіреген
Анаңның жүрегі емес елжіреген
Еркелетіп бойына үйретіп ап,
Кеудеңе кептеп қояр желді үдеген
Кейде жұрттың бәрінен артық етіп,
Түсірмейді қолынан асық етіп.
Бұл өмірге, апыр-ау дауа барма?
Кейде нұқып тастайды жасық етіп.
Қызығы да өмірдің осы болар,
Сан қилы мінезімен тосып алар.
Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,
Бауырындай құшақтап қосып алар.

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай аудандық білім беру бөлімі 2010 жылдың 11 қаңтары мен 11 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру айлығын өткізді. Айлық барысында «Бейнеу лицейі» - де оқушылардың толық тізімі жасалып, ақылы есі шектеулі және тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан, жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушылар анықталды. Аталған шара аясында Бейнеу лицейінде тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, демеуші болғысы келетін 33 ата - ана өз үлестерін қосып, нәтижесінде 52600теңге көлемінде 12 оқушыға қыстық киімдер мен оқу құралдарымен қайырымдылық көмек көрсетілді. Мектепте әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 оқушыға мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Баланың бір уақыт тамағы үшін 179 теңге құрайды. Асханадан берілетін ыстық тамақтың сапалығын, гигиеналық талаптарын бақылау үшін арнайы комиссия құрылып қадағаланды. Тегін тамақ беріліп отырған балалардың әртүрлі тағдыры бар. Олар мектеп ұжымы мен ата - аналар комитетінің жан - жақты тексеруінен кейін осы мүмкіндікке жетіп отыр. Мектеп асханасын жүргізіп отырған жеке кәсіпкер Бәтима Серікбаева өз қаражатымен 13 жартылай жетім баланы ыстық тамақпен тамақтандырса, 7 «а» сынып оқушылары өз еріктерімен қаржылай көмек қолын созды.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: белгісі, Адамгершілік, Қайырымдылық
Просмотров: 328 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar