Ал, қане, ұлдар! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ал, қане, ұлдар!
24.09.2015, 15:38
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі
Макуова Нуршат Аманкосовна

Тақырыбы: Ал, қане, ұлдар!
Түрі:сайыс
Бағыты: ұлтжандылық тәрбиесі
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, күнделікті қолданылатын ұлттық бұйымдар, сандық, домбыра, киіз үй т.б. заттар.

Мақсаты:
Білімділігі: Ата –бабаларымыздан бері ұрпақтан ұрпаққа жеткен халықтың салт-дәстүрімізді дәріптеу, насихаттау.
Тәрбиелігі: Ұл балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, баланың жан дүниесіндегі талғамын қалыптастыру арқылы әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының дүниетанымын кеңейте отырып, ой-өрісін дамыту.

Жоспар:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Сайыс
Сайыс 7 бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. «Ойлан, тап» жұмбақтар шешу.
3. Мақал-мәтелдер сайысы.
4. Сұрақтар, тапсырмалар.
5. Ою-өрнек.
6. Ормал тастамақ ойыны.
7. Білек күшін сынасу.

ІІІ. Негізгі бөлім
1. Кіріспе сөз
Мұғалім: Ал, қане, ұлдар атты сайысымызда ата-бабаларымыздан бері ұрпақтан ұрпаққа жеткен салт-дәстүрімізді, асыл сөздерімізді дәріптеу, насихаттау мақсатында өтеді. Ұл балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сайыстың бөлімдерімен сіздерді таныстырып өтейін.

2. Сайыстың бөлімдерін айтып таныстыру.
1-бөлім:Әр сыныптың оқушылары ортаға шығып өздерін таныстырады.

2-бөлім: «Ойлан, тап» жұмбақтардың шешуін табу.
1. Әжем сақтар тапқанын,
Қоймасы бар шап-шағын. (сандық)
2. Торы тай,
Табында төрт ай. (таға)
3. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем (кітап)
4. Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра)
5. Иесі оның - сәби,
Әрі төсек, әрі үй. (бесік)
6. Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін,
Жанында шөгіп жатыр, үлкен нарың. (киіз өй)
7. Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді. (ер тоқым)
8. Жаңылмастан жетеуі.
Кезек қызмет етеді. (аптаның жеті күні)

3-бөлім: «Жалғасын тап» (мақал-мәтелдер сайысы)
1. Туған жердей жер болмас
...(Туған елдей ел болмас)
2. Тіл тас жарады,
...(Тас жармаса, бас жарады)

3. Бұлақты болса көл семіреді.
.... (Ынтымақты болса ел семіреді)
4. Кісі елінде сұлтан болғанша,
...(Өз еліңде ұлтан бол)
5. Туған жердің құдіретін,
...(Шетте жүрсең білерсің)
6. Отан от басынан .... (басталады)
7. Ел елдің бәрі жақсы,
...(Өз елің бәрінен жақсы)
8. Тұғырым менің - .... (туған жерім)

4-бөлім: сұрақтар, тапсырмалар
1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
2. Ырым, тиым сөздерді айту.
3. Қазақтың ұлттық мерекесі жаңа жылы қай кезде болады?
4. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
(бесбармақ, бауырсақ, құрт-май, айран, шұбат, т. б. )
5. Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын дәстүрлерді ата.
6. Батаменен ел көгерер, бата бере білесің бе?
7. Айран қай малдың сүтінен жасалады?
8. Қаймақ қандай сүттен алынады?
- Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

5-бөлім: Ою-өрнек
- Сол жерден өздерінің таңдауы бойынша ою қиып көрсетеді.
6-бөлім: Орамал тастамақ ойыны
- Ойын шарты таныстырылады.

7-бөлім: Білек күшін сынаймыз
Кім епті екенін сыныпта,
Күштілер бар біздерде
Төтеп берер тығырықта –деп оқушылар білек сынасады.
Табылар білім болса бар асыл да,
Кезек қазылардың бағасына - деп сөз кезеңін әділқазылар алқасына береміз.

ІY. Қорытындылау
Мұғалім:Жас ұрпақтың рухани нәр алып жетілуіне халықтық асыл мұраның әсері мол. Соны жинап зерттеп, келер ұрпақтың бойына дарыту кезек күттірмейтін өзекті мәселенің бірі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді қазақ. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халықтық тәрбиенің туын биік ұстап жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік
үлгісімен тәрбиелейік.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ұлдар!, қане, АЛ
Просмотров: 296 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar