Алғашқы қоңырау! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Алғашқы қоңырау!
24.09.2015, 14:43
1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы.

І жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, ұстаздар, құрметті қонақтар, сүйікті шәкірттер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін мейрам - алғашқы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, ұстаздар, құрметті қонақтар, сүйікті шәкірттер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін мейрам - алғашқы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
І жүргізуші: Мектеп қой еліміздің жаны - қаны, Мектептен басталады білім нәрі. Білім күнгі мерекелік жиында, Шырқалсын, Қазақстан әнұраны!

ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасының Ата заңының ....... жылдық мерейтойымен сіздерді құттықтай отырып, «Алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! ҚР туын көтеру құрметіне 11 сынып оқушылары беріледі
/Әнұран орындалады/
І жүргізуші: Бар мектептің басталар бүгін жыры, Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны. Оқу жылы басталды ұстаз, шәкірт, Құтты болсын бүгінгі Білім күні! Алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегі лицей директоры Амалбаев Таңат Қайнарбайұлына беріледі.
ІІ жүргізуші: Біздің алтын ұя мектебімізге, дарынды да талантты шәкірттерімізге ақ тілектерін жеткізуге қадірлі, сыйлы қонақтар келіп, біздің қуанышымызды бөлісіп отыр. Мерекелік құттықтау сөз кезегі аудан әкімі ------------------------ беріледі
Келесі құттықтау сөз ата - аналар атынан ------------- беріледі.

І жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың.
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
ІІ жүргізуші: Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған жас бүлдіршіндеріміз 5 сынып оқушылары болып отыр. Бұл шәкірттер сынақ емтиханынан мүдірмей өтіп, зеректіктерінің арқасында Бейнеу лицейіне қабылданып отыр. Сіздерге қадамдарыңызға гүл бітсін, «Ақ жол» болсын деп тілек білдіреміз. /Ортаға 5 сынып оқушылары шығады.

І жүргізуші: Ендігі сөз кезегі біздің ізбасарларымыз 5 сынып оқушыларында.
1- оқушы: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы.
Мінеки, достар тағы бір,
Жаңа оқу жылы басталды.
2- оқушы: Ауданымыздың мақтан тұтар мектебі,
«Бейнеу лицейі» бізге білім нұрын себеді.
Олимпиада, ғылыми жоба жарысында,
Шәкірттері оза шауып келеді.
3- оқушы: Математика пәнін сүйеміз,
Сырын ойға түйеміз.
Ұстаздарды ардақтап,
Құрметпен бас иеміз./
Осы кезде барлығы бірге басын иеді/

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: алғашқы, қоңырау!
Просмотров: 186 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar