Ал, кәнеки, әжелер! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ал, кәнеки, әжелер!
24.09.2015, 09:34
Сабақтың тақырыбы: Ал, кәнеки, әжелер!
Сабақтың мақсаты:
Ұлттық салт - дәстүрлерімізді оқушылар санасына құю
Көрнекі құралдар:
суреттер, күлге, тікпе текемет, шар, нақыл сөздер, үнтаспа, т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Әділқазы алқасымен таныстыру
Ә) Сайыстың шарты:
1. Әжелер сайысына қатысушылардың ұлттық үлгідегі киім киюі;
Б) Ұлттық салт - дәстүрді әжелердің оқушыларға жете түсіндіруі.

II. Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, қадірменді қонақтар! «Ал, кәнеки, әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
III. Сайысқа қатысушылар
1. Қарлығаш әже
2. Шырайлы әже
3. Балшекер әже
4. Ару әже
5. Гүлшара әже
Асылайын мойныңа
Еркелейін қойныңда
Шөпілдетіп сүйейін
Әжелердің тойында - дей келе әжелерімізді ортаға шақырайық.
Байқауымызды бастамас бұрын біздің байқауымызға төрелік етуші әділ - қазылар алқасын таныстырып өтейік.

Ал, кәнеки, ағайын
Асқақ әнге салайын
Басы болсын бұл тойдың
Шырқап әнге салайық, - деп тойымызды әнімен бастайық.
Ән: «Ақ әже» орындайтын Жанерке

І бөлім. Таныстыру
Әжелер келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға, - дей келе әжелер өздерін таныстырады.

ІІ бөлім. Өз қолдарынан жасаған бұйымдарын таныстырып, қорғайды.
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан, - дей келе әжелеріміз өз қолдарынан жасаған бұйымдарын қорғап өтеді.
Би: орындайтын: Сандуғаш пен Жанерке

ІІІ бөлім: Өнерлерін көрсету:
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп, ән салып бер, - дей келе әжелеріміз өз өнерлерін көрсетеді.
...
ІV бөлім. Ұлттық тағамдар:
Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Ас қадірін білмеген аштан өледі, Ат қадірін білмеген жаяу қалар» демекші әжелеріміздің алтын қолынан жасаған қазақтың дәмді тағамдарын таныстырып қорғамақ.
ӘН: «Бала тілегі», орындайтын Жанерке

V бөлім. Салт - дәстүрді көрсету:
Әжелерім асыл менен ақылды,
Ажыратар алыс пенен жақынды.
Үйрет еді салт - дәстүрді әжелер деп салт - дәстүрге байланысты өздеріңнің ойға түйгенін көрсетіп өтеді.
VІ бөлім. Қорытынды
«Көп білгеннен емес, көп көргенне сұра» - демекші әжелеріміз өнеге үлгілерін оқушыларға жеткізе білді.
Жүлдегерлер марапатталды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: кәнеки, АЛ, әжелер!
Просмотров: 189 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar