Алақай, Жаңа жыл! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Алақай, Жаңа жыл!
24.09.2015, 11:14
«Алақай, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға жылдың төрт мезгілі, Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беріп, балалардың тақпақты мәнерлеп оқуы, әнмен биді нақышына келтіріп орындау қабілеттерін арттыру және әсемдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:
Алтын құс –
Мыстан кемпір –
Аяз ата –
Ақшақар –
Жыл мезгілдері - Балалар.
Музыка әуенімен бүлдіршіндер залға кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Құрметті ата - аналар, қонақтар, балалар. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

Аяз беттен өбеді,
Ай барады жылыстап,
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір,
Кел, жаңа жыл біздерге,
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!
Желдің дауысы естіледі. Ортаға қанатын самғап алтын құс ұшып келеді.
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын!
Келе жатқан жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Ал мен болсам, Алтын құспын! Әр шаңыраққа қонған бақыт құспын.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, өзі қандай сұлу! Бақыт құсының біздің мерекемізге келгені қандай жақсы болды. Алтын құс, осы сен адал ниет, ақылды адамдардың тілегін орындайды дейді. Біздің айтқанымызды орындайсың ба?
Алтын құс: Әрине, орындаймын. Не тілектерің бар? Айта беріңдер

Жүргізуші: Олай болса, бүгінгі мерекеге жылдың төрт мезгілін шақырсақ қайтеді?
Алтын құс: Айтқандарың орындалады, балалар.
Алтын құс алаңды айнала ұшып, қанатымен самғап жүгіреді. Дауыл мен желдің дауысы естіледі. Ортаға Көктем, Жаз, Күз, Қыс келеді.
Көктем: Ойпырмай, мен қайдамын?
Қыс: Басым айналып кетті біз қайда келдік?
Жаз: Қыздар, қараңдар, қандай әдемі! Біз мерекеге келген сияқтымыз.
Күз: Ана шыршаны қараңдар, қандай әдемі. Алтын құс сен бізді қайда алып келдің?

Жүргізуші: Жылдың төрт мезгілін, жайқалған, жадыраған жаз, қаһарлы қылышын сүйреген қыс, байлығын халыққа тарту еткен алтын күз, тіршілікті тірілтіп көкке бояған көктем. Сәлеметсіздер ме! Біз сіздерді «Қарлығаш» тобы бүлдіршіндерінің Жаңа жылдық мерекесіне арнайы шақырып отырмыз.
Көктем. Сәлеметсіздер ме, балалар! Амансыңдар ма, шырақтарым! Майысып көлге біткен құрақтарым, Көрсетіңдер өнерді қилы - қилы,
Өздеріңді дүбір тойға іздеп келдік.
Қыс: Қызық думан күн келді
Жасыл шырша түрленді
Аяз сүйіп, қар борап
Міне, жаңа жыл келді.
Жаз: Ой, балалар, сендер мен сияқты қандай сұлусыңдар.
Күз: Жоқ, жаз. Мына тұрған балалар маған тартқан, қандай әдемі.

Жүргізуші: Қыздар айтыспаңдар, қанеки біріңнен бірің өткен әдемісіңдер, оданда мына бүлдіршіндермен біргелікте жаңа жыл әнін орындайық.
Шырша жыры.
Ал, балалар айтыңдаршы біздің мерекемізге кім жетіспей тұр, Жаңа жыл мерекесінің сәні кім, қалай ойлайсыңдар?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді.
Жүргізуші: Ал онда балалар Аяз ата орманда адасып қалған болар. Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар - деп айғайлап шақырады.
(Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.)
Мыстан: Пай - пай, мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетсем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді.)
Жүргізуші: Мыстан кемпір! (Мыстан кемпір оған мән бермейді де, шыршаны жұлуын тоқтатпайды.) Біз жаңа жыл мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға - мыстан кемпір сөзге мән бермей былай дейді:- Туу (маңдайдағы терін сүртіп тұрып) Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жалтыраған кілтті көріп қалады да: мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар мен шыршаға тимей - ақ осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын.

Жүргізуші: Балалар, қане мерекені жалғастырайық, Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.......
(Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле шала залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.)
Аяз ата: Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға, бүлдіршін балаларға бір салем.
Ақшақар: Қарашы Ата балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық
Жаңа жыл мерекесін ашайық
1, 2, 3
Жанбайды. Не болған сиқырлы таяғым тоңып қалған болар. Тағы бір көрейік 1, 2, 3,- 1, 2, 3.
Жүргізуші: Аяз ата сіз жол жүріп шаршап келген боларсыз, мына жерге отырып, біздің балалардың жаңа жылға арнаған тақпақтарын тыңдай қойыңыз ендеше.
Балалардың тақпақтары:
Темірлан: Назерке:
1) Тамаша, тамаша! 2) Жаңа жылым мол болсын
Шыршамыз тұр жараса. Басқан қадам оң болсын
Басында әсем жұлдызы Төрле төрле жаңа жыл
Көз тоймайды қараса. Бізге құтты жыл болсын.
Мағжан: Жанар: Аяжан:
3) Сақалы аппақ күмістей 4) Әдемілеп біз ілген 5) Далада қар борайды
Тістері аппақ күріштей Ойыншықтар тізілген Ақ мамыққа орайды
Қызыл ала шапанды Қандай жақсы шыршамыз Мұз болады қатады
Сағындым аяз атаны. Ән шырқайық баршамыз. Жып - жылтыр боп жатады.
Жүргізуші: Аяз ата қазір біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған биін тамашалайық. Вальс.
Ойын: «Жылдам киіндір»
Жүргізуші: Ал енді біздің мерекеге келген аңдарымыздың биін тамашаласақ.
Аяз ата: Керемет балапандарым рахмет сендерге.

Ойын: «Қатып қал»
Аяз ата:- Ой бәрекелді, жарайсыңдар балалар, аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.
Жүргізуші: Қыс ханшайымымыздың да біздің балаларға арнаған әні бар екен. Тыңдаймыз ба балалар?
Жүргізуші: Аяз ата сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз ата: Әрине барлық сыйлық мына сандықтың ішінде. Ақшақар сандықтың кілті қайда?
(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз ата: Иә сол кілт болар.
Жүргізуші: Аяз ата, ол кілтті мыстан кемпір алып кетті, ол тіпті шыршамызды да ала кеткісі келген.
Аяз ата: Қап әттеген - ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.(Осы кезде залға мыстан кіреді.)
Мыстан: АА бәлем! Таптым, сандық мұнда тұр екен ғой.
Ақшақар: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: ойбай тағы не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз ата: Аһ бәлем! Олай болса өзіңнен көр мен сені қатырып тастайын. «Қане таяғым мына мыстанды қатырып таста (мыстан кемпір тұрған жерінде қатып қалады.)
Мыстан: Әй Аяз ата! керегі жоқ, мені босат мен саған кілтіңді беремін, мен жеңілдім. Балалар мен кілтті берсем маған да сыйлық бересіңдер ме.
Балалар: Береміз.
Мыстан кемпір: Балалар онда менің қояр тілегімді орындасын: Бұл ойын «Алдау ойыны» деп аталады. Мен сендерді алдаймын, сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек.
Мыстан кемпір: Жарайсыңдар, балалар, мен жеңілдім.
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден келгенде көңілімді көтердіңдер. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Ал осымен біздің жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды. Жаңа жыл барлықтарыңызға құт береке әкелсін.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Алақай, жыл!, жаңа
Просмотров: 158 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar