Алтын көмбе - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Алтын көмбе
24.09.2015, 09:21
Тақырыбы: Алтын көмбе зияткерлік ойын
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл - ой өрісін жан - жақты дамыту; ана тілін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
5 - сынып оқушылары арасында «Алтын көмбе» ойынын өткізгелі отырмыз. Ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.
Алдымен қатысушы оқушыларды таныстыру.
Келесі кезекте сайыстың төрелігін айту үшін қазылар алқасын тағайындап аламыз.
Ойын алты бөлімнен тұрады. (асық иіріледі. Қай топтың асығы алшы түссе, ойынды бастайды)
І. «Табалдырық»
ІІ. «Әудемжер»
ІІІ. «Қозыкөш»
ІҮ. «Беласар»
Ү. «Жолайрық»
ҮІ. «Алтын көмбе»

І. «Табалдырық» бөлімінде қазақтың жыл атауы бойынша (12 жыл аттары, хайуанаттар мен жан - жануарлар) 2 топ 6 сұраққа жауап беруі керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.
1. Құранда неше сүре бар? (114)
2. «Маса» жинағының авторы? (А. Байтұрсынов)
3. Ы. Алтынсарин 4 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды? (Атасы Балғожа бидің)
4. Оның «Шілде», «Шығамын тірі болсам, адам болып» деген өлеңдері, «Кедей», «Адасқан өмір» деген поэмасы бар. (С. Торайғыров)
5. А Байтұрсынұлы «Қырық мысал» жинағын кімнен аударды? (И. А. Крылов)
6. Абайдың әжесі (Зере)
7. Шалқұйрық қай кейіпкердің аты (Ер Төстік)
8. Жауынгер ақын (Махамбет Өтемісұлы)
9. Желмаямен желіп жүріп жерұйықты іздеген кім еді? (Асан қайғы)
10. Байдалы би Шоқанның атасы Уәлиханның үйіне неге келді? (Айғанымға көңіл айтуға)
11. Ә. Тәжібаевтың әдеби ертегісін ата. (Толағай)
12. Абайдың туған жері. (Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.

Екінші бөлім «Әудемжер» - қазақтың салт - дәстүрлері бойынша 10 сұрақ беріледі. Бұл бөлімде екі топ сұраққа кезек - кезек жауап береді.
1. «Иткөйлек» деген не?
Баланың туғанына 40 күн толғанда оны қырқынан шығарады, сәбидің көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы иткөйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді.
2. «Бастаңғы» дәстүрінің мағынасын түсіндіріңіз.
Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып “жолаушылардың жолда басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын” деген ниетпен ойын - сауық құрады
3. «Аманат» деген не?
Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заты. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды.
4. «Шалап» деген не?
Шөл қандыру үшін ашыңқыраған айранға су қосып ішу
5. «Ерулік»деген не?
Жаңадан көшіп келген үйді көрші - қолаңның қонаққа шақыруы.
6. «Бәсіре» деген не?
Қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп алатын ен салынған мал.
7. «Шарғы» деген не?
Ұзатылып бара жатқан қыздың өзінен кейінгі сіңлісіне орамалын беруі.
8. Алланың алдындағы 5 парызды ата.
1. Иман
2. намаз оқу
3. Ораза ұстау
4. Садақа беру
5. Қажылыққа бару
9. «Көкпар» қандай ойын?
Қазақтың ұлттық ойыны. Ат үстіндегі жігіттердің күшін, ептілігін, шеберлігін көрсететін сайыс.
10. «Асар» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
Асар қазақ елінің ұжымдық топта жұмыс істеуі. Көптің көмегі

«Сиқырлы сандар» айдары. Бір оқушы сан таңдайды. Сол санның ішінен шыққан сыйлыққа ие болады.
Қазақ тілі - дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Тіліміздегі бейнелі сөздердің бірі – тұрақты сөз тіркестері.

ІІІ. «Қозыкөш» кезеңінде екі топ әдеттегідей кезек - кезек жауап береді, тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашады.
1. Тон, ішік, шидем, шапан – қашу (ат тонын ала қашу - мойындамау)
2. қара, сары, ақ, қоңыр – жару. (қара қылды қақ жару - әділ)
3. аяғы, қолы, салы, аузы – су (салы суға кету – ұнжырғасы түсу)
4. Қол, дене, бас, бет – от (бетінен оты шығу - ұялу)
5. сүйек, тері, қаңқа, ет – қаптау (ит терісін басына қаптау – ұрсу, сөгу)
6. от, күл, шала, қоламта – ұшыру (күлін көкке ұшыру – жоқ қылу,
7. ат, жылқы, мал, қой – із (ат ізін салмады – келмеу, хабар алмау )
8. шапан, тон, ішік, тақия – бау (тонның ішкі бауындай)
9. қабақ, кірпік, қарашық, көз – ашық (көзі ашық – оқыған)
10. тіс, тіл, жақ, ерін – батыру (тісін батыру – жәбірлеу, қорқыту)

Ү. «Беласар» кезеңінде шығармалардан үзінділер беріледі. Кімнің, қай шығармасынан, қай кейіпкердің сөзі екенін табу
1. «Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің, құстың жаманын таба алмаған екенсіздер. Шөптің жаманы қара қоға, құстың жаманы сауысқан еді». Бұл кімнің сөзі? (Аяз би)
2. «Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны - өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды. Таң алдында бие алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туды». Қай ертегіден, кімнің сөзі? (Керқұла атты Кендебай)
3. Қара қасқыр баланы жеуге құмартып, сілекейін шудадай созып, тілі аузына сыймайды.
Қай ертегіден алынған? (Сырттандар ертегісі)
4. «Шешемнің құрсағында жүрген кезімде, әкемнің әкесінің жылқысын он бес жыл бағыппын»
Қай ертегіден, кімнің көзі? («Қырық өтірік» ертегісі. Тазша бала)
5. «Қаралы хабар айтушының жазасы өлім. Бірақ Жошының қазасын естірткен мен емес едім ғой! Мына қобыз емес пе еді, саған азалы хабарды жеткізген!» Бұл кімнің сөзі? (Кет - Бұға күйші)
6. Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған
Кімнің қай өлеңі? (Ы. Алтынсарин «Өзен» өлеңі)
7. - Тақсыр соны сұрап не қыласыз? Желдің өтінен шықтым, ығына қарай ығып барам: желге ұшам, сайға қонам. Ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі. Осыны сұрата жіберген хан ақымақ па, сұрай келген сен ақымақ па? – деді де қаңбақ ұша жөнелді.
Кімнің сөзі? (Жиренше шешен)
8. Құйды жаңбыр сел боп ақты,
Күн күркіреп шатырлатты.
Күйген жердің кірді жаны,
Шөлдегендер суға қанды,
Ауыл қайта ажарланды,
Тарқады елдің бір құмары
Кімнің қай шығармасынан? (Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі)
9. Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
«Боламын сонау мен де өгіздей» деп,
Жел тартып, ісіп - кеуіп, қарнын керді.
Кімнің қай шығармасынан? (А. Байтұрсынов «Өгіз бен Бақа»
10. Сені көлден айырған
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған
Хан Жәңгірдің екпіні
Кімнің шығармасынан? (М. Өтемісұлы. «Қызғыш құс»)

Ү. «Жолайрық» кезеңінде екі топқа жұмбақ және мақал беріледі. «Бұл не деген жұмбақ?» айдарында екі бағандағы әріптерден жұмбақ құрастырып, шешуін табады.
А Ғ Б Р У,--------- Я Ы І Е Қ
О Ы О Ш Ы ------ Л Ж Қ И Р
Ш Ы Ж Л К ------- ИР О Ы Ө
П З С Й Е --------- Ө І Ө Л Й
Б Л Е Д С --------- І М Й І А
Л А І І Ө Л Й І --- Ғ Н З С Й Е Д

Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (Қалам)

«Мақалды тап» айдарында екі әріп тастай отырып, мақалды табады.
Мектеп кеме, білім теңіз.
ҮІ. «Алтын көмбе» кезеңінде сандықтан бір сұрақ алып оқиды. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атап, айтып береді. Олар: тұрмыс - салт жырлары. Ертегілер, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, батырлар жыры, ғашықтық жырлар, ақындар айтысы т. б.)

Слайдын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Алтын, көмбе
Просмотров: 169 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar