Алтын сақа («Алпамыс батыр» жыры бойынша ойын сабақ) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Алтын сақа («Алпамыс батыр» жыры бойынша ойын сабақ)
24.09.2015, 10:10
Сайыстың тақырыбы: «Алтын сақа» ойыны
(«Алпамыс батыр» жыры бойынша)
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ауыз әдебиеті шығармаларынан оқығандарын еске түсіру. Ойлы сөйлеуге, өнер – білімге шақырып, алғырлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөз мағынасын түсіне білу, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отанды сүюге, Отан алдындағы борышы мен міндетін айқын сезінетін, асқақ арман, биік мұраттарға талпына білетін ұлтжанды ұландар тәрбиелеу.
Сайыстың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау
Пәнаралық байланыс: тарих, халықтық педогогика
Сайыстың көрнекілігі: нақыл сөздер, плакат, батырлар жыры, бүкпелер, қоржын, арба.

Сайыстың өтілу жоспары:
1. Табалдырық
2. Әудемжер
3. Қозыкөш
4. Беласар
5. Жолайрық
6. Алтын көмбе

І. Кіріспе:
«Алпамыс батыр» жыры – қазақтың қаһармандық эпосы, батырлар жырының көне әрі көркем үлгілерінің бірі. Жырдың бүгінгі айтылып жүрген нұсқаларының негізі – патриархалдық – рулық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болған. Кейінгі зерттеулерде жыр оғыздарда, қоңырат тайпасында, екінші жағынан қыпшақтар арасында жырланған. Жырдың тууына түрік қағанаты дәуірінде Алтайдың Оңтүстік беткейін мекендеген тайпалар қатысты деген пікір бар.
Жырда қазақ халқының тұрмыс – күйі, әлеуметтік қарым – қатынасы, әдет – ғұрпы, дүниетанымы айқын бейнеленген. Жырдың негізгі идеясы – халықтың тәуелсіздігі, бейбіт, тыныш өмірі, адамдар арасындағы достық қарым – қатынас, әділет адамгершілік жолындағы күрес. Жыр қазақтан басқа түркі тілдес өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, алтай, тәжік т. б. кездеседі. Жыр тұңғыш рет 1899 жылы Қазанда «Қисса – и – Алфамыш» деген атпен басылды. Жырды халық арасынан жинап, бастыруда, таратуда және насихаттауда Ә. Диваев еңбектерінің маңызы ерекше.
... Әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек. Ел аузындағы тіл дегенімізде нені үлгі, өрнек етіп аламыз? Әрине... жырларды, жоқтауларды, мақалдарды, жұмбақтарды, ертегілерді, өлеңдерді айтамыз. (А. Байтұрсынов)
Бүгінгі біздің ойынымыз әдеби олимпиада түрінде болмақ, ол «Алтын сақа» деп аталады. «Алтын сақа» ойыны 5 кезеңнен тұрады. Оқушылар 4 түрлі күймеге мінеді. (Қызыл, сары, көк, жасыл) Өздері жөнінде мәліметтер береді. Күйменің түсіне қарай 4 асық алынады. Бірінші жауап беру үшін асықтары иіріледі. Қай асық алшысынан тұрса, сол бірінші жауап береді.

1. Алшы 2. Тәйке 3. Шік 4. Бүк
Әр күймеде алты асықтан болады. Жауап бере алмаған немесе асығы алшысынан түспеген оқушы ойыннан шығады және асықтары ханталапайға түсіп, бөлініп беріледі.

1. Табалдырық: (Сұрақ қою оқушылардың арасынан 4 ойыншыны таңдап алу)
Ер үшін төккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Ел үшін жаннан етіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас.

2. Әудем жер: Асықты иіремін, кімнің асығы алшы тұрса, сол бұрын бастайды. Асық иіру арқылы ойыншылар ретін белгілейміз.
(Асық иіріледі. Асық иіру арқылы ойыншылардың 1, 2, 3, 4 жауап беретіндерін таңдап алу);
Әр ойыншы ішінде сұрағы бар түрлі – түсті конверттерді таңдайды.
Сұраққа жауап бере алмаған ойыншы ойыннан шығады немесе асығы бүк түскен ойыншы шығады.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Сұрақтар
1. «Жалғыз ағаң келді!» деп,
Сүйінші сұрап бір адам
Қарлығашқа білдірді.
Қарлығаш сүйіншіге не берді? (Бір түйе, бір ат мінеді)

2. Тайшық ханға жәрдем берген мыстан кемпір қанша жаста еді?

(жасы 300 - ге жеткен, ыстық ішкен, сұйық тышқан, көрінгенмен ұрысқан, қабағы қатып тырысқан, дамбалы бұтына жабысқан, өзін туғаннан құдай атқан, бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар, тізесіне шекпен жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, басы мүйіз, көйлегі киіз бір мыстан кемпір келді)

3. Сен үшін бәрі қиналды,
«Бір ұл бер» деп осыған
Бір жаратқан құданың
Тура өзіне жылады.
Менде тұрдым ішінде...
Жаратушы жалғыз - ақ
Деңгейіне ұнады.
Ұнағанын содан біл
Бір қыз қосып сыйлады.
Сексен сегіз сәруар,
Тоқсан тоғыз мың машайық
Бәрінің көңілін қимады.
Менің атым кім дейді?
(менің атым Шашты Әзиз, Баба түкті Шашты Әзиз)
4. Қаракөзім бір күні,
Келді жетіп ханына
Айтайын деп бір сөзді
Әкесінің алдына.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: («Алпамыс, Алтын, БАТЫР», ойын, Жыры, сабақ), бойынша, сақа
Просмотров: 182 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar