Алтынсың ғой, Анашым! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Алтынсың ғой, Анашым!
24.09.2015, 14:21
Тақырыбы: "Алтынсың ғой, Анашым!"
Мақсаты: 1. Көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты түсінік бере отырып, аналарға, апаларға, қыз - дарға, әжелерге т. б. құрмет көрсете білуге үйрету.
2. Аналарды, қыз балаларды, ұстаздарды, үлкенді сыйлай білуге дағды - ландыру.
3. Сыпайылыққа, әдептілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Шар, нақыл сөздер, слайд, кітап бұрышы.
Ертеңгілік барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе әңгіме: Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемдей гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз құтты болсын!
1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
Аналар – ұлттың тірегі,
Аналар – Отан жүрегі.
Ұрпаққа жетер анамен,
Халықтың ұлы тірегі – дей келе 8 – наурыз аналар мерекесіне байланысты №13 балалар кітапханасымен бірлесе отырып өткізілетін "Алтынсың ғой, Анашым " атты ертеңгілігімізді бастаймыз. (Барлық жұмыстарды слайдпен көрсетіп тұру.) Ертеңгілігімізді ашу үшін №172 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманова Жарқынай апайға сөз береміз.
Рахмет, сізге арнап Нұржаубайұлы Бекарыстың орындауында «Анашым» әні
1 - жүргізуші:
Қуанышы баланың -
Қуанышы ананың.
2 - жүргізуші:
Қуанышы ананың -
Қуанышы баланың.
1 - жүргізуші:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.
2 - жүргізуші:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!

Хор: «Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!»

1. Бекарыс. Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.

2. Мейрамбек. Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;

Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;

Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Бәрі: - Ана

Ана: Орындайтын Қасым Жәдігер
3. Әсел. Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де, -
Ойлап тапқан балалар!

4. Абзал.«Жаным, күнім» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!

5. Жәдігер. Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.

6. Дилназ. Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе, мен де,
Батырларша батылданам.

7. Бағдәулет. Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажымай.

8. Шәмші. «Күнім»,- дейсің мені,
Күн мейірі сенде.
Күннің ыстық лебі,
Құшағыңа тең бе?
Айналайын, ана! (бірге)

9. Жарас.«Жаным»,- дейсің мені,
Жаратушым бір сен.
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең.
Айналайын, ана! (бірге)

10. Элеонора. «Құлыным», - деп мені,
Құрақ ұштың дәйім.
Қамқоршым - ау, сені
Қалай ұмытайын.
Айналайын, ана! (бірге)

11. Ерасыл. Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.

Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов. Орындайтын: Асыл Әсел әжесімен бірге

- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.

1 - жүргізуші:
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі: Анам

2 - жүргізуші:
Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
Бәрі: Анам

1 - жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі: Анам

2 - жүргізуші:
«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Бәрі: Анам

12Ерхан. Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.

Ананың тілі – аяулы үні Сөзі: Ш. Смаханұлы, Әні: Ә. Тінәлиев. Орындайтын Ертуғанқызы Элеонора.

13. Аслан. Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.

14. Арман. Айналайын, анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.

15. Нұрдәулет. Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.
Ана туралы ән Сөзі: Ә. Дүйсенбиевтікі Орындайтын Өміржан Нұрдәулет.

16. Дәурен. Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.

17. Назерке. Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.

Хор: Айналайын ақ мамам!
Сергіту сәті Ортаға төрт ананы шығару. Балаларына жеткенше айналып бару.
«Ана» сөзіне ассоциациялық аймақ құру.
« Ана» қандай? (қасиетіне қарай )
1 - жүргізуші:
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.

2 - жүргізуші:
Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді,- дей отырып 8 - наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Бәрі:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек - ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек - ау!

1 - жүргізуші:
Қуанышы баланың -
Қуанышы ананың.

1 - жүргізуші:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.

Хор: Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!»

1 - жүргізуші:
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі: Анам

1 - жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі: Анам

1 - жүргізуші:
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.

Бәрі:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек - ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек - ау!
2 - жүргізуші:
Қуанышы ананың -
Қуанышы баланың.

2 - жүргізуші:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!

2 - жүргізуші:
Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
Бәрі: Анам
Сахналық көрініс:
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.

2 - жүргізуші:
«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Бәрі: Анам

2 - жүргізуші:
Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді,- дей отырып 8 - наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Бәрі:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек - ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек - ау!

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Анашым!, ғой, Алтынсың
Просмотров: 212 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar