Ана-бәйтерек, сен оның жапырағысың - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ана-бәйтерек, сен оның жапырағысың
24.09.2015, 10:47
Сабақтың тақырыбы: Ана - бәйтерек, сен оның жапырағысың.

Сабақтың мақсаты: Ана еңбегін қадірлей білуге, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Слайдтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Ана - бәйтерек, сен оның жапырағысың.
Мұғалім сөзі:
Бәріде ана, бір өзіңнен басталды,
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәріде ана бір өзіңнен басталды,
Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп.
Жасқандым ба,

Бір өзіңнен жасқандым,- деп тәрбие сағатымды Қадір Мырзалиевтің өлеңімен ашқалы тұрмын.
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын - Ана. Әрқашан, дұрыс таза жүр, адал бол деп тілейтінде – Ана. Ана бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен бірге белсенді қызметкер. Қоғам өміріндегі алатын орны ерекше.
Ана - перзент тәрбиелеуші,
Ана - қызметкер,
Ана - ғалым,
Ана - зейнеткер
Ат биеден туады, алып анадан туады дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушыда, данышпан ғалымда, ел басқарған көсемде, күміс көмей әншіде, мың бұралған биші де анадан туып, көкірегінен нәр алып өскен.
Елін, жерін сүйетін ей адамдар! Алдымен ананы аялаңдар! Ана - алып бәйтерек. Бәйтеректің бауырына топтасып саялаңдар. Құрметтесек ананы құрметтейік деп тәрбие сағатымызды мереке қарсаңында барлық әйел - аналар үшін өткізгелі отырмыз.

3. ОЙ ҚОЗҒАУ
Мұғалім: Наурыз айында қандай атаулы мереке күндері Бар?
8 - наурыз - халықаралық әйелдер күні,
14 - наурыз - амал күні,
22 - наурыз - қазақтың жаңа жыл басы,
23 - наурыз - достық, бейбітшілік және келісім күні,
27 - наурыз - халықаралық театр күні,
30 - наурыз - жерді қорғау күні. Мінекей балалар, наурыз айы мерекеге толы ай екен. Олай болса 8 - наурызды не үшін халықаралық әйелдер күні деп жариялаған?
1 - оқушы: Әрине білемін. 1857 жылы АҚШ - та киім және тігін фабрикасының жұмысшы әйелдері манифестацияға жиналады. Олар он сағаттық жұмыс, жарық, құрғақ жұмыс орындарымен ең бастысы жалақыларының ерлермен бірдей болуын талап етіп, ереуілге шықты.
2 - оқушы: осы оқиғадан кейін 1910 жылы Копенгагенде өткен социалистердің халықаралық конференциясында Клара Цеткина 8 - наурызды халықаралық әйелдер күні ретінде тойлауды ұсынды.
3 - оқушы: 1913 жылы 8 - наурызда Петербургте тұңғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді.
4 - оқушы: 1945жылы 26 - қарашада Парижде тұңғыш рет халықаралық әйелдер конгресі болды. Конгресте әйелдердің халықаралық ұйымы құрылды.. Әйелдер әлемдегі бейбітшілік үшін айбынды үн көтерді. Ана - бейбітшілік. Екеуі егіз ұғым.
Хор: Ана туралы жыр.
Мұғалім: Дүниедегі ең асыл жан кім? - Ана
Қызығыңды да, бұзығыңды да көтеретін кім? - Ана
Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? - Ана
Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап демеу беретін кім? - Ана
Үйдегі алтын қазық кім? - Ана
Аналарыңның бақытты болғанын қалайсыңдар ма? - Я
Олай болса, аналарың бақытты болу үшін не істеу керек білесіңдер ме?

5 - оқушы: Ия, оны кез келген адам біледі. Анаңды сүйгендігіңнің бірінші белгісі - өзіңді сақтап, аман – есен сау жүргенің. Анадай аяулы жан болмайды. Оның жарты жаны әрқашан баласымен бірге, жолға шықсаң, долыңа қарап, сен келгенше мазасызданып, дегбірсізденетін жан ғой.

6 - оқушы: Ал, менің сенің сөздеріңе қосатыным тағы бар. Анаңды сыйласаң мынаны есте сақта. Ауырмауға тырыс, ауру туғызатын нәрселерден қашық бол. Суықтан, артық тамақтан, ақылсыз, санасыз құрбылардан, сатып кетер достан, дүниеқоңыздықтан, жаман әдеттен. Сабағыңды жақсы оқы, үлкендерді сыйла, тәртіпті болу сияқты жақсы істердің қасынан табылып жүрсең, ата - анаға содан басқа бақыт керек емес деп ойлаймын.

7 - оқушы:
Анам менің жасыл бағым жайнаған,
Біз бағында асыр салып ойнаған.
Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің,
Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған

8 - оқушы:
Ана деген адам заттың данасы,
Ана деген – сәбилердің панасы.
Ана деген - қайнар ыстық бұлағың
Ана деген - өмірдегі қамқорың.
Ана деген - сүйенерің жан құрбың.
9 - оқушы:
Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
Әлемде сен болмасаң осылайша,
Туар ма еді жүрегімде биік мақсат ізгі арман.

10 - оқушы:
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп қалай түн қаттың.
Өміріме нәр береді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүлбақтың.

11 - оқушы:
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.

12 - оқушы:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Ән: «Анаға сәлем»
Орындайтындар: Айдос, Ринат, Құрманғазы
Мұғалім: Әйел адамның есімі көне заманнан бері құрметпен беделге ие болып келеді. Қазір әйелдер шын мәнінде ер адамдармен тең құқылы. Ия, бүгін мақтасақ барлығын жеңетін тіршіліктің бұлағы, әйел ананы мақтайық. Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Баян, Тарихтағы Домалақ ана, Айша бибі, Абайды туған Ұлжан, Ел билеген Айғаным, Қол бастаған Бопай, ел қорғаған Гәуһар ана бәр-бәрі бір ғана атқа ие. Ол Ана, ендеше сол аналарды мақтайық.
4. Бұл кім? (Слайдтан суреттер көрсетіледі, кім екенін айту керек)
1. Хиуаз Доспанова - Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасып, аты аңызға айналған, қазақтың тұңғыш әскери ұшқыш, офицер қызы.
2. Бибігүл Төлегенова – Әнші, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері.
3. Дина Нұрпейісова - Құрманғазының шәкірті, қазақтың көрнекті күйші композиторы
4. Әлия мен Мәншүк - Қазақтың батыр қыздары.
5. Күләш Бәйсейтова - 24 жасында КСРО халық әртісі атағын алған, қазақтың бұлбұлы атанған әнші.
6. Айман Мұсақожаева - әлем әртісі атағын алған, қазақтың халық әртісі, скрипкашы.
7. Фариза Оңғарсынова - ҚР. Білім беру ісінің үздігі, ҚР. мемлекет сыйлығының лауреаты, халық жазушысы.
8. Сара Назарбаева - ҚР. «Бөбек»балалар қайырымдылық қорының президенті.
9. Әмина Өмірзақова - Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр өнерінің жарық жұлдызы.
10. Ләззат Асанова - 1986 ж. желтоқсан оқиғасының 20 жасар құрбаны.
11. Злиха Ақшауова - мектебіміздің директоры.

5. Көрініс.
Бұл көріністе ана туралы барлық шындық айтылмақшы. Жерді қанға тұншықтырған Темірдің, сол аналардың алдында бас иіп кішірейгені айтылмақшы. Тәңір құлы Темірді жібіткен ана екен. Ендеше сол аналар алдында бас иелік.
13 - оқушы:
Не деген құдірет едіңіздер, аналарым,
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар едім ана деген тәңірге.
Ананы да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген,
Ниетің қабыл болсын аналарым.
Өркендеп өсе берсін балаларың,
Барша ана құтты болсын мерекеңіз!

6. Мақал - мәтел айту.
1. Ата - ананың қадірін,
Балалы болғанда білерсің.
2. Атасыз үй батасыз,
Анасыз үй панасыз.
3. Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың.
5. Анасын сүйгеннің баласын сүй.
6. Алып анадан туады. т. б.
7. Жұмбақ кейіпкер
Мұғалім: Қазір балалар жұмбақ кейіпкерімізбен болған жағдайды тыңдап көріп, ойымызды ортаға салайық. (Анасының тілін алмаған баласының, кейіннен опық жеуі туралы).
8. Аналарының портретін салу. ( оқушы өзінің анасын гүлге, құсқа т. б. теңеп салады) Оқушылар салған портреті туралы айтып, аналарына табыстайды.

9. Қорытындылау.
Мұғалім: Ал мен бәріміздің аналарымызды бәйтерекке теңер едім, ал сендерді сол бәйтеректің жапырақтарына теңер едім. Аналарымыз аман болсын!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: оның, Ана-бәйтерек, Сен, жапырағысың
Просмотров: 170 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar